Шымкентте 1 жасар бала 4 сантиметрлік шеге жұтып қойған
Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Шымкент қаласында бір жасар бүлдіршін 4 сантиметрлік шегені байқамай жұтып қойған. Абырой болғанда, баласының тынысы тарылып қалғанын дер кезінде аңғарған анасы жедел жәрдем шақырып үлгерген, деп Arasha.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігерлер баланы шұғыл түрде тексеріп, оның көмейінен темір шегені алып шыққан. Алайда бүлдіршіннің жағдайы ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір сәби анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр.
"Бала шұғыл түрде операция залына жеткізіліп, бронхоскопия процедурасы жасалды. Процедура барысында баланың кеңірдегінде бөгде заттың тұрғаны анықталып, ол эндоскопиялық қысқыштар арқылы алынды. Баланы бір күн реанимацияда бақылауда ұстадық, содан кейін хирургия бөліміне ауыстырылды", – деді эндоскопист-дәрігер Бабур Рахманқұлов.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:21
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 20:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















