2026 жылдан бастап есту қабілеті бұзылған балалар аппараттармен тегін қамтылады
Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Биыл «Қамқорлық» жобасы аясында Атырау, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жетісу және Ақмола облыстарында 6 жаңа ауданаралық оңалту орталығы ашылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балалар денсаулығына бағытталған жаңа бағдарламалар жүйелі түрде дамып жатыр. 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленді.
— «Сырлы дыбыс» жобасына сәйкес 2026 жылдан бастап I–III дәрежелі есту қабілеті бұзылған балалар сүйек өткізгіштік операцияларынан кейін есту аппараттарымен және аудиопроцессорлармен жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіледі. Ал «Ажарлы келбет» жобасы бойынша МӘМС жүйесінде бет пен бастың туа біткен анатомиялық ерекшеліктері бар балаларға реконструктивтік және пластикалық операциялар енгізілді, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын 3 жасар қыздың өлімінен кейін 622 стоматологиялық клиника тексеріліп жатқанын жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:26
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 18:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















