Бас шаһардан Бурабайға шағын ұшақтар ұшуы мүмкін
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, бұған дейін Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың Астана-Бурабай әуе қатынасын ашу мүмкіндігі туралы айтқан сөзіне түсініктеме берді. Әңгіме шағын әуе кемелері жөнінде болды, деп жазады Egemen.kz.
Фото: durujet.com
Вице-министрдің айтуынша, аталған облысқа қатысты мұндай мәлімдеме болған, ол оны баспасөзден көрген.
Келешекте Астана мен Бурабай арасында тапсырыспен орындалатын чартерлік бағыттар ашылып қалуы ғажап емес.
«Бұл жолаушылардың жылдам әрі қолайлы жетуіне мүмкіндік береді. Жалпы мұндай мүмкіншілік бар. Институционалдық тұрғыдан алғанда ешқандай кедергі жоқ. Әуе кемелерінің паркі кеңейіп келеді. Сондықтан мұндай маршруттар ашылуы әбден мүмкін деп ойлаймын», деді Т.Ластаев.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:60
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 18:02 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















