Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Шоколад неге қымбаттап жатыр?

Шоколад неге қымбаттап жатыр?

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы шоколад бағасының рекордтық деңгейде өскенін хабарлады. Өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда шоколадтың бағасы 30,3%-ға (шамамен үштен бірге) қымбаттаған. Бұл туралы Energyprom.kz жазды.

Көпжылдық статистика кейінгі жылдары шоколад бағасының өсу қарқыны жалпы азық-түлік инфляциясынан асып кеткенін көрсетеді. Егер 2020–2021 жылдары шоколад бағасы 8,3–8,5% шамасында ғана өссе, 2022 жылдан бастап бұл көрсеткіш айтарлықтай жеделдеді. Сол жылы өсім 17,1%-ға жетіп, кейінгі жылдары да жоғары деңгейде сақталды. Бұл шоколад нарығындағы бағаның өсуі уақытша құбылыс емес, тұрақты үрдіске айналғанын аңғартады. Әсіресе 2025 жылы баға қатты көтеріліп, қаңтар-желтоқсан аралығында өсім 29,9%-ды құрады.

"Кейінгі бір жылдағы ай сайынғы көрсеткіштерге назар аударсақ, бірнеше кезеңде бағаның күрт өскені байқалады. 2025 жылдың тамыз айында шоколад бір айдың ішінде 3,8%-ға, қыркүйекте тағы 4,8%-ға қымбаттады. Келесі айқын өсім 2026 жылдың ақпанында тіркеліп, бір айдағы баға 3,3%-ға артты. Ал маусым айында айтарлықтай өзгеріс байқалмады", - деп жазды портал.

Бағаның өсуіне отандық өндірушілер де, шетелдік жеткізушілер де ықпал етіп отыр. Дегенмен шешуші әсер импортқа тиесілі, өйткені Қазақстанның шоколад нарығы әлі де сырттан келетін өнімге тәуелді. 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында шоколад, шоколад және қант негізіндегі кондитерлік өнімдер ресурстарының 60%-ын импорт құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен (60,5%) шамалас. Осы бес айда елдегі жалпы ресурс көлемі 97,5 мың тоннаны құраса, оның 58,5 мың тоннадан астамы импорт есебінен қамтамасыз етілді. Ішкі өндіріс көлемі 14,1%-ға өсіп, 39 мың тоннаға жеткенімен, оның жалпы нарықтағы үлесі бұрынғыдай шамамен 40% деңгейінде қалды.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне жүргізілген талдау соңғы жылдары Қазақстанның шоколад нарығында импорттың үлесі біртіндеп артып келе жатқанын көрсетеді. Егер 2020 жылы импорттың үлесі 50,6% болса, 2025 жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 61,8%-ға дейін өсті.

"Ұлттық статистика бюросының мәліметі қазақстандық кондитерлік фабрикалардың ішкі нарықты толық қамтамасыз ете алмай отырғанын көрсетеді. Соған қарамастан олар экспорт көлемін арттыруда. Биылғы жылдың алғашқы бес айында шетелге жөнелтілген шоколад көлемі 25%-ға өсіп, 20,1 мың тоннаға жетті. Ал ішкі нарықтағы сату көлемі 10%-ға ғана өсіп, 77,4 мың тоннаны құрады. Бұл өндірістің бір бөлігі сыртқы нарыққа бағытталып жатқанын, ал ел ішінде шоколадқа деген сұраныс әлі де жоғары екенін аңғартады", - дейді сарапшылар.

Көпжылдық статистикаға сүйенсек, 2020-2025 жылдары Қазақстандағы шоколад өндірісі тұрақты өскен жоқ. Өндіріс көлемі бірде артып, бірде төмендеп отырды. Әсіресе 2021, 2024 және 2025 жылдары өндірістің қысқарғаны байқалды. Бұған кәсіпорындардың өндірістік қуатты толық пайдалана алмауы себеп болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы өндірістік қуатты пайдалану деңгейі небәрі 52,2%-ды құрады. Яғни шоколад фабрикалары қолда бар мүмкіндігінің жартысына жуығын ғана пайдаланып, шығара алатын өнім көлемінен шамамен екі есе аз өндірген.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 10:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары