Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

120 жыл: Сыр бойындағы шойынжолдың шежірелі тарихы

120 жыл: Сыр бойындағы шойынжолдың шежірелі тарихы

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Музей 1976 жылы депоның 70 жылдығы қарсаңында ашылып, кейін күрделі жөндеуден өтті.

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Кіреберісінде екі географиялық карта ілінген. Оның бірінде қазақ жерінде әлі теміржол салынбаған XIX ғасырдағы, ал екіншісінде теміржол салынған XX ғасырдағы көрініс бейнеленген.

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

– 1900 жылы Ташкент пен Орынбор аралығында теміржол салу мәселесі қозғалып, осы жылдың күзінде құрылыс басталды. 1901 жылдың 26 сәуірінде Ресей патша үкіметінің мемлекеттік кеңесі алдын ала бекітілген екі бағыт бойынша, яғни шығыста Орск-Торғай, батыста Илецк-Ақтөбе-Шалқар-Қазалы-Қызылорда арқылы теміржол салына бастады. 1904 жылы 1 қаңтарда Орынбор-Қазалы бөлігі аяқталса, 1905 жылы 5 қаңтарда Ташкент-Қазалы аралығында жолаушылар мен жүк пойыздары үздіксіз қатынай бастады. 1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы Василий Алексеевич Перовский Сыр бойы қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерімен Ақмешіт бекінісіне басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы Сырдария уезінің орталығына айналады, - деді музей қызметкері Үміт Бекқожаева. 

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Оның айтуынша, Санкт-Петербор мұрағатынан алынған анықтамаға сүйенсек, Перовск паровоз депосы 1906 жылы 1 қаңтарда толық пайдалануға берілген. 

– Бұл жерден облыс стансаларындағы теміржол вокзалдары мен деполарының құрылысы туралы дерекке қанығуға болады. Келушілер сондай-ақ 1917 жылы азамат соғысының басталуына байланысты қауіп-қатердің алдын алу мақсатында құрылған Қызыл гвардия партизан жасағы туралы ақпаратпен таныса алады. Құрамында 76 депо жұмысшысы мен коммунист бар жасақ машинист көмекшісі Николай Федорович Селиверстовтың басшылығымен сол кездері Атбасар станциясынан Перовск қаласының тұрғындарына азық-түлік, нан жеткізген. Қызылгвардияшылар командирі Қандыағаш станциясында ерлікпен қаза тапты. Тағы бір экспозиция екінші дүниежүзілік соғыс кезінде еселі еңбектің үлгісін көрсеткен паровозшыларға арналды. Соғыс басталған алғашқы уақытта депо жұмысшыларының жартысына жуығы майданға аттанған. Теміржолшылардың бейбіт өмірдегі еңбегі мен ерлігі, қыруар жетістігі де төрімізде тұр, - деп атап өтті Ү. Бекқожаева. 

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Музейдің негізін машинист-нұсқаушы Я.С.Козулин қалап, оның жұмысын ұйымдастыруға депо бастығы А.Оспанов, бөлімше бастығы О.Жанәділов, Ж.Хамидов, кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Тілеуғабылов атсалысты. 

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

– Мұнда теміржолда әр жылдары қолданылған қолшамдарды, машинистер құрал-сайманы мен құжатын салып жүретін жолсапар сөмкелерін, өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін қолданылған телефондарды, өткен ғасырдың басында және 60-жылдары шығарылған рельс түрлерін, бокс табанын кезіктіруге болады. 8 жұмысшы паровозды орнынан қозғалту үшін осындай 4 бокс табанын пайдаланған. Соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында паровоз паркі, теміржол жөндеу жұмысы қарқын алды. 1960 жылы тепловоз тұратын екі секциялы цех салынды. Дайындау цехының жанынан жанармай аппаратураларын, автотежегіш қондырғыларын, электр аппаратураларын жөндеп, қалпына келтіретін бөлімдер, құрал-сайман цехы қайтадан жасақталды. Қазақтан шыққан тұңғыш паровоз машинисі Ермахан Нұрбаевтың осы депода еңбек еткені – біз үшін мақтаныш. Ғасырлық тарихында депо жол қатынасы министрлігі мен теміржол кәсіподағы орталық комитетінің аусыспалы қызыл туын иеленген. 1904 жылдан бері қолданыста болған паровоз, тепловоздардың макеті өткен күнді көз алдымызға әкеледі, - деді Үміт Бекқожаева.

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

2005 жылы Қызылорда локомотив депосы ғасырлық тойын атап өтті. Мерейтой қарсаңында депо ауласында биік тұғырда паровоз ескерткіші бой көтерді. 

Фото: Назерке Саниязова/Kazinform Фото: Назерке Саниязова/Kazinform

Бұған дейін біз Орал қаласында құрылғанына 190 жыл толғалы отырған Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғимаратын жаңадан салу қажеттілігі туындағанын жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Сәуір 2026 11:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары