Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Шежірелі шаһардың сырлы беттері

Шежірелі шаһардың сырлы беттері

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Соның айқын бір мысалы – Астанамыз елорда болғаннан бергі шежіресін түгендеген, қала архивін қалыптастырған Astana aqshamy және «Вечерняя Астана» газеттері. Қос басылымның жұртшылыққа қызмет етіп келе жатқанына 35 жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде оқырман қолына тиген газеттің шаһар өмірімен біте қайнасқан бүгінге дейінгі республикаға кеңінен таныс тыныс-тіршілігі жан-жақты сипатталатын жазбалар топтастырылған жинақ жарыққа шықты.

2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні. Осындай маңызды күн қарсаңында  Ұлттық академиялық кітапханада Astana aqshamy және «Вечерняя Астана» газеттерінің 35 жылдығына орай жарыққа шыққан «Елорда шежіресі» және «В ритме столицы» кітаптарының тұсаукесері өтті. Бұл кітапта елорданың қалыптасу, даму, өркендеу жолының шежіресі, тарихқа айналған айшықты оқиғалар, әр кезеңдегі газет басшыларының, көрнекті қаламгерлердің, білікті авторлардың және ойлы оқырманның естеліктері мен мақалалары жүйеленіп берілген. Осыдан-ақ басылымдардың еліміздің ақпарат кеңістігін байытып, оқырмандарға сенімді жаңалықтар мен қызықты материалдар жеткізіп, елдің тыныс-тіршілігін баяндауын үзбегенін көрсетеді.

Іс-шараға Сенат және Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, газетте әр жылдары қызмет атқарған бас редакторлар мен журналистер қатысты. Жиын барысында Сенат депутаты, Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай журналистика мен бұқаралық коммуникация саласында елеулі еңбек еткені үшін Astana aqshamy газетінің бұрынғы журналисі Раушан Мырзахметті, Astana aqshamy («Ақмола ақиқаты») газетінің тұңғыш бас редакторы Кенже Жұмағұлов пен бұрынғы бас редакторы Мағжан Садыханұлын «Ақпарат ардагері» төсбелгісімен марапаттады. Іс-шараға қатысқан қаламгерлер басылым ұжымын «Елорда шежіресі» кітабының жарыққа шығуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Астананың тарихы туралы ең алғашқылардың бірі болып кітап жазғандардың бірі жазушы, публицист Алдан Смайыл қос басылымның қала тарихын қамтуда орны айрықша екенін негізге алды. «Елорда шежіресі» кітабында Astana aqshamy газеті көтерген әр жылдардағы өзекті мәселелер мен Астананың тарихы қамтылғанына ризашылығын білдірді.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, журналист, әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахманов Astana aqshamy газетін жаңа елорданың, қаланың ғана емес, жалпы мемлекеттің орнығуына үлкен үлес қосқан басылым ретінде бағалады. 

«Арқаның төсінде бастау алған бұл газет үлкен жолдан өтті. Жалпы, қалалық газет деген шартты нәрсе. Мысалы, «Вашингтон пост», «Нью-Йорк таймс» – қалалық газеттер. Сондықтан бұл газет мемлекеттің орнығуына үлкен үлес қосты. Осы газеттің республикаға таралуына мүмкіндік туғаннан кейін Қазақстанның қиыр-қиырынан жазылушылар шығып, олар елорданың тынысынан хабардар болып отырды. Бұл газетте журналис­тиканың үлкен мектебі қалыптасты. Талай мықты редакторлар жұмыс істеді», – деді Сауытбек Аб­драхманов.

Жиын барысында сөз алған Astana aqshamy газетінің бұрынғы бас редакторы, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп осы басылымда елорданың зиялы тобы қалыптасқанын, олар қиын кезеңдерде жанын салып жұмыс істегенін тілге тиек етті.

«Astana aqshamy газеті  35 жылдан бері қаланың тыныс-тіршілігін жазып келеді. Осы уақыт ішінде газет қаланың шежірешісі болды деп айтуға болады. Біз де осы басылымда аз-кем қызмет атқардық. Шамамыз келгенше газетті жалпақ жұртқа танытуға атсалыстық. Бауыржан Омаров, Талғат Батырхан, Ғалым Қожабеков сияқты азаматтармен бірге жұмыс істедік. Бұл – жай газет емес, бұл – астаналық газет. Қалалық газет көп. Ал астаналық газет ол екінің бірінің маңдайына бұйырмаған. Газеттің бүкіл баяны жинақталып, үлкен кітап болып шығуы біз үшін ғана емес, келер ұрпақ үшін де қажетті дүние деп есептеймін. Өйткені әр тасқа басып, осылай жинақтап, бар-жоқты түгендеп, еңбек еткен азаматтардың аттарын атап, 35 жылдыққа орай әдемі жинақ жарық көріп отыр. Сарғайса да газеттің ақ парағы, оны да кеп әйтеуір ақтарады демекші, бұл жерден тарихты тауып оқуға болады. Газеттің артықшылығы – осы», – деді Нұртөре Жүсіп.

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» дегені бар. Бұл сөздің бүгінгі құндылығын академик, филология ғылымдарының докторы Кәрімбек Құрманәлиев Astana aqshamy газеті мысалында түсіндірді. Ол газеттер мен журналдар көркем әдебиет және ғылым мен мәдениеттің барлық жетістігін сақтаудың, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің негізгі құралы екенін жеткізді. Сонымен қатар аталған басылымның ұтқыр ұйымдастырушы деген қағиданы қаперіне алып, игі істерді ілгерілету, елдегі береке мен бірлікті, ынтымақты, ерен еңбекті жұртшылыққа жеткізуде, еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға үндейтін үнқағаздардың алдыңғы қатарында тұратынын айтып, басылым ұжымына ізгі ниетін білдірді.

Қаламгер, публицист Жанарбек Әшімжан «Елорда шежіресі» кітабының жарыққа шығуын ұлт баспасөзіндегі тарихи күн деп есептеді. Бір ұрпақтың ғұмырымен пара-пар уақытқа сай келетін кезеңде жұмыс істеп келе жатқан газет ұжымына ризашылығын жеткізді.

«35 жыл дегеніміз баспасөз үшін аз уақыт емес. Қалалық газет менің жаныма жақын болып тұрады. Жалпы, қалалық газеттердің табиғаты республикалық газеттерден бөлек болады. Қаламыздың тағдыры, күнгейі, теріскейі, бәрі-бәрі осындай басылымдарда қамтылады. Бір қаланың бүкіл тарихи шежіресін жасап шыққан осы қалалық басылымдар. Әр қазақ баспасөзінің басынан алағай да бұлағай кезеңдер өтті. Сондай кезде Astana aqshamy күнделікті жарияланымын тоқтатқан емес. Сондықтан газеттің басшылық қызметіндегі азаматтарға, журналистердің газеттің туын түсірмей күресіп, жоқтан жонып жұмыс істеп жатқандарына ризамыз. Қиын уақыттарда да жұмыс істегеніне қарамастан, қалалық басылымдардың орнын жетекші орынға көтеріп жатыр», – деді Жанарбек Әшімжан. 

«Елорда шежіресі» кітабы елорда тарихына, отандық журналистика саласына және тәуелсіз Қазақстан шежіресіне қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған. Жинақтар алдағы уақытта кітапханалар мен білім беру мекемелерінің қорына ұсынылады.

Іс-шара барысында  Журналистер одағы атынан Astana aqshamy газетінің бас редакторы Еркін Қыдырға «Парасатты тұлға» төсбелгісі, ал бас редактордың орынбасары Ғалым Қожабековке «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісі табысталды, иықтарына шапан жа­былып, құрмет көрсетілді.

Сымбат БЕГІМБАЙ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қаңтар 2026 05:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see161

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see150

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see150

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see150

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see148

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see146

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see142

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see141

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see138

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see136

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see132

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see132

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see123

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see123

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see121

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары