Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Израильге қысым күшейді

Израильге қысым күшейді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Израильдің саяси сахнадағы рөліне нұқсан келтіретін тағы бір дерек әшкере болды. Былтыр әлеуметтік желіде ЦАХАЛ әскерінің түрмедегі палестиналық тұтқындарға күш көрсеткені туралы бейнежазба тараған еді. Содан кейін ұзақ тергеу жүргізіліп, кеше Израильдің бұрынғы бас әскери прокуроры, запастағы генерал-майор Ифат Томер-Йерушальми қамалды. 

Ол бейнежазбаның таралуына қатысы барын мойындаған. Бұл жағдай ел ішінде дүрбелең туғызды, әлемнің де назарын аударды.  

Израильге қысым күшейгенімен оған Изарильдің қайтарар жауабы да ұстанымы да өзгерген жоқ. Десе де халықаралық құқық тапталып, Израильді даттаушылардың қарасы көбейіп барады. 

Израиль түрмесінде болған оқиға Израильдің тұтас мемлекет ретіндегі абыройына нұқсан келтірері сөзсіз. Оны Биньямин Нетаньяхудың өзі жоққа шығармайды. Алайда бұл кінәні мойындаудан гөрі ақталуға жақын секілді. Өйткені оқиға кезінде зардап шеккен екінші бір елдің азаматтары. Халықаралық құқыққа сәйкес, адам құқығын таптау - ауыр қылмыс. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәліметіне сүйенсек, қазір Израиль түрмелерінде 10 мыңнан астам палестиналық тұтқын отыр. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- Сде-тейман түрмесінде болған оқиға Израильге, ЦАХАЛ әскеріне жағылған қара күйе іспетті. Мұндай жағдай бұрын-соңды болған емес. Енді бұл әрекеттер мәжбүрлі түрде не қасақана жасалғаны жөнінде нақты дәлелденуі үшін жан-жақты тергеуді талап етеді.

Соғыстың да өз тәртібі бар. Бұл 1949 жылы қабылданған Женева конфенциясының негізгі ұстанымдарының бірі. Қолына қару алған сарбаздың міндеті әскери мандатын оңды-солды пайдаланып, бейбіт тұрғындарға, әсіресе балаларға, гуманитарлық қызметкерлерге, БАҚ өкілдеріне күш көрсетуге қақы жоқ. Адам құқықтары жөніндегі құжатта тізіліп жазылған темірдей тәртіп бар. Ол қақтығыс алаңындағы әр сарбаз үшін, оған пәрмен беретін соғысқа қатысушы әр тарап үшін білуге тиіс заңдылықтар. Оның сақталмауы ауыр қылмыс.  

АҚШ Израильді айыптады 

Израильге сырттан тағылған айып пен сын да шек жоқ. Басты одақтасы АҚШ-тың өзі таяуда Газа секторындағы әрекеттерге қатысты, Израильді адам құқықтарын таптады деп айыптады. Бұл АҚШ мемлекеттік департаментінің құпия құжатында жарияланған. Бұл жөнінде алдымен Washington Post хабарлады. Басылым дерегіне сүйенсек, АҚШ билігі Изарильді «Лихи» заңдарына қарама-қайшы жүздеген қылмыс жасады дейді. Бұл заңға сәйкес АҚШ шетелдік қақтығыстардағы адам құқығына нұқсан келтірген тарапқа әскери көмек көрсете алмайды. Мұндай мәлемдеме АҚШ тарапынан, қақтығыс басталғалы бері құпия болса да, алғаш рет жасалып отыр. 

Израильге қысым күшейді 

Жалпы осыған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы, Газа секторында геноцид өршіп, аштық жайлағанын ресми түрде растады. Ал Еуроодақ Израильге қарсы санкция салуға шақырды. Десе де бұған пысқырып жатқан Израиль жоқ. Әскери операция бейбіт келісімге қарамастан әлі де жалғасып жатыр. Бұл әрекетті мұсылман елдері назардан тыс қалдырмай ашық талқылап, қажет болған жағдайда күш жіберуге даяр екенін айтты. Мәлімдеме Түркия, Біріккен Араб әмірліктері, Индонезия, Қатар, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Иордания тарапынан мақұлданды. 

Хакан Фидан, Түркия сыртқы істер министрі:

- Газа секторында геноцидтің қайта басталғанын қаламаймыз. Бұл пікірді бүгінгі кездесуге қатысушы елдер де костайды. Мысырда жасалған бейбіт келісімге Түркия президентінің де бақылаушы екені баршаңызға мәлім. Сондықтан, бейбітшілік жөніндегі ұстанымды берік ұстау үшін, қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 10:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары