Тазы иттер аңшылығы: NOMAD бұл жолы да үздік
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Кинологтар одағының ұйымдастыруымен Алматы облысында тазы иттерге арналған республикалық аңшылық сынақтары өтті. Оған әртүрлі шаруашылықтар мен кинологиялық клубтардан келген 15 тазы қатысты. Астаналық «NOMAD» қоғамдық қорының өкілдері осы жолы да үздіктер қатарынан көрінді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Астана әкімдігі
Алматылық кезең осыған дейін Астана маңында өткізілген ор қоянға жүргізілген сынақтардың жалғасы іспетті болды. Биыл иттер құм қоянына арналған күрделі тапсырмаларды орындап, қабілеттерін арттырды. Ор қоян жүгіргенде бір бағытта жылдам қозғалады, ал құм қояны әрдайым бағытын өзгертіп тұрады, сондықтан тазы өте жылдам қозғалуы қажет және аңшылық қасиеті дамыған болуы шарт.
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, сарапшылар комиссиясы «Қазақ тазысы» тұқымының тәжірибелі мамандарынан құралды. Бағалау кезінде иттің жылдамдығы, маневрлік қабілеті, аңшылық сезімталдығы, төзімділігі, шеберлігі ескерілді.
Жүлдегерлер:
1 орын – Әрекет, иесі: «NOMAD» ұлттық аңшылық клубы (Астана);
2 орын – Адырна, иесі: «NOMAD» ұлттық аңшылық клубы (Астана);
3 орын – Қабылан, иесі: Ернар Муптекеев.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:51
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















