Атырауда табиғатты бүлдірген компанияға 26,5 млн теңге айыппұлы салынды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Атырау облысында «Karabatan Utility Solutions» ЖШС экологиялық рұқсатсыз ағынды суды төккен. Соның салдарынан жер ластанған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің ақпаратына қарағанда, облыстық экология департаменті аталған компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізді.
«Департамент тексеруден кейін қоршаған орта компоненттерін қалпына келтіру шараларын жүргізу туралы бұйрық шығарды. Ал серіктестікке экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 26,5 миллион теңге айыппұл салынды. Айыппұл толық көлемде өндірілді», деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Компания қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеп, бекітті. Қазір қалпына келтіру жұмысы аяқталған.
«Ластанған учаске тазартылды. Қоршаған орта компоненттері қалпына келтірілді. Бұл сәйкестік туралы есептермен расталды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаны қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға келтірілген залалды жою бойынша тиімді шараларды қабылдауды жүйелі жалғастырады», деп мәлімдеді комитеттен.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:94
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 15:15 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















