Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Елімізде тауар айналымын цифрландыру жаңа кезеңге өтті. Қаржы министрлігінің Электрондық қаржы орталығы Тауарлардың ұлттық каталогін (ТҰК) жаңғыртудың негізгі кезеңін аяқтап, оның ауқымын бірден он есеге ұлғайтты. Бұрын 1,3 млн тауарды қамтыған жүйеде енді 13 млн-ға жуық өнім тіркелген. Бұл жай ғана санның өсуі емес, отандық бизнес үшін жаңа тәртіп пен түсінікті ережелердің қалыптасуы, деп жазады Egemen.kz.
Фото: ашық дереккөз
Каталогтің мәнін қарапайым тілмен айтсақ, нарықтағы әр тауарға бірыңғай «цифрлы төлқұжат» берілді. Бұған дейін бір өнім мемлекеттік сатып алуда, салық немесе кеден жүйесінде әртүрлі атаумен жүре беретін. Соның салдарынан есепте шатасу, қайталанған дерек, артық тексеріс көбейетін. ТҰК енгізген 13 таңбалы NTIN коды осы бытыраңқылықты жойып, тауардың қозғалысын өндірістен немесе импорттан бастап, дүкендегі чекке дейін бір арнаға түсіреді.
Бұл ең алдымен бизнеске тиімді. Кәсіпкер бір тауарды әр жүйеге қайта-қайта сипаттап, атауын түзетіп әуре болмайды. Бір код – барлық жерде бірдей. Ашықтық артып, есеп жүргізу жеңілдейді, ал адал жұмыс істейтін компаниялар үшін бәсекелестік шарттары теңеседі.
Жобаның тағы бір маңызды қыры – жасанды интеллектіні пайдалану. ЖИ каталогтегі мәліметтердің «гигиенасын» автоматты түрде жүргізеді. Мәселен, қате жазбаларды тазалайды, қайталанатын атауларды біріктіреді, тауарларды ұлттық және халықаралық жіктеуіштерге сәйкестендіреді. Нәтижесінде бұрын бір сағат алатын құжат өңдеу бір минутқа дейін қысқарған. Бұл – уақыт үнемі, ал уақыт бизнес үшін тікелей шығын мен табысқа әсер ететін ресурс.
Қазір жүйеге фискалды деректердің 10 операторы қосылған. Бұл елдегі бақылау-кассалық машиналардың шамамен 80 пайызы. Оның ішінде ірі сауда желілері – Magnum, Small, Анвар бар. Мемлекеттік сатып алу порталы мен электрондық шот-фактуралар жүйесімен ықпалдасу экспорт пен импорттағы рәсімдерді де жеделдетіп отыр. Кодтар автоматты түрде сәйкестендіріліп, қағазбастылық азаяды.
Мемлекет үшін ТҰК – бақылау мен талдаудың қуатты құралы. Нарықтағы нақты деректерге сүйене отырып, контрафактімен күресуге, бағалардың негізсіз өсуін анықтауға мүмкіндік туады. Ал бизнес үшін бұл – жасырын айналым мен «көлеңкелі» бәсекенің азаюы деген сөз.
Ұлттық тауарлар каталогі: 2026 жылдан бастап тауар айналымы жаңа цифрлық тәртіпке көшеді
Электрондық қаржы орталығы өкілдерінің айтуынша, «Тауарлардың ұлттық каталогі ашық экономиканың іргетасына айналып келеді. Ол бағаны жасыруға да, өнімді ауыстырып көрсетуге де жол бермейді». Шын мәнінде, жүйе мемлекетке тиімді бақылау, ал кәсіпкерге айқын ереже ұсынып отыр.
Сайып келгенде 13 миллион тауарды біріктірген ұлттық каталог – тек техникалық жаңарту емес. Бұл – отандық бизнесті тәртіпке шақыратын, адал кәсіпке жол ашатын және экономиканың «көрінбейтін» тұстарын жарыққа шығаратын маңызды қадам.
Соңғы жаңалықтар
АҚШ-та дауыл салдарынан кемінде 26 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:26
Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлейді
Заң • Бүгін, 10:18
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа жеделхат жолдады
Президент • Бүгін, 10:04
Картоп пен сәбіз: 2026 жылы тапшылық қаупі бар ма?
Экономика • Бүгін, 10:01
Жаркенттегі қатыгездік: Баласын аяусыз ұрған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 09:50
Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:37
Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:14
Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды
Ата заң • Бүгін, 09:05
Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың басты қағидаты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:00
Әлеуметтік бағытты бекемдеген бастама
Қоғам • Бүгін, 08:55
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50
Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі
Құрылтай • Бүгін, 08:48
Қоғам • Бүгін, 08:45
Тәуелсіздік, бірлік һәм жаһандық жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 08:43