Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Музей 1976 жылы депоның 70 жылдығы қарсаңында ашылып, кейін күрделі жөндеуден өтті.
Фото: Назерке Саниязова/KazinformКіреберісінде екі географиялық карта ілінген. Оның бірінде қазақ жерінде әлі теміржол салынбаған XIX ғасырдағы, ал екіншісінде теміржол салынған XX ғасырдағы көрініс бейнеленген.
Фото: Назерке Саниязова/KazinformФото: Назерке Саниязова/Kazinform Фото: Назерке Саниязова/Kazinform– 1900 жылы Ташкент пен Орынбор аралығында теміржол салу мәселесі қозғалып, осы жылдың күзінде құрылыс басталды. 1901 жылдың 26 сәуірінде Ресей патша үкіметінің мемлекеттік кеңесі алдын ала бекітілген екі бағыт бойынша, яғни шығыста Орск-Торғай, батыста Илецк-Ақтөбе-Шалқар-Қазалы-Қызылорда арқылы теміржол салына бастады. 1904 жылы 1 қаңтарда Орынбор-Қазалы бөлігі аяқталса, 1905 жылы 5 қаңтарда Ташкент-Қазалы аралығында жолаушылар мен жүк пойыздары үздіксіз қатынай бастады. 1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы Василий Алексеевич Перовский Сыр бойы қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерімен Ақмешіт бекінісіне басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы Сырдария уезінің орталығына айналады, - деді музей қызметкері Үміт Бекқожаева.
Оның айтуынша, Санкт-Петербор мұрағатынан алынған анықтамаға сүйенсек, Перовск паровоз депосы 1906 жылы 1 қаңтарда толық пайдалануға берілген.
Фото: Назерке Саниязова/Kazinform Фото: Назерке Саниязова/Kazinform– Бұл жерден облыс стансаларындағы теміржол вокзалдары мен деполарының құрылысы туралы дерекке қанығуға болады. Келушілер сондай-ақ 1917 жылы азамат соғысының басталуына байланысты қауіп-қатердің алдын алу мақсатында құрылған Қызыл гвардия партизан жасағы туралы ақпаратпен таныса алады. Құрамында 76 депо жұмысшысы мен коммунист бар жасақ машинист көмекшісі Николай Федорович Селиверстовтың басшылығымен сол кездері Атбасар станциясынан Перовск қаласының тұрғындарына азық-түлік, нан жеткізген. Қызылгвардияшылар командирі Қандыағаш станциясында ерлікпен қаза тапты. Тағы бір экспозиция екінші дүниежүзілік соғыс кезінде еселі еңбектің үлгісін көрсеткен паровозшыларға арналды. Соғыс басталған алғашқы уақытта депо жұмысшыларының жартысына жуығы майданға аттанған. Теміржолшылардың бейбіт өмірдегі еңбегі мен ерлігі, қыруар жетістігі де төрімізде тұр, - деп атап өтті Ү. Бекқожаева.
Музейдің негізін машинист-нұсқаушы Я.С.Козулин қалап, оның жұмысын ұйымдастыруға депо бастығы А.Оспанов, бөлімше бастығы О.Жанәділов, Ж.Хамидов, кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Тілеуғабылов атсалысты.
Фото: Назерке Саниязова/Kazinform Фото: Назерке Саниязова/KazinformФото: Назерке Саниязова/Kazinform Фото: Назерке Саниязова/Kazinform– Мұнда теміржолда әр жылдары қолданылған қолшамдарды, машинистер құрал-сайманы мен құжатын салып жүретін жолсапар сөмкелерін, өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін қолданылған телефондарды, өткен ғасырдың басында және 60-жылдары шығарылған рельс түрлерін, бокс табанын кезіктіруге болады. 8 жұмысшы паровозды орнынан қозғалту үшін осындай 4 бокс табанын пайдаланған. Соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында паровоз паркі, теміржол жөндеу жұмысы қарқын алды. 1960 жылы тепловоз тұратын екі секциялы цех салынды. Дайындау цехының жанынан жанармай аппаратураларын, автотежегіш қондырғыларын, электр аппаратураларын жөндеп, қалпына келтіретін бөлімдер, құрал-сайман цехы қайтадан жасақталды. Қазақтан шыққан тұңғыш паровоз машинисі Ермахан Нұрбаевтың осы депода еңбек еткені – біз үшін мақтаныш. Ғасырлық тарихында депо жол қатынасы министрлігі мен теміржол кәсіподағы орталық комитетінің аусыспалы қызыл туын иеленген. 1904 жылдан бері қолданыста болған паровоз, тепловоздардың макеті өткен күнді көз алдымызға әкеледі, - деді Үміт Бекқожаева.
2005 жылы Қызылорда локомотив депосы ғасырлық тойын атап өтті. Мерейтой қарсаңында депо ауласында биік тұғырда паровоз ескерткіші бой көтерді.
Фото: Назерке Саниязова/Kazinform Фото: Назерке Саниязова/KazinformБұған дейін біз Орал қаласында құрылғанына 190 жыл толғалы отырған Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғимаратын жаңадан салу қажеттілігі туындағанын жазған едік.