Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Facebook жазбаларында заңдардың орындалуын жасанды интеллект тексереді

Facebook жазбаларында заңдардың орындалуын жасанды интеллект тексереді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Aikyn.kz кең көлемді қайта құрылымдау Meta-ға неліктен керек болғанын CNBC-дің материалына сүйеніп талдайды.

Компаниядағы қысқартулар Meta-дағы кең көлемді қайта құрылымдаумен тұспа-тұс келіп отыр. Сәрсенбі күні (22 қазан) компанияның жасанды интеллект бөлімшесі – Superintelligence Labs-та жұмыс істейтін 600 қызметкер жұмыстан шығарылды.

Meta өкілі бұл шешімді былай түсіндіреді: «Біз өз бағдарламамыздың жетілу деңгейін көрсетіп әрі инновацияларды жылдам енгізу үшін ұйымдық өзгерістерді тұрақты түрде жүргіземіз. Бірақ сәйкестік стандарттарының жоғары деңгейін сақтаймыз».

Meta-ның құпиялылық және сәйкестік мәселелері бойынша директоры Мишель Протти тәуекелдерді басқару бөлімі қызметкерлеріне қысқартулар туралы хабарлаған. 

Meta-ның тәуекелдерді басқару бөлімі компания өнімдері мен функцияларына байланысты түрлі тәуекелдерді бағалаумен, құжаттаумен және компанияның жаһандық реттеуші органдар талаптарын орындауымен айналысады. Бұл бөлім Facebook компаниясы АҚШ-тың Федералдық сауда комиссиясы (FTC) тарапынан 5 миллиард доллар айыппұл төлеп, деректер құпиялылығын қатаң сақтауға міндеттелгеннен кейін құрылған.

Федералдық сауда комиссиясы (FTC) тұтынушыларды қорғайтын және монополияға қарсы заңдарды орындайтын АҚШ-тың тәуелсіз мемлекеттік мекемесі. Ол жалған, алдамшы және әділетсіз бизнес жүргізудің алдын алып, тұтынушылардың шағымдарын тергейді.

Superintelligence Labs-тағы қысқартулар Meta-ның негізгі ЖИ-зерттеу орталығы – TBD Labs-қа әсер етпеді.

Meta өкілінің пікірінше: «Біз тәуекелдерді басқару және сәйкестік жүйелері арқылы саланың ең күрделі бағдарламаларының бірін құрдық. Ол бізге өнімдеріміз бен функцияларымызды бағалауға көмектеседі. Біз инновацияны жеделдету үшін команда құрылымын үнемі жетілдіріп отырамыз».

2019 жылы компания FTC-пен Cambridge Analytica деректер құпиялылығы дауына байланысты келісімге келген соң, Мишель Протти Meta-ның құпиялылық бағдарламасын басқаруға тағайындалған болатын.

Meta соңғы жылдары тәуекелдерді басқаруды оңтайландыру үшін жасанды интеллект технологияларын енгізіп келеді. Компанияның айтуынша, қазіргі жүйе күрделі генеративті жасанды интеллектке емес, базалық автоматтандыру үдерістеріне сүйенеді.

Meta-ның саясат жөніндегі вице-президенті Роб Шерман маусым айында LinkedIn-де жазғандай: «Біз белгілі бір өнімге қандай заңдық және саяси талаптар қолданылатынын автоматты түрде анықтайтын құрал әзірледік».

Шерманның сөзіне қарағанда, ЖИ тәуекелдерді бағалау жөнінде шешім қабылдамайды. Бірақ ережелерді автоматты түрде қолдану – шешім қабылдау уақытын қысқартып, адами қателіктерді азайтады.

Жасанды интеллект мистер Бинге қалай көмектесер еді?

Жасанды интеллекті кадрларды қысқартуға қолдану үрдісі басқа компанияларда да байқалады. JPMorgan Chase және Goldman Sachs сынды ірі банктер жасанды интеллект арқылы тиімділікті арттыруға басымдық беріп, жаңа қызметкерлерді жалдауды баяулатып жатыр. JPMorgan-нің қаржы директоры Джереми Барнумның айтуынша, ЖИ енгізілуіне байланысты банкте жаңа қызметкерлерді қабылдау шектелген.

Salesforce бас директоры Марк Бениофф қыркүйек айында: «ЖИ мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты, біз тұтынушыларды қолдау қызметіндегі 4000 қызметкерді қысқартамыз. Agentforce бағдарламасының тиімділігі бұны мүмкін етті», – деп мәлімдеген.

Meta енді Facebook жазбаларында заңдар мен құпиялылық талаптарының орындалуын тексеру үшін жасанды интеллекті енгізіп, қызметкерлерді қысқарта бастады. Бұл өзгерістер шығынды азайтып, тиімділікті арттыруды көздейді. Жасанды интеллект шешім қабылдамайды, бірақ процестерді автоматтандыру арқылы адам қателігін азайтып, жұмысты жылдамдатады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қазан 2025 13:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары