Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Келешегі мол кеніштер

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Қазақстанда аккредиттеу цифрландырылып жатыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Жасанды интеллект 10 млн отбасын бір жыл қамтамасыз ететін көлемде су тұтынады

Жасанды интеллект 10 млн отбасын бір жыл қамтамасыз ететін көлемде су тұтынады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Gizmodo сайтының материалына сүйенген Aikyn.kz жасанды интеллект пен су, энергия тапшылығының арасындағы байланысты талдайды.

10 млн адам тұратын Иранның астанасында су тапшылығы қатты сезілуде. Билік тұрғындарды эвакуациялау мәселесін қарастыруда. Теһранда су тапшылығы қуаңшылықтың салдарынан болса, америкалықтар су мен электр қуатының жетіспеуін ЖИ-ге арналған деректер орталықтарынан көруде. Олардың саны 5000-нан асып түскен. Жылдағы оншақты орталық қосылуда.

ЖИ виртуалды әлемде өмір сүргенімен оның жұмысын қамтамасыз ету үшін зор көлемде су мен электр энергиясы қажет. Электр энергиясы миллиондаған чиптерді қуаттандырса, су қызған чиптерді салқындатуға керек.

Болашақта АҚШ-та тапшылықты болдырмау үшін жасанды интеллектің су тұтынуы мен көміртек шығарындыларын қысқартуға мүмкіндік беретін стратегия ұсынылуда. Қарқынды өсіп жатқан сала күнделікті өмір мен жұмысты түбегейлі қайта қалыптастырып жатқанда, ғалымдар оның қоршаған ортаға әсерін сандық тұрғыдан бағалай бастады.

ЖИ саласындағы ресурстарды тұтыну және көміртек ізінің көлемі туралы болжамдар алаңдатарлық нәтиже көрсетуде. Дүйсенбі күні (10 қараша) Nature Sustainability журналы 2024-2030 жылдар аралығында АҚШ-тағы жасанды интеллект серверлерінің жұмысы жылына 26-48 млн тонна көмірқышқыл газының бөлуі мүмкін екенін көрсететін зерттеу нәтижелерін жариялады. Бұл – жыл сайын жолға шыққан 5-10 млн көлікпен тең.

ЖИ-дің салдары – электр қуатының бағасы күрт өсті, ауаның ластануы шамадан тыс көбейді. Фото net0.com сайтынан алынды

Зерттеушілер жасанды интеллект жылына 731-1125 млн текше метр су тұтынуы мүмкін екенін есептеген. Бұл – АҚШ-тағы 10 млн отбасының бір жыл бойы тұтынатын суына тең.

«Осындай көлем расымен де таңғаларлық», – дейді зерттеу авторы, Cornell University-інің Энергетикалық жүйелер кафедрасының профессоры Фэнци Ю. Оның айтуынша, зерттеу нәтижелері ЖИ дамуының экологиялық салдары апатты екенін көрсеткенімен, саланың тұрақтылығын арттырудың нақты жолдары бар.

«Тағы бір таңғаларлығы – объектілерді дұрыс орналастыру, экологиялық таза энергия сатып алу және тиімді салқындату технологияларын қолдану тұтынуды 70-85%-ға төмендете алады. Демек, экологиялық әсер айтарлықтай, бірақ үйлестірілген саясатпен оны басқаруға болады», – дейді Ю.

Жасанды интеллектке қызмет көрсететін деректер орталықтары АҚШ-та жылдам көбейіп жатқандықтан, жергілікті қауымдастықтар оның салдарын сезіне бастады. Электр қуаты тарифтері күрт өсті, ауаның ластануы және электр желілеріне түсетін жүктеме шамадан тыс көбейді. Бұл – орталықтар пайда болған аймақтардың негізгі проблемалары. Оның салдары төмен табысты және азшылық топтар тұратын аудандарда қатты байқалуда.

Бірақ мәселе тек жергілікті деңгеймен шектелмейді. Ю және оның әріптестері АҚШ-тағы ЖИ индустриясының ғаламдық климаттық өзгерістер мен ұлттық су тапшылығына қосып отырған үлесін де есептеген. Зерттеу нәтижелері деректер орталықтарын орналастыру – экологиялық әсерге ықпал ететін шешуші фактор екенін көрсеткен.

Теһранда су тапшылығы қуаңшылықтан, Америкада суды ЖИ көп тұтынады. Иллюстрация cawater-info.net сайтынан алынды

Қазір көптеген деректер орталықтары Калифорния, Невада және Аризона сияқты су тапшылығы жоғары штаттарда салынуда. Ал бұрыннан деректер орталықтары шоғырланған Вирджиния аймағында жаңа құрылыстар жергілікті инфрақұрылымға қосымша қысым түсіруде.

Сондықтан Ю және оның әріптестері жаңа орталықтарды су ресурстары мол, жаңартылатын энергиясы жеткілікті өңірлерге салуды ұсынады. Олар, әсіресе Техас, Монтана, Небраска және Оңтүстік Дакотаны жел энергетикасын қолдануға тиімді деп есептейді. Сонымен қатар, Нью-Йорк та атом, гидро және жаңартылатын энергия аралас көздерінің экологиялық тиімділігімен ерекшеленеді. Алайда экологиялық зиянды айтарлықтай азайту үшін оңтайлы салқындату технологиялары мен электр желілерін декарбонизациялау қажет.

«Орналасу, энергия көзі және салқындату технологиясы – жасанды интеллект инфрақұрылымының тұрақты дамудың шешімі бола ала ма, соны айқындайды. ЖИ виртуалды болып көрінгенімен, ол өте нақты жүйелерде – электр желісі, су жүйесі және салқындату инфрақұрылымында жұмыс істейді. Қоршаған ортаға ықпал – нысанды қайда және қалай салатынымызға байланысты», – дейді Ю.

Зерттеу деректер орталықтарын дұрыс аймақтарға орналастыру, жаңартылатын энергияны пайдалану және салқындатуды жақсарту арқылы ЖИ-дің кері әсерін айтарлықтай азайтуға болатынын көрсеткен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қараша 2025 11:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

08 Тамыз 2026 03:20see118

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

07 Тамыз 2026 23:25see114

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see113

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see113

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see111

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see110

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see106

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see104

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see103

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

08 Тамыз 2026 05:11see103

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see103

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see101

Қазақстанда аккредиттеу цифрландырылып жатыр

08 Тамыз 2026 01:23see100

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see100

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары