Алматыда LRT ның бірінші желісінің рельстерін төсеу басталды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматыда Бауыржан Момышұлы көшесінде LRT бірінші желісі құрылысының жаңа кезеңі - темірбетон шпалдар мен рельс төсеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жұмыс учаскелерде кезең-кезеңімен қолға алынған.
Бауыржан Момышұлы көшесіндегі учаскенің ұзындығы - 4,4 шақырым. Қос жолды желі салу аясында 14 784 темірбетон шпал мен 1 408 рельс төселеді.
Фото: Алматы әкімдігі
Сонымен қатар, жобаның бірінші кезеңіне кіретін басқа учаскелерде, соның ішінде Төле би көшесінде де жұмыстар жалғасып жатыр.
Айта кетейік, LRT бірінші желісінің алғашқы кезеңі Алатау ауданындағы индустриялық аймақта орналасқан деподан басталып, Бауыржан Момышұлы көшесімен, одан әрі Төле би көшесі және Абылай хан даңғылы арқылы "Алматы-2" теміржол вокзалына дейін созылады.
Бірінші кезектің соңғы нүктесі ретінде "Райымбек батыр" көлік ауыстырып міну торабы қарастырылған. LRT бірінші желісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:32
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қыркүйек 2026 09:03 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















