Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Референдум басталды: ел халқы өз таңдауын жасайды

Референдум басталды: ел халқы өз таңдауын жасайды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бюллетеньде бір ғана сауал болады

Биыл 11 ақпан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады. Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.

Осы орайда Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.

Атап айтқанда, биыл 12 ақпанда Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының қорытынды жобасы жарияланды.

Республикалық референдумда берілген бюллетеньде «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылады.

Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:

- «Иә, қабылдаймын» немесе «Жоқ, қабылдамаймын».

Бюллетеньдер екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде басылады.

Айта кетейік, бірқатар өңірдегі қалаларда референдум күні қоғамдық көлік тегін болады. Бұл шешім қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау және дауыс беру күні еркін қатынауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Коллаж: Kazinform/ Nano Banana/ Canva

Үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынды

14 наурызда Қазақстанда референдум қарсаңындағы «тыныштық күні» басталды. Сондай-ақ осы уақыттан бастап және дауыс беру күні де – 15 наурызда кез келген үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады («Референдум туралы» Заңның 7-бабы).

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндіктің айтуынша, референдумға бір күн қалғанда жаңа Конституция жобасын қолдайтын немесе оған қарсы қандай да бір материалдарды орналастыруға тыйым салынады. Дауыс беру күні де сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынады. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілік бар. Осы ретте кез келген үгіт-насихат заңға қайшы саналады. Мәселен, тыныштық күні мен референдум күнінде әлеуметтік желідегі репосттар үгіт-насихат ретінде саналуы мүмкін. Бұл ретте осындай заңсыз әрекетке жол берген жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде әлеуметтік желі қолданушылары жауапқа тартылады.

Елде референдум күні 10,4 мың учаске жұмыс істейді

Дауыс беру учаскелері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Қазақстандықтар 10 402 учаскеде дауыс бере алады, сондай-ақ референдум күні 54 елдегі Қазақстан Республикасының шетелдердегі өкілдіктері жанынан 71 учаске жұмыс істейді.

Комиссия мәліметінше, елімізде 12 461 796 дауыс беруші тіркелген. Заң бойынша, осы саннан 1% артық бюллетень әзірленеді. Демек, 12 586 414 бюллетень болмақ. Алайда жыртып не бүлдіріп алса, азаматтарға жаңа бюллетень берілмейді.

Егер азамат ешқайда тіркелмеген болса, мұның да шешімі қарастырылған. Ел бойынша 220 учаскеге 1 тәулікке тіркелуге болады. Мұндай жағдайда азамат тізімге енгізіліп, дауыс беру үшін оған бюллетень ұсынылады.

— Учаскелерге азаматтар есептен шығару куәлігімен келуі мүмкін. Бұл — тіркелген мекенжайынан басқа жерде дауыс беретіндерге ұсынылатын құжат. Не болмаса, учаскелерге бір тәулікке тіркелгендер де болуы ықтимал. Бюллетеньдердің 1% артық жасалатын себебі сол. Жоғарыда жазылған екі топтағы азаматтар үшін қарастырылған. Ал бюллетенін бүлдіріп алғандарға екіншісі берілмейді, — делінген хабарламада.

Референдумға қатысушыларға кеңес беру үшін Call-орталықтар жұмыс істейді. Call-орталықтар туралы ақпараттар әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында жарияланған.

Дауыс беру күні өзінің тіркелген жерінен тыс жерге баратын болса, 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін есептен шығару куәлігін алу арқылы дауыс беруге құқылы.

Фото: Алтынай Сагындыкова / Kazinform

Шетелдерде дауыс беретін Қазақстан азаматтарының саны - 14 230 адам.

Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуына, Украина мен Эфиопиядағы қауіпсіздік деңгейінің төмендігіне байланысты 10 елдегі 11 учаскенің жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Олардың арасында Қазақстан Республикасының Иран, Израиль, Иордания, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопиядағы елшіліктер жанындағы, сондай-ақ Дубай қаласындағы Қазақстан Консулдығы жанындағы учаскелер жатады.

Референдум күні дауыс берушілер тіркелген мекенжайы бойынша учаскеге баруы тиіс.

Егер азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскеге келіп, тізімнен өзін таппаса, онда қызметкерлер көмегіне жүгінгені жөн. Жауапты мамандар оның тіркелген мекенжайы бойынша учаскесін анықтап береді. Еліміздегі 10 402 учаскенің жартысынан астамы мұндай қызметті көрсете алады. Ал Астанада бұл көрсеткіш 100%.

2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумда дауыс беру үшін учаскелерді анықтауға арналған «ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз» сервисі іске қосылды.

Өз учаскеңізді келесі сілтемелер бойынша біле аласыз:

https://www.gov.kz/referendum?lang=kk

https://referendum2026.gov.kz/kk

https://referendum.gov.kz/kk

Халықаралық байқаушыларды тіркеу аяқталды

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, 38 шет елден 133 байқаушы және 11 халықаралық ұйымнан 226 байқаушы аккредитациядан өткен. Халықаралық байқаушылардың жалпы саны — 359 адам.

— Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердің сақталуына ықпал ететінін тағы да атап өткен жөн. Бұл біздің халықаралық міндеттемелерге бейімділігіміздің, халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруымыздың дәлелі, — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, референдум кезінде 31 елдегі 68 бұқаралық ақпарат құралынан 185 өкіл хабар таратпақ.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Наурыз 2026 07:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары