Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қытайдағы қазақтар арасында кең тараған Қайран әке күйінің авторы өмірден өтті

Қытайдағы қазақтар арасында кең тараған Қайран әке күйінің авторы өмірден өтті

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әйгілі күйші, композитор Нұрымбай Сүлейменұлы 2025 жылы 2 желтоқсан күні Текесте дүние салды. 4 желтоқсан күні Текес аудан қалашығындағы өз үйінде қоштасу рәсімі өтеді. Бұл туралы жергілікті ақын Думан Бәзілжанұлы хабарлады.

Айта кетейік, Нұрымбай Сүлейменұлы — 1956 жылы қараша айында Қытайдың Іле аймағындағы Текес ауданына қарасты Қарадала ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен діни медреседе білім алған, сауатты, көзі ашық адам болған. Сондай-ақ, ол жастайынан қара қурай сыбызғысын жанынан тастамай, ықылымның үнін аулаған күйші де болыпты. Ал шешесі Жамалқан өлеңшіл, әнші, сөзге ділмар адам екен. Осындай ортада өскен Нұрымбай бала кезінен-ақ, әкесінің күйлерін тыңдап, көңіліне тоқып өседі. Сол кішкентай кезінде-ақ, қара домбыраның құлағына жармасып, әкесінің сыбызғыда орындаған күйлерін домбыраға көшіруге әуестене бастайды. Осылай басталған қызығушылық Нұрымбайды үлкен күйшілік жолға жетелейді.

Сол дәуірдегі айналасына танымал Мұқаметжан, Жабықай, Шамғұын сынды айтулы күйшілердің алдын көріп, батасын алады. Бала күйші Нұрымбай жасөспірім кездің өзінде халық күйлерін нақышына келтіре орындап ел ықыласына бөленген. Осындай қастерлі өнерге қанаттанып жүргенде әкесі Сүлеймен 1972 жылы «Мәдениет зор төңкерісінің» салдарынан дүниеден озады. Әкесінен жастай айырылу күйшіге аса ауыр соққы болып тиеді. Кейін бала жүрегінде ұзақ сақталған осы қасірет — мұңлы «Қайран әке» күйі болып өмірге келеді. Осы күйімен көпшілікке танылған Нұрымбай Сүлейменұлы одан кейінде тыңдаушының құлақ құрышын қандырған көптеген күй шығарды. Атап айтқанда, «Қарт толғауы», «Дала сыры», «Ыстық ұя», «Атамекен», «Қос ағама», «Таңжарыққа арнау», «Шашау», «Текес толқыны» және «Бейжіңгер» сынды 60-тан астам күйі кеңінен орындалып жүр. Сонымен қатар «Қаражоным», «Гүл үздім саған арнап», «Ілем менің» қатарлы жиырмаға жуық ән жазған.

Композитор, музыкант Құрманжан Зікірияұлының айтуынша, Нұрымбай Сүлейменұлы — негізінен шертпе күй дәстүрін ұстанған күйші. Оның шығармашылығының ауқымы өте кең, формасы жағынан бір жүйеге түскен кесек туындылар. Ол домбыраның аспаптық музыкадағы орнын жоғарылату, домбыраның әуендік саздарын құбылта түсуде өзіндік дәстүр қалыптастырып, көптеген құнды күй шығарды. Күйлері атына заты сай қуатты. Қоғамдық өмір мен табиғат дүниесіндегі құбылыстарды домбыраның қос ішегі арқылы бейнеленеді. Нұрымбай күйлерінің мазмұны бай, толғамы терең, әуен-сазы мұңлы болып келеді.

Нұрымбай Сүлейменұлы 2006 жылы Шыңжаң Халық үкіметі тарапынан «Халық композиторы» деген құрметті атқа ие болады. 2004 жылы орталық «Ұлттар» баспасынан «Қайран әке» атты ән-күй жинағы күй табағымен бірге баспадан шыққан. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 15:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары