Бүгіннен бастап баланы мектепке киіндіру үшін 50 мың теңгеден беріледі
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Қазақстанда Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға қаржылай көмек көрсетіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
2026-2027 оқу жылы қарсаңында бұл қолдаумен 450 мыңға жуық оқушы қамтылады. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден 23 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Биылғы жылы бір балаға берілетін көмектің ең төменгі мөлшері – 50 851 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Жергілікті бюджет мүмкіндігіне қарай кейбір өңірлерде төлем көлемі бұдан да көп болуы мүмкін.
Қаржылай көмек жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларға беріледі.
Төлемді алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер қажетті құжаттарды бала оқитын білім беру ұйымына тапсыруға тиіс.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:39
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 10:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















