Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Ауқымды саяси реформаның алғышарты

Ауқымды саяси реформаның алғышарты

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Парадигманың ауысуы ескі супер­пре­зиденттік жүйеден бас тартуды талап етеді. Осының нәтижесінде дүниеге келген тең­ге­рімді жаңа жүйеде Президент билік тар­мақтарынан тыс: Мемлекет басшысы дәс­түрлі билік тармақтарының ешбіріне кір­мейді. Ол – арбитр және үйлестіруші, билік тармақтары арасындағы үзіліссіз іс-қимылды қамтамасыз етеді. Тұрақтылықтың кепілі ретінде Президент саяси жүйені дағдарыстан қорғаушы және қоғамдық тепе-теңдікті сақтаушы. Биліктің функционалдық бөлінісі барысында Президенттің тікелей үстемдігі азайып, оның негізгі қызметі ретінде билік тар­мақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтап, олар­дың жұмысын үйлестіру алдыңғы қатар­ға шығады. Керісінше, заң шығарушы орган – Құрылтайдың рөлі айтарлықтай күшей­тіліп, атқарушы орган – Үкіметтің опера­ция­лық дербестігі артып, сот билігінің толық тәуел­сіз­дігі нығайтылады.

Нәтижесінде, биліктің жауапкершілігі қайта бөлінбек. Мұнда Президент стратегия­лық бағытты айқындайды және саяси тұрақ­ты­лықтың кепілі болады. Құрылтайдың заң шығару ықпалы артып, халық атынан бақы­лау жасау әлеуеті күшейеді, ал Үкімет то­лық­тай Құрылтай алдында есеп беретін болады. Заң шығару үдерісіндегі теңгерімді Құрылтайдың негізгі заң шығарушы орган ретіндегі дербестігі мен рөлінің артқандығынан көруге болады. Бұл жерде Президенттің заң шығару бастамашылдығы сақталғанымен, рөлі салыстырмалы түрде қысқарған. Ол қа­был­данған заңға қол қояды. Яғни бұл шек­теу­лі, бірақ маңызды ықпал деуге болады. Енді Құрылтайға келсек, онда ол ұлттық диалог алаңы ретінде ашық саясат тетігін іске асыратын қоғамдық үнге айналмақ. Оны қоғамдық пікірді тікелей Президентке жеткізуші ұлттық алаң деп қарастырған жөн. Сонымен бірге осындай кері байланыс орнауының арқасында Президент Құрылтай арқылы халықпен тиімді қарым-қатынас орнатады. Нәтижесінде, мемлекет пен қоғам арасындағы ашықтық пен сенімнің артары сөзсіз.

Үкіметті қалыптастыру мен оның жауап­кер­шілігін арттыру мәселесінде Құрыл­тайдың Премьер-министрді тағайындау­дағы рөлінің күрт жоғарылайтыны анық. Президент өзіне бақылаушы және келісуші рөлін алып, формальды бекіту функциясына ие болып отыр. Ал Үкімет болса, экономика мен стратегияны жүзеге асыруда толық дербес әрекет ете алады. Ендеше, Үкімет тікелей Құрылтайға тәуелді болып, саяси жауапкершілік толығымен Үкі­мет пен Құрылтайға ауысады. Үкіметтің толық операциялық жауапкершілігі де қам­та­масыз етілген. Құрылымдық тұрғыда ми­нистр­ліктер толығымен Үкіметке бағынады. Пре­зи­дент күнделікті басқарудан босатылған, стратегиялық деңгейдегі жоғары атарушы би­ліктің символдық басшысы.

Жаңа конституциялық модельде Вице-президент лауазымын инновация деп қарас­тыр­ған абзал. Сондықтан аталған институтты енгізу барысында өкілеттіктердің одан әрі бөліну үдерісі басталып, Вице-президент ­Қазақ­стан Республикасы Президентінің тапсырмасы бо-йынша Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Президент атынан өкілдік етеді. Ол Мемлекет басшысы айқын­дай­­тын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын болады.

Халық Конституциясына сәйкес, Прези­дент­тің тікелей құзыретіне мемлекеттің қор­ғанышы болу да жатады. Себебі қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік пен сыртқы сая­сат саласы «Күшті Президент» қағидатының сақ­та­ла­тынын көрсетеді. Демек ішкі саясат пен эко­номика орталықсыздандырылғанымен, мем­­лекеттің сыртқы тұтастығы мен оның қауіп­­сіздігі тікелей Президентке бағынышты бол­мақ.

Әділ сот және теңгерімді бақылаудағы жаңа жүйенің белгілеріне сот тәуелсіздігінің нақты артуын, конституциялық бақылаудың теңгерімді тетігін және Жоғарғы Сот Кеңесінің мәртебесі мен ықпалының күшеюін жатқызуға болады. Ал Президент Тәуелсіздікке кепілдік бе­руші ретінде кадрлық тағайындауларға қаты­сады, бірақ басқа институттардың да қаты­суы кеңейтіліп, саяси монополия азаяды.

Жаңа Конституцияда диалогтік мемлекет моделін құруға үлкен қадам жасалған. Құ­рыл­тай қоғамдық диалогті ең жоғары алаңы болса, Қазақстан Халық Кеңесі қоғам­дық келісімді қамтамасыз ететін кеңесші органға айналмақ. Бұл үдерісті ел көлемінде орталық­сыз­дандырылған жергілікті басқарудың тірегі саналатын мәслихаттар мен сайланбалы әкімдер ілгерілететін болады. Ал Президент – «байланыс арнасы». Қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты орнатушы, қоғамдық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету­дің басты кепілі.

Көріп отырғанымыздай, демократиялық орталықсыздандыру мәселесінде өңірлерге ерекше мән берілген. Өңірлік билікте мәс­ли­хаттардың рөлі мен өкілеттіктері айтар­лық­тай кеңейтілген. Жергілікті басқаруда әкімдерді ті­келей сайлау элементтері енгізіліп отыр. Мұн­дағы Президенттің ұстанымына келер болсақ, онда ол жергілікті билік пен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту стратегиясын ғана айқындайды. Микроменеджменттен бас тарту арқылы Мемлекет басшысы аймақ­тық биліктің жұмысына тікелей араласпай­ды, оған тек қана жанама ықпал етеді. Соны­мен билік теңгерімінің іс жүзіндегі көріні­сінде Президенттің тікелей үстемдік етпей­тіні, тек сол тетіктің мінсіз жұмыс істеуін қадаға­лай­тын­дығы айқын байқалады.

Жаңа конституциялық модельдегі Пре­зидент институтының трансформациясында үш басты өзгеріске куә болып отырмыз. Бірін­­ші­ден, ол – суперпрезиденттік жүйеден тең­герімді президенттік-парламенттік модельге өту. Екіншіден, Президент билікті шо­ғыр­­ландырушыдан, оны үйлестіруші және оған стратегиялық бағыт берушіге айнала­ды. Үшіншіден, аталған институт тікелей басқарушыдан, саяси жүйенің тұрақтылығына және кепіліне трансформацияланады. Мұны де­мократиялық жүйеге қарай жасалған нақты беталыс деп түсінген жөн. Сонымен бірге өзара бақылау күшейтіледі. Билік тармақ­та­ры арасындағы тежемелік және тепе-теңдік жүйелі дағдарыстардың алдын алуды қам­тамасыз етуі керек. Бұл – әр элемент бас­қа­ларын қолдайтын және демократиялық даму­­дың қайтымсыздығын қамтамасыз ететін тұ­рақты теңгерімді модельдің орнығуына алғы­шарт жасалды деуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін бұрынғы Парламент палата­ла­рының бірлескен отырысында республи­калық референдумда қабылданған жаңа халықтық Кон­ституцияны іске асыру мақса­тында «Қа­зақстан Республикасының Президенті тура­лы», «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заңдар қабылданды. Нәтижесінде, Президент тура­лы заң жаңа Конституцияның ереже­ле­рі­не бейімделіп, оның нормалары пысық­та­лып, редакциялық тұрғыдан жақсартылды. Сол сияқты бір палаталы Құрылтайдың конституциялық-құқықтық негізі бекітілді. Аталған құжатта Құрылтайды ұйымдастыру мен оның қызметі құқықтық тұрғыда реттеліп, депутат­­тардың да құқықтық мәртебесі ай­қын­дал­ды. Бұл Құрылтай мен Үкімет арасын­да­ғы өзара іс-қимылды жүйелеп, мем­ле­кет­тік институт­тардың тиімді жұмыс істеуіне негіз болады.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» және «Қазақ­стан Республикасының әкімшілік-аумақ­тық құрылысы туралы» конституциялық заң­дары, «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетіл­діру мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» конституциялық заң және Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң шықты. Мұнымен қоса, Президент Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыс­тық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Рес­пуб­­­ликасының Әкімшілік құқық бұзушы­лық туралы кодексіне оларды Қазақстан Рес­­­публикасының Конституциясына сәйкес кел­тіру туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Конституцияда әкімшілік сот тө­релігі сот ісін жүргізудің дербес нысаны ретінде бекітілді.

Бұл заңдар жаңа Конституцияға сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңғыр­тып, аталған құқықтық реформалар елімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге де тың серпін бермек. Халық пен билік өкілдерінің қарым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сонымен бірге қолданыстағы заңнамаларды Конституция талаптарына сай өзгерту жұмысы жалғасып, Үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік-құқықтық актілерді жаңа Конституцияға сәйкес келтіру жөнінде қажетті шараларды атқармақ. Бұл өзгерістер күшіне енген соң, мәслихаттардың ықпалы артады. Жақын арада Құрылтай сайлауы өтуі керек және Халық кеңесі құрылатын болады. Бұл орган түрлі өңірлердің, әлеуметтік топ­тар мен құрылымдардың мүдделерін бірік­тіріп, бірыңғай ұлттық күн тәртібін қалып­тас­тыруға мүмкіндік бермек. Осылайша, ол халықтың шынайы үнін жеткізетін, страте­гиялық деңгейде ықпал ететін бірегей инсти­тутқа айналуы керек.

Сонымен жаңа Конституцияны іске асырудың құқықтық тетіктерін бекіту мемлекет­тік билік тармақтарының мәртебесі мен құзы­реттерін нақтылады. Бұл ауқымды саяси рефор­маның іске асырылып жатқанының нақты көрінісі. Еліміздің басты құжаты Прези­дент Қ.Тоқаев атап айтқандай, бола­шақ­қа бағытталып, қазақ қоғамының да­муы­ның қозғаушы күшіне айналмақ. Бұл үдеріс халықтың болмысын, ұлттық құндылықтар мен сана-сезімін, азаматтардың дүниетанымын өзгертпек. Ол «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтырып, қоғам мүшелерін заңды құрметтеп, қадірлеуге, оны қолдауға шақырады. Жаңа Конституция адам және оның өмірін басты құндылық ретінде танып, азаматтардың барлығына тең мүмкіндік беретін және олардың құқықтары мен бостан­дықтарын қамтамасыз ететін әділетті қоғам құрудың кепілі болмақ. Сонымен бірге халық Конституциясында заң үстемдігін қамтамасыз ету мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басты міндеттері ретінде айқындалған. Ендеше мұны мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайтудың және еліміздің тұрақты дамуы, халық пен билік арасындағы өзара сенім мен келісімнің кепілі деуге толық негіз бар. Демек түбегейлі өзгерістер ішкі саясаттың мазмұнын жаңартып, оның бағыт-бағдарын айқындай түсетіні анық.

Жапсарбай ҚУАНЫШЕВ,

қоғам қайраткері

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Шілде 2026 15:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары