Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Оңтүстік Кореяда Д. Трамп пен Си Цзиньпин кездесуіне дайындық басталды

Оңтүстік Кореяда Д. Трамп пен Си Цзиньпин кездесуіне дайындық басталды

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Оңтүстік Кореяның Кёнджу қаласында күзет күшейтілді.

Қазір мұнда АҚШ Президенті ресми сапармен жүр. Дональд Трамп Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз өткізу үшін  барды. АҚШ пен Қытай басшыларының  кездесуі ертең Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық ұйымының  саммиті аясында өтеді.

Кёнджуда шамамен 250 мың адам тұрады. Сондықтан саммиттің  қауіпсіздігін тек қала тұрғындарының күшімен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сол себепті елдің басқа өңірлерінен  тұрғындар тартылды. Қалада күн сайын 19 мыңнан астам полиция қызметкері, арнайы жасақ пен әскерилер қоғамдық тәртіпті күзетуде. Ал волонтер ретінде  студенттер мен үй шаруасындағы адамдар жұмыс істеп жүр.

Пак Мин Чжон, волонтёр:

- АТЭС саммиті қаламызды әлемге танытудың тамаша мүмкіндігі. Кёнджудың мәдени мұрасы бай, сондықтан саммит қонақтары соны тамашалай алады деп үміттенемін. Мен үй шаруасындағы әйелмін, бірақ ағылшын тілін білетіндіктен волонтёр болдым. Шетелдік қонақтарға керекті жеріне жетуге көмектесемін.

Пак Ра Он, волонтёр:

- Мен Сеул университетінде оқимын. Саммит кезінде көлік қатынасына жауаптымын. Жұмысқа  қабылдау туралы хабарландыруды көріп, өтініш бердім. АТЭС саммиті сияқты маңызды шараға қатысып отырғаныма мақтанамын.

Дональд Трамп бүгін Кёнджу қаласына келді. Ол америкалық компанияға тиесілі қонақүйде қонады. Ал Си Цзиньпин мінген ұшақ ертең келмек. Қытай Халық Республикасының төрағасы 528 жылы салынған Пульгукса буддалық ғибадатханасының жанындағы «Колон» қонақүйіне жайғасады. Осы нысандарға жақын көшелерде арнайы жасақ көліктері тәулік бойы кезекшілік атқарып жүр.

Бүгін Кёнджу қаласындағы ерекше қорғауға алынған орын - Дональд Трамп тоқтаған «Хилтон» қонақ үйі болды. Ол жерге кіргендердің барлығы әуежайдағыдай қатаң тексеруден өтті. Ал қонақүйге көршілес ғимараттардағы адамдарға шатырға шығуға тыйым салынды.

Саммит қарсаңындағы қарбалас Кёнджу тұрғындары үшін біршама қолайсыздық тудырды.  Оларға қаланың тарихи бөлігіне өтуге тыйым салынғандықтан, көшелерде  кептеліс көбейді. Ал дәмхана мен мейрамхана иелері, керісінше, жоғары деңгейдегі кездесулерге қуанышты - келушілер саны бірнеше есе артқан. Мысалы, мына  мейрамханаға туристердің тікелей келуіне  жасанды интеллект негізіндегі онлайн-аудармашы мен «Кальмар ойыны» сериалында көрсетілген тәттілер түрткі болыпты.

Хо Ён Джа, мейрамхана директоры:

- Бұрын күніне шамамен жүз адам келетін, қазір мыңға жуық. Барлығына қызмет көрсетіп үлгере алмай жатырмыз. Танымал болуымыздың себебі – интерьеріміз әдемі және кимчи салатымыз дәмді.

Ли Чан Хи, мейрамхана иесі:

- Ең алдымен еліміздің қазіргі жаһандық экономикалық қиындықтарды еңсергенін қалаймын. АҚШ-пен сауда-саттық және жалпы әлемдік экспорт арқылы экономикамыз қайта жанданса жақсы болар еді.

АҚШ пен Қытай саммиті қарсаңында Кёнджуда заңсыз мигранттарды анықтау жұмысы жүргізілді. Осы айда құжатсыз жүрген 20-дан астам адам елден шығарылды. Қала мен көршілес елді мекендердегі барлық қонақүйлерге  шетелдік меймандар  туралы міндетті түрде хабарлау тапсырылған. Бұл талапты бұзғандарға 348 АҚШ долларына дейін айыппұл салынады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 23:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары