Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Жолдауда айтылған барлық реформаның игілігін қарапайым азаматтар көреді Арман Жансенгіров

Жолдауда айтылған барлық реформаның игілігін қарапайым азаматтар көреді Арман Жансенгіров

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жиынға Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, «Әділет» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Арман Жансенгіров және Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Нұрсұлтан Орынбасаров қатысты. Сонымен қатар кездесуге ауданның білім саласының өкілдері мен жастар қатысты.

Кездесу барысында спикерлер Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттарға тоқталып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғам алдындағы өзекті міндеттер жөнінде пікір білдірді.

Алғашқы болып сөз алған Энергетика вице-министрі Қайырхан Серікұлы Тұтқышбаев энергетика саласын дамыту, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту және саланың тұрақты дамуы бағытындағы міндеттерге тоқталды.

Өз кезегінде Құрылтай депутаты Арман Жансенгіров әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға бағытталған бастамаларға тоқталып, білім беру жүйесін жетілдіру, инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасау және педагогтердің мәртебесін арттыру мәселелерін атап өтті.

«Бұл Жолдау ерекше кезеңде жарияланды. Биыл қасиетті Тәуелсіздігімізге 35 жыл толды. Наурыз айында бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енді. Жуырда ғана ұлттық мерекеміз – Республика күнін атап өттік. Осындай тарихи белесте Президент елдің келесі кезеңдегі даму бағытын айқындап берді. Мемлекет басшысы әлемдегі ахуалдың күрделі екенін ашық айтты: халықаралық құқық жүйесі әлсіреп, ірі державалар арасында сенім дағдарысы туындады. Осындай алмағайып заманда елдің ішкі тұрақтылығын сақтау, бірлік пен келісімді нығайту, тәртіп пен жауапкершілікті бірінші орынға қою – басты шарт. Жолдаудың өзегі бір ойға саяды: барлық реформаның басты өлшемі де, басты игілігін көретін де – қарапайым азамат. Біздің ұрпақ болашаққа тек шотта жинақталған қаржыны емес, технологиясы дамыған, экономикасы мықты, инфрақұрылымы озық, өмір сүруге қолайлы жаңа тұрпатты мемлекетті аманат етіп қалдыруы тиіс», – деді Құрылтай депутаты Арман Жансенгіров.

«Әділет» партиясының мүшесін Арман Жансенгіровтің айтуынша, «Халықтық құрылысы» – ел тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба. Жолдаудағы ең ауқымды бастама әрқайсымызға тікелей қатысты. Президенттің сөзімен айтқанда, Қазақстан бір үлкен құрылыс алаңына айналуы тиіс – құрылыс барлық өңірде басталады.

Осы мақсатқа Ұлттық қордан 2029 жылдың соңына дейін шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді, оның 1,5 триллионы алдағы айларда-ақ әлеуметтік жобаларға жұмсалады. Мемлекет басшысы бұл бастаманы «Халық құрылысы» деп атауды, ал 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Бірінші кезеңде 70-ке жуық денсаулық сақтау мекемелері, 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет ошағы салынады. Сонымен қатар көптеген елді мекенге газ бен таза ауызсу жүргізіледі. Құрылыс нысандарын салу үшін алдымен әр өңірдің нақты қажеттілігі бағаланып, қаражат шын мәнінде қажет жерге бағытталады. Жоба жүздеген мың адамды, соның ішінде жас мамандарды жұмыспен қамтып, жергілікті бизнеске тапсырыс береді. Президент қатаң талап қойды: Ұлттық қор қаражаты импортқа жұмсалмайды – басымдық отандық материалдарға беріледі, ал шығындарды арнайы мемлекеттік комиссия қадағалайды. 

«Бұл құрылыстың алғашқы кезегінде денсаулық сақтау нысандары тұр. Бұл кездейсоқ емес: халықтың саулығы – мемлекеттің басты байлығы. Осы салада аудандық ауруханадан бастап облыстық басқармаға дейін ұзақ жыл еңбек еткен адам ретінде оларға толығырақ тоқталайын. Елімізде 7 миллионға жуық бала бар, жыл сайын 330 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Сондықтан 8 заманауи перинаталдық орталық, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей, Ақтау қалаларында 7 көпбейінді балалар ауруханасы, сондай-ақ Астанада 2 нысан салынады. Бұл – ана мен бала өлімін азайтуға бағытталған қадам: жоғары технологиялы көмек жақындап, ата-аналарға баласын емдету үшін басқа қалаға сабылудың қажеті болмайды. Екінші бағыт – алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаңғырту. Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігі кеңейіп, қаржыландыру кезең-кезеңімен артады. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік қызмет мамандарының жалақысы үздіксіз еңбек өтілі үшін 40 пайызға дейін өседі. Бұл – 77 мыңнан астам терапевт, педиатр, жалпы практика дәрігері, фельдшер мен мейіргер. Бұл неліктен маңызды? Учаскелік қызмет – жүктемесі ең ауыр қызмет: пациент көп, құжат көп, жауапкершілік жоғары. Сондықтан тәжірибелі мамандар одан жиі кетеді. Үстемеақының мәні қарапайым: үзіліссіз неғұрлым ұзақ жұмыс істесең, ол соғұрлым жоғары болады. Ал отбасыларды жылдар бойы білетін дәрігер аурудың алдын жақсы алып, оны ерте анықтайды. Бұл әсіресе ауыл үшін маңызды», – деді Құрылтай депутаты Арман Жансенгіров.

Өңір тұрғындарымен кездескенде халықтың табысын арттыру, әлеуметтік қолдау тетіктері түсінділірді. Адамның әл-ауқатын оның табысы, отбасына көрсетілетін қолдау және балаларының алатын білімі айқындайды.

Жиында білім беру саласына қатысты міндеттер де кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, білім беру инфрақұрылымын жетілдіру, білікті мамандар тапшылығын азайту, мұғалімдердің жұмыс жүктемесін оңтайландыру және артық есептілік пен қағазбастылықты жою мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу», – деп атап өтіп, педагогтердің негізгі жұмысына кедергі келтіретін артық есептілік пен қағазбастылықты жою қажеттігін тапсырған болатын.

Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту, тиісті мамандармен қамтамасыз ету және балалардың даму ерекшеліктерін ерте жастан анықтау жұмыстарының маңыздылығы айтылды.

«2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ол 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін, яғни 30 пайызға жуық өседі. Бұл 1,8 миллионға жуық адамға – сауда, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне, мектеп, аурухана мен балабақшалардың кіші персоналына, оның ішінде 370 мыңнан астам бюджет саласы қызметкеріне қатысты. Талап мемлекеттік ұйымға да, жеке компанияға да міндетті. Сонымен қатар бұрын көмекті кейде ауқатты отбасылар да алып, ал мектеп пен аурухана жетіспей жатты. Енді әлеуметтік қолдау шынымен мұқтаж жандарға беріледі. Бұл ретте жаңа тетіктер кезең-кезеңімен, пилоттық режимде енгізіледі – ешкім күтпеген жерден қолдаусыз қалмайды. Елімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар 237 мыңнан астам бала бар. Олар үшін инклюзивті білім беру инфрақұрылымы дамиды, соның ішінде ауқымды құрылыс барысында да. Ал мұғалімдерді артық есептерден босатып, дөрекілік пен қысымнан қорғау тапсырылды. Ұстаздың басты міндеті – білім мен тәрбие беру», – деді депутат Арман Жансенгіров.

Сонымен қатар реформаларды жүзеге асыруда қоғамдық бірлік, заң мен тәртіп және адал еңбектің маңызын жеткізді.

«Бұл Жолдау – әр отбасының тұрмысына тікелей әсер ететін нақты шешімдер жиынтығы. Жаңа аурухана мен перинаталдық орталық, жөнделген жол, ауылға келген газ бен таза су, өскен жалақы, кәсіпкерге берілген еркіндік – мұның бәрі алдағы жылдары әрқайсымыздың өмірімізден көрініс табуы тиіс.

Мемлекет басшысының басты мақсаты – Әділетті, Күшті, Таза, Озық Қазақстан құру. Бұл мақсатқа заңдар мен институттарды жетілдірумен ғана жету мүмкін емес. Ең алдымен азаматтардың санасы жаңаруы, «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Адал азамат» тұжырымдамасы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы қажет. Халқымызда «Әрекет түбі – берекет» деген сөз бар. Патриот болу – заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау, Отанымыздың игілігі үшін тынбай еңбек ету деген сөз. Өз тарапымнан Жолдауда көтерілген мәселелердің, әсіресе денсаулық сақтау мен әлеуметтік салаға қатысты тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылауда ұстаймын. Сіздердің ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізге әрдайым ашықпын», – деді Құрылтай депутат Арман Жансенгіров.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарды койды. Өзекті сұрақтарға жауап берді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:77
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 17:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see167

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see159

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see156

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see155

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see151

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see148

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see148

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see138

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see136

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see136

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see132

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see129

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see128

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see126

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see124

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see122

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see119

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see113

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see111

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары