Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Ақмола облысындағы мектептерде үйірмелер көбейіп келеді

Ақмола облысындағы мектептерде үйірмелер көбейіп келеді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ақмола облысындағы мектептерде 6 мыңнан астам қосымша білім беру үйірмесі жұмыс істейді.

Оның ішінде шығармашылық және спорт бағытынан бөлек, инженерия, компьютерлік графика, бағдарлау секілді үйірмелер де бар. Ал биылдан бастап ақмолалық оқушылар ұшақ үлгілерінің 3D моделін жасауды да қолға алған.

Көкшетаудағы техникалық мектеп-лицейіндегі авиүлгілеу үйірмесіне сұраныс жоғары. Қазір мұнда 20-ға жуық бала тәлім алады. Олар екі айдың ішінде 10-ға жуық ұшақ үлгісін жинақтаған.

Эдуард Червинский, оқушы:

- Мен кішкентай кезімнен бағдарламалау жүйесіне жақын болғандықтан, бұл үйірме мені қатты қызықтырды. Біз мұнда 3D модельдеу арқылы түрлі ұшақтарды жинаймыз. Оларды ұшырып көреміз. Болашақта мамандығымды осы саламен байланыстырғым келеді.

Қазір білім ошағында 23 үйірме жұмыс істейді. Оған 700-ге жуық бала қатысады. Әсіресе ұлттық өнерді жаңғыртуға мән берілген. Оқушылар спорт, музыка мен қолөнердің түр-түрін меңгереді. Ал робототехника үйірмесінде балғындар жасанды интеллектіні қолданып жүр.

Тамерлан Оралбек, оқушы:

- Ең бірінші біз жасанды интеллект арқылы идеяны табамыз. Идея тапқасын біз өз қолымызбен роботтарды құрастырамыз. Роботты құрастырғаннан кейін біз арнайы код жазамыз. Онда да  жасанды интеллектінің көмегіне жүгінеміз. Ол арқылы өз уақытымызды қысқарта аламыз.

Тілеген Амангелді, мектеп директоры:

- Тек қана білім, оқу дей бермей, олар өздерінің сүйікті ісі, хоббиімен айналысу керек. Сондықтан біздің мектептің қабырғасында қосымша білім беретін үйірмелер өте көп. Балалар онда демалады ғой. Онда жұмыс істемейді, онда өзінің қызыққан жақсы көрген үйірмесіне келіп, шаршауын басып кетеді деуге болады.

Бұдан бөлек, облыста қосымша білім беретін 47 ұйымы бар. Нәтижесінде өңірде 21 мың балаға бос уақытында шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік жасалған.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 21:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары