Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Байқоңыр метро станциясы уақытша жабылады

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Барыс соңғы секундтарда есепті теңестіріп, Спартакты жеңді

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Қазақстан Халық Кеңесі комитетінің салалық комиссияларының құрамы бекітілді

Қазақстан Халық Кеңесі комитетінің салалық комиссияларының құрамы бекітілді

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бүгін Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік комитетінің алғашқы отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиынды Комитет төрағасы Марат Әзілханов жүргізді.

Онда Халық Кеңесі мүшелерін салалық комиссиялар құрамына бөлу мәселесі қаралды. Отырысқа Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаев қатысты.

Жиынды ашқан Марат Әзілханов Комитеттің ел алдында тұрған өзекті міндеттерді шешуге жәрдемдесу мақсатымен қоғамдық және сарапшылық әлеуетті біріктірудегі маңызды рөліне тоқталды. Бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізу үшін Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері салалық комиссияларға бөлінді. Аталған қадам мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың тиімді форматын қалыптастыруға бағытталған.

Жиын барысында бекітілген шешімге сәйкес, Мәдениет пен азаматтық бірегейлікті дамыту мәселелері жөніндегі салалық комиссияны Рауан Кенжеханұлы басқарды.

Жалпыұлттық бірлік мәселелері жөніндегі салалық комиссияның жетекшісі болып Наринэ Микаелян, ал Спорт және әскери-патриоттық тәрбие мәселелері жөніндегі салалық комиссияның жетекшісі болып Ислам Байрамуков тағайындалды. Төртінші комиссия – Құқықтық мәдениет және медиация мәселелері жөніндегі салалық комиссияға Мәди Мырзағараев жетекшілік етті.

Комитеттің мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен және Кеңес хатшылығымен өзара іс-әрекетінің бағыттары мен тетіктері талқыланды. Негізгі назар қоғамдық ұсыныстарды салалық комиссиялар мен жұмыс топтарында тиісті сала мамандарын тарта отырып, сараптамалық бағалаудан өткізу арқылы олардың сапасы мен негізділігін арттыруға аударылды.

Талқылау барысында Комитеттің 2026–2027 жылдарға арналған жұмыс жоспарының жобасы қаралды. Құжат алдағы кезеңдегі жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап, сараптамалық кездесулер, кең ауқымды қоғамдық талқылаулар және кеңейтілген отырыстар өткізуді көздейді. Бұл жоспарды нақты ұсыныстармен толықтырудың алғашқы қадамы Халық Кеңесі мүшелерінің ой-пікірлерінен басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілін дамыту арқылы жалпыұлттық бірлікті нығайтып, мемлекеттілікті күшейту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Рауан Кенжеханұлы да өз ұсыныстарын ортаға салды.

«Қазақ әдебиетімен қатар, әлем әдебиетінің үздік туындыларын, соның ішінде Қазақстанда тұратын өзге этностардың әдеби және мәдени мұрасын қазақ тіліне аударып, кеңінен насихаттауға жағдай жасауымыз қажет. Мұндай жұмыс оқырманның дүниетанымын кеңейтіп, мемлекеттік тіл арқылы еліміздің сан алуан мәдени мұрасын тануға мүмкіндік береді», – деді ол.

Осы тақырыпты жалғастыра отырып, Ольга Спирина қазақ тілін ана тілі ретінде емес, екінші тіл ретінде оқытудағы кедергілерді еңсеруге бағытталған жобасын таныстырды. Оның айтуынша, қазіргі мектеп бағдарламалары оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыруға толық мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты ол әдіскерлер мен педагогтерден құралған жұмыс тобын құрып, қазақ тілін оқыту әдістемесін толық қайта қарауды, білім деңгейін бағалаудың нақты критерийлерін енгізуді және мұғалімдерге қажетті әдістемелік қолдау көрсетуді ұсынды.

Тіл мәселелерімен қатар, Ирина Соловьева мәдениет саласын жаңғырту қажеттігін айтып, заманауи технологиялар мен тікелей қарым-қатынас арқылы музейлерді жастар үшін қызықты әрі тартымды орынға айналдыруды ұсынды.

Ол мұндай жаңғыртудың негізгі тетігі ретінде меценаттықты дамыту мен бизнес өкілдерімен әлеуметтік әріптестікті нығайтуды атап өтті. Оның пікірінше, кәсіпкерлердің мәдениет саласына қолдау көрсетуі адам капиталын дамытуға тікелей ықпал ететін басым бағыттардың біріне айналуы тиіс.

Комитет отырысында атап өтілгендей, жинақталған ұсыныстар мен бастамалар салалық комиссияларда сараптамадан өтіп, Халық Кеңесі Бірінші сессиясының міндеттерін іске асыруға бағытталған нақты қадамдарға негіз болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:32
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 19:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Байқоңыр метро станциясы уақытша жабылады

04 Қазан 2026 21:46see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see133

Барыс соңғы секундтарда есепті теңестіріп, Спартакты жеңді

04 Қазан 2026 22:31see133

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see132

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see131

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see131

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see131

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see129

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see128

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see122

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see122

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see120

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see117

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see117

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see117

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see116

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see116

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see115

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see114

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары