Алматыдағы 3 ЖЭО құрылысы 9 айға кешігіп жатыр: не болды
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматыдағы 3-ЖЭО құрылысы жоспардан 8-9 айға кешігіп жатыр. Бұған ескі нысандарды бұзғаннан кейін жер астынан су шығуы және ірі қосалқы станцияны көшіру қажет екені себеп болған. Бұл туралы "Самұрық-Энерго" басқарма төрағасы Аңсар Айдаров Үкімет дәлізінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айдаровтың айтуынша, құрылыс кезінде 4-12 метр тереңдіктен жерасты суы анықталған. Бұған дейін аумақты толық зерттеу мүмкін болмаған, өйткені ол жерде ескі нысандар тұрған.
Өңірдің сейсмикалық белсенділігі жоғары болғандықтан, жобалаушылар арнайы техникалық талаптар әзірлеп, іргетасқа арналған қадаларды сынақтан өткізуге мәжбүр болған. Іргетас құю жұмыстары осы сынақтар аяқталғаннан кейін ғана басталған.
"Мерзімі кейінге шегерілуіне бірінші себеп - осы. Соның салдарынан құрылыс шамамен 8-9 айға кешікті. Болашақта ешқандай мәселе туындамайтындай сенімді станция салуымыз керек", – деді "Самұрық-Энерго" басшысы.
Екінші себеп - 3-ЖЭО аумағындағы жүйеаралық қосалқы станция. Ол арқылы электр энергиясы Қырғызстан мен Алматыға транзитпен жеткізіледі. Құрылыс аясында қосалқы станцияны бұзып, электр желілерін жаңа нысанға көшіру қажет. Аңсар Айдаровтың айтуынша, мұндай жұмыстарды электр энергиясын тұтыну азаятын маусымаралық кезеңде ғана жүргізуге болады. Алайда геологиялық жұмыстар кешігуіне байланысты қолайлы уақыт өтіп кеткен.
"Қазір KEGOC және Энергетика министрлігімен бірлесіп, бұл жұмыстарды қыста жүргізудің жоспарын әзірлеп жатырмыз. Ең бастысы, жұмыстар Алматыға ешқандай әсер етпеуі керек. Ол жерде алты желі бар", – деді басқарма төрағасы.
Айдаров жабдықтар жеткізілгенін және электрмен қамтамасыз етуде іркіліс болмауға тиіс екенін айтты.
ЖЭО құрылысы созылып кеттіҚаңтарда энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 3-ЖЭО құрылысы кешігуіне бас мердігердің жұмысты дұрыс ұйымдастырмауы басты себеп болғанын айтқан еді. Сол кезде жоба Энергетика министрлігінің ерекше бақылауына алынып, құрылыс барысы туралы апта сайын есеп беру тәртібі енгізілді.
Кейін Ақкенженов жылу электр орталығының құрылысын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланғанын хабарлады. Сондай-ақ, Үкімет "Самұрық-Энерго" компаниясының бұрынғы басшысы Қайрат Мақсұтовқа жобаларды жүзеге асыру мерзіміне байланысты бірнеше рет ескерту жасалғанын мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















