Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

Есіңді жи! Көз жасы жібермейді... : Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатовтың оқиғасына өкініш білдірді

Есіңді жи! Көз жасы жібермейді... : Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатовтың оқиғасына өкініш білдірді

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Әнші Қарақат Әбілдина қоғамда талқыға түскен тақырыпта сөз қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желіде жазба жариялап, отбасы құндылығы жайлы пікір білдірді. Сонымен қатар өзі жақсы араласқан Тұрсынбек Қабатовтың отбасын сақтай алмағанына өкініш білдірді. Әнші бақыт біреудің көз жасынан, обалынан құралмайтынын айтып, жас қыздарға ескерту жасады.

"Неше күн бойы жұрттың бәрі жарыса жазып жатқан подкастты мен де алғашқылардың бірі болып көрдім. Мөлдірдің жан сырын тыңдап, жылап та алдым. Жақсы танитын, төрінде отырып, құрметін көрген, бақытты сәттерінің куәсі болған отбасының шаңырағы шайқалғаны оңай тимей тұр.

Бірінші күні эмоцияға беріліп пост жазбағаным да содан. Бірін даттап, бірін ақтау емес менің мақсатым. Екеуін де жақсы көретін жандар ретінде, мәселенің басы шығып, ел дүрліге бастағанда бір көйлек ерте тоздырған апайы әрі жанашыры ретінде “ақылға келіңдер” деп тоқтау айтқаным бар. Танымал адамдар болған соң, халықтың қырағы көзі бәрін байқайды. Бірақ осыншалықты ушығып кетеді деп ойламаған едік.

Бұндай жағдай қоғамда жиі кездеседі. Сонда деймін, біреудің айрандай ұйып отырған отбасын ойран ететін қатындар не ойлайды екен?! Басқаның бақытын ұрлап, өзі бақытты болам деу нағыз адасқандық! Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді. Сен кездесіп жүрген, «сүйем», «сағындым» дейтін еркек біреудің өмірлік жары, бір үйдің тірегі, бір баланың асқар тау әкесі.

Сол бақытты тартып алып, не күтесің? Бақыт па? Жоқ! Бақыт ешқашан біреудің көз жасынан, қарғысынан, обалынан құралмайды! Нағыз бақыт адал жолмен, армен, ұятпен, сауаппен келеді! Есіңді жи! Көз жасы жібермейді Есіңді жи! Көз жасы жібермейді, Алланың қаһарына ұшырап қалма, біреудің отын өшірем деп, өзіңнің де шырағыңды сөндіріп алма!

Көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен әйелінің қадіріне жете алмай жүрген ер адамдарға да айтатын сөз бар: Сіздің абыройыңыз үшін жастық шағын, бүкіл өмірін сарп еткен, ыстығына да, суығына да көнген, ұясын қызғыштай қорғап, отбасын сақтап қалу үшін соңына дейін баратын әйелдеріңізді құрметтеп, бағалаңыздар!

Өмірде түрлі жағдай болады. Кім қателеспейді, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ дейді. Ойлануға уақыт керек шығар. Құдай қаласа осы ауыр сынақтан да аман-есен шығып, отбасының сол байырғы әдемі күйге келетінінен үміт үзбейік. Тілектеспіз.

Көпке үлгі отбасының бірі еді, бәлкім, тіл-көз тиген шығар. Сондықтан да ушықтырудың, оны одан сайын үдетіп қайта-қайта жазудың еш қажеті жоқ.

Біз - текті елдің ұрпағымыз. Отбасы біз үшін киелі ұғым. Алланың атымен құрылған ақ некені бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Ешкімді түзу жолдан адастырмасын", - деп жазды ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 21:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

06 Тамыз 2026 16:56see169

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

06 Тамыз 2026 18:47see122

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

06 Тамыз 2026 15:01see121

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

06 Тамыз 2026 19:10see118

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

06 Тамыз 2026 11:01see116

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

06 Тамыз 2026 20:22see114

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

06 Тамыз 2026 11:01see114

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

06 Тамыз 2026 23:47see113

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

07 Тамыз 2026 14:23see112

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

06 Тамыз 2026 21:05see112

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

07 Тамыз 2026 13:10see111

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

06 Тамыз 2026 11:40see111

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

06 Тамыз 2026 15:25see110

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

06 Тамыз 2026 16:39see110

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

07 Тамыз 2026 13:18see109

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

06 Тамыз 2026 14:07see109

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

06 Тамыз 2026 16:26see109

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

07 Тамыз 2026 17:00see108

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

06 Тамыз 2026 21:11see108

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

07 Тамыз 2026 23:25see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары