Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қазақстанда туу көрсеткішінің неге төмендеп бара жатқаны белгілі болды

Қазақстанда туу көрсеткішінің неге төмендеп бара жатқаны белгілі болды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда Аналар күні ресми түрде мамыр айының екінші жексенбісінде атап өтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуіне сүйене отырып.

Бұл мереке ананың қоғамдағы ерекше маңызын, оның отбасындағы рөлін және бала тәрбиесіндегі орнын айқындай түседі. Аталған күн аналарға алғыс білдіріп қана қоймай, олардың отбасы, қоғам және мемлекет дамуына қосқан үлесіне назар аудару үшін де жақсы мүмкіндік саналады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ерте балалық шақтың баланың дамуы үшін аса маңызды кезең екенін атап өтеді. Сол себепті ана болуды жеке отбасылық рөл ретінде ғана емес, баланың ерте дамуына, сапалы күтіміне және оның жан тыныштығына тікелей ықпал ететін фактор ретінде де қарастыру маңызды. ҚҚДИ мәліметтеріне сәйкес, балалармен тұрақты түрде бірге болатындардың басым бөлігі – әйелдер - 44,5%, ал ерлердің үлесі - 25,6%. Осыдан отбасылық күнделікті өмірде баланы тұрақты күтіп, оған серік болатын және эмоциялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі тұлға ретінде ананың рөлі басым екені байқалады.

Аналардың тек отбасылық қана емес, демографиялық маңызы да зор. Ол халық санының өсуінің аса маңызды негізін құрайды және елдің болашағына ықпалы зор. Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, Қазақстанда әйелдердің ана болуды кейінге қалдырудың тұрақты үрдісі байқалып отыр: 2000–2025 жылдар аралығында ана болудың орташа жасы 26-дан 29-ға дейін өсті. 2025 жылы бірінші баланы туу кезіндегі орташа жас 25,3-ті құрады. Сонымен қатар, соңғы жылдары жалпы туу коэффициенті төмендеп келеді: 2020 жылы 1 000 адамға шаққанда 22,75 болса, 2025 жылы 16,43-ке дейін азайды.

Осыған байланысты ана болу және репродуктивтік денсаулық мәселелері назар аударуды қажет етеді, өйткені ананың денсаулығы баланың денсаулығына тікелей әсер етеді. Ана мен баланы қорғау саласындағы мемлекеттік саясат халық тарапынан қандай бағаға ие болатыны да маңызды. 2024 жылғы зерттеу деректері бойынша, сауалнамаға қатысқандардың 57,5%-ы бұл саладағы мемлекеттік саясатты едәуір тиімді деп санайтындарын, тағы 17,3%-ы толығымен тиімді деп бағалайтындарын айтқан. Ал 21,0%-ы оны тиімсіздеу, 5,5%-ы толығымен тиімсіз деп санайды.

Талдау кезінде қала мен ауыл арасындағы айқын айырмашылық та байқалды. Ауылдықтар мемлекеттік саясатқа қала тұрғындарына қарағанда жоғары баға береді: ауыл тұрғындарының жалпы 65,5%-ы оң пікір білдірген, бұл қалалық көрсеткіштен 12,4 пайыздық тармаққа жоғары (1-кесте). Аймақтық тұрғыдан алғанда, ана мен баланы қорғау саясатына көңілі толмайтындар Маңғыстау облысы – 52,4%, Қарағанды – 53,2%, Батыс Қазақстан – 37,6% және Ақмола – 35,4% облыстарында тіркелген. 
1-кесте. «Сіздің ойыңызша, аналарды қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік саясат жеткілікті деңгейде тиімді ме?», %

Сонымен бірге, зерттеу деректері жүктілікті жоспарлау мәселелерінің әлі де өзекті екенін көрсетті. Әйелдердің 79%-ы бала тууды жоспарлау қажет немесе көбіне қажет деп есептегенімен, тек 20,3%-ы ғана үнемі медициналық тексеруден өтеді, ал 25,9%-ы жүктілікті жоспарлау туралы нақты түсінігі жоқ екенін мойындаған.​​​​​​​

Деректер сондай-ақ Қазақстанда қазіргі кезде ана болу тек бала туумен шектелмейтінін көрсетті. Ол балаға деген күнделікті нақты жауапкершілікпен тығыз байланысты. ҚҚДИ-ның отбасы институтының мәселелерін зерттеуіне сәйкес, ана көптеген отбасылардағы негізгі ата-ана болып қала береді; ал әйелдердің 52,2%-ы екінші ата-ананың бала тәрбиесіне жеткілікті дәрежеде қатыспауын өзекті мәселе деп санайды.

Қазақстанда ана болу дәстүрлі құндылықтар жүйесімен тікелей байланысты. «Қазақстандық отбасылар – 2022» ұлттық баяндамасының деректері бойынша, ерлерге қарағанда әйелдер ең маңызды отбасылық құндылықтар ретінде бір-біріне қамқорлық пен өзара сыйластықты (73,3%), балаларды (39,8%), сүйіспеншілікті (38,9%) жиірек атайды.

Қазіргі кезде ана болу барған сайын күрделі және көп салалы рөлге айналуда. ҚҚДИ-ның гендерлік саясат бойынша зерттеуіне сәйкес, әйелдердің 95%-ы күн сайын үй шаруасына 1-ден 6 сағатқа дейін және одан да көп уақыт жұмсайды. Деректер сондай-ақ балаларға күнделікті күтім жасаудың негізгі жүгін көбіне әйелдер арқалайтынын көрсетеді. Бір баласы бар отбасыларда балаларға қарау, олармен серуендеу және үй тапсырмасын тексеру міндеттері 50,7% жағдайда бірлесіп атқарылады. Дегенмен, 37,1% жағдайда бұл міндеттер әйелдің мойнында, ал ер адамдардың қатысуы небәрі 1,6%-ды құрайды. Үш баласы бар отбасыларда аталған міндеттерді атқару бойынша әйелдің үлесі 47,3%-ға дейін, ал төрт және одан да көп баласы бар отбасыларда 49,6%-ға жетеді. Бұл ретте ер адамның үлесі іс жүзінде нөлге дейін төмендейді. Яғни, балалар саны артқан сайын күнделікті күтім мен тәрбиеге байланысты жүктеме барған сайын ананың мойнына ауысатынын көрсетеді.​​​​​​​

Балаларға күтім жасау мен тәрбиелеудің негізгі жүктемесі көбінесе ананың мойнына түсуі отбасылық және еңбек өмірін үйлестіру мүмкіндіктеріне де тікелей әсер етеді. Бір жағынан, ерлердің 61,2%-ы да, әйелдердің 61,2%-ы да жұмыс пен жеке өмірді сәтті үйлестіре алатынын айтады.

Екінші жағынан,  әйелдер ана болуды кәсіби мүмкіндіктерді шектейтін фактор ретінде жиі қабылдайды. Мәселен, әйелдердің 26,8%-ы баласы бар адамдарға жұмыс табу қиынырақ деп санайды, 27,3%-ы балалы болу мансаптық өсуге кедергі келтіреді деп есептейді, 24,3%-ы кәсіби дамуда қиындықтар келтіретінін, ал 28,4%-ы ата-аналар арасында стресс деңгейінің жоғары екенін атап өткен.​​​​​​​

Бұл жағдай ең алдымен, кәсіби деңгейде көп нәрседен бас тартудан айқын көрінеді: әйелдердің 27%-ы қызметін балаларға күтім жасаумен үйлестіре алмағандықтан, жұмыстан кетуге мәжбүр болғанын айтса, ерлер арасында бұл көрсеткіш 11%-ды құрайды.

Осы тұрғыда жұмыс істейтін аналардың өз құқықтары туралы хабардар болуы ерекше маңызға ие. Зерттеу деректеріне сәйкес, әйелдердің 44,6%-ы емізулі аналардыңқысқартылған жұмыс күніне құқығы бар екенін білмейді, тағы 39,2%-ы бұл мүмкіндік туралы естігенімен, оны пайдаланбаған. Ал 5,8%-ы ғана бұл құқықты іс жүзінде қолданған, 3,5%-ы болса жұмыс беруші тарапынан ондай мүмкіндікті пайдалануға жол бермеуге тап болған.

Кесте 2. Сіз Қазақстан Республикасында "Бала емізетін ана үшін толық емес жұмыс күні бар екенін білесіз бе?" %​​​​​​​

Осы контексте мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттану деңгейі мен олардың нақты қолданылуымен қатар, бұл саладағы мемлекеттік саясаттың жалпы қалай бағаланатыны да маңызды. 2024 жылғы ұлттық баяндама деректеріне сәйкес, қазақстандықтар жалпы алғанда көпбалалы аналарға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (81,3%), атаулы әлеуметтік көмек (76,1%), жүктілік және босану бойынша демалыс (73,5%), жұмыс істейтін аналарға арналған 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлем (73,5%), жұмыс істемейтін аналарға арналған 1 жасқа дейінгі бала күтімі жәрдемақысы (72,5%), бала туғанда берілетін біржолғы төлем (71,4%) сияқты шаралар туралы жақсы хабардар. 

Осы тұрғыда Қазақстанда соңғы жылдары ана мен баланы қолдау  заңнамалық және институционалдық тұрғыда айтарлықтай нығайтылды. Әлеуметтік кодекс отбасыларға арналған қолдау шараларын жүйелендіріп, ана, әке және баланы қорғауды күшейтті, сондай-ақ бала күтімі бойынша жәрдемақылар мен төлемдердің мерзімі 12 айдан 18 айға дейін ұзартылды. Сонымен қатар «марапатталған аналар» мәртебесі енгізілді, балалары бар отбасыларға, көпбалалы аналарға және мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған түрлі жәрдемақылар қарастырылды.

Осылайша, қазіргі қазақстандық отбасындағы ана бейнесі тек қамқорлық пен отбасы жылулығының символдық рөлімен шектелмейді. ҚҚДИ деректері көрсеткендей, көптеген отбасыларда балаларға күтім жасау, тәрбиелеу, олардың эмоциялық дамуын қолдау және күнделікті отбасылық өмірді ұйымдастыру бойынша негізгі жүктемені көбіне әйелдер атқарады. Сонымен бірге, ана рөлі барған сайын отбасылық міндеттерді еңбекпен ұштастыру, денсаулыққа көңіл бөлу және мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану қажеттілігімен тығыз байланысты. Сондықтан Аналар күнін тек мереке ретінде ғана емес, аналарды отбасы амандығы  мен Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды ресурс ретінде қарастырып, олар үшін қажет жағдайларды талқылауға мүмкіндік беретін оқиға ретінде қарастыру маңызды. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Мамыр 2026 15:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары