Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ұлытаудың Атасу ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Ұлытаудың Атасу ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ұлытау облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында алғашқы өрт сөндіру бекеті ашылды.

Атасу ауылында орналасқан жаңа нысан осы төңіректегі елді мекендерді өртке қарсы қорғаныспен қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері «Енді өрттің алдын алу және оны жою шараларын жедел жүргізуге мүмкіндік мол» дейді.

Сондай-ақ өңірде елдегі тұңғыш жасақталған әуе құтқару жасағы да жұмысқа кірісті.

Ұлытау облысында халық саны 1 мыңға жетпейтін 26 елдімекенде өртке қарсы қызмет жасақтау қажет. Төтенше жағдайлар департаменті бұл міндетті «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жергілікті әкімдіктермен бірлесе жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атасу ауылында ашылған жаңа нысан соның алғашқысы. Мұнда өрт сөндіру техникасына арналған орын, ас үй, демалыс және тұрмыстық бөлмелер бар.

Дархан Қоңыршынов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- ТЖД бөлімшелері жеткенге дейін бұл бөлімшелер өз алдына өрттің таралуын тоқтатуға көп септігін тигізеді. Бұл жерде өрт сөндіру техникасы ғана емес сонымен қатар басқа да құтқару техникалары бар. Снегоход, қарда, батпақта жүретін техника бар. Сонымен қатар өрт сөндіруге арналған киімдер берілді. Байланыс түрлері бар. Радиостанциялық байланыс, спутниктік байланыс дегендей. 

Ғимарат толықтай демеушілердің қаржысына салынды.  Ерікті өрт сөндірушілер  жұмылдырылған бекет радиусы 10 шақырым аумақтың өрт қауіпсіздігіне жауап береді.

Дархан Қоңыршынов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Ауылдық жерлерде 20 минуттан аспау керек өрт сөндіру техникалары, жалпы құтқару техникалары жету нормасы. Ал шалғайда  орналасқаннан кейін 40 минуттан асып кетуі мүмкін. Сондықтан бұл жедел әрекет етуге өте маңызды роль атқаратын болады.

Төтенше жағдайлар қызметі «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында шағын елдімекендерде өртке қарсы инфрақұрылымды нығайту жұмыстары келер жылы да жалғасатынын айтады. Ал, шалғайдағы ауылдарда төтенше жағдайлар болған кезде әуе қорғаныс жасағы көмекке барады. ТЖМ қарасты тұңғыш авиациялық жасақ Жезқазғанда орналасқан. Авиациялық техникаларға арналған заманауи ангар жақында қолданысқа берілді. Нысанда ұшу алдындағы дайындық аймағы, қойма және оқу-жаттығу секторы бар.  

Арман Қоңырбаев, әуе жасағының бастығы:

- 6 облыспен шекараласпыз біз. 6 облысқа, Қазақстанның әр түкпір жағына ұшып жете алады өте қысқа уақытта. Бұл ашылғалы үш рет ұшты санавиация бойынша. Екі рет Қаражал қаласынан, бір рет Жәйремнен ауырған адамдарды Жезқазған қаласына алып келді. 

Биыл Қаражал мен Жезқазған қаласында жаңадан өрт сөндіру бөлімі ашылды. Сәтбаев қаласы мен Жәйрем кентінде тағы екі өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр. Бұл «Төтенше жайдайларға ден қою уақытын едәуір қысқарту үшін қажет» дейді құтқарушылар. Бұдан бөлек облыс құрылғалы төтенше жағдайлар департаментінің техника паркі 50 пайызға жаңарды. 

Елдос Кәкенов, Нұрлан Исмаилов

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 13:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары