Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

Қазақстан Халық Кеңесі туралы Конституциялық заң мақұлданды

Қазақстан Халық Кеңесі туралы Конституциялық заң мақұлданды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Парламент 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Конституцияны іске асыру мақсатымен әзірленген «Қазақстан Ха­лық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатты Әділет министрі Ерлан Сәрсем­баев таныстырды.

– Жаңартылған конституциялық мо­д­ельдің өзегінде – адам, оның қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтары тұр. Адамға бағдарланған тәсіл негізінде қоғам мен мемлекеттің өзара іс-әрекетінің сапалы жаңа үлгісі қалыптасуда. Ата за­ңымыздың мазмұны мен логикалық құ­рылымына сүйене отырып, жаңа Конс­титуция – шын мәнінде халықтық си­патқа ие болғанын  ешбір күмәнсіз айтуға болады. Жоғарғы консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесінің құ­рылуы осының айқын дәлелі, – деді Әділет министрі.

Оның айтуынша, құжат халық мүд­делерін білдіруді қамтамасыз етуге және қоғамның мемлекеттік саясатты қалып­тастыруға қатысу тетіктерін дамытуға бағытталған – жаңа конституциялық институтты заңнамалық тұрғыда бекітуді көздейді.

Отырыс барысында Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заң жобасы халық мүдделерін ашық әрі жүйелі түрде білдіруге арналған институционалдық алаң қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Оның ай­туын­ша, бұл алаң азаматтардың мемлекеттік саясатты қалыптастыруға белсенді қа­тысуына ықпал етіп, қоғамдық келісімді нығайтуға және қоғамды шоғырлан­ды­руға, сондай-ақ негізгі шешімдерді тал­қылау, әзірлеу және қабылдау үдерістеріне атсалысуға мүмкіндік береді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұсынылған «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конс­титуциялық заң жобасы мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың жаңа сапа­лық тетігін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Халық Кеңесінің негізгі мақсаты – мемлекеттік саясатты қалып­­тас­тыру мен іске асыруға консультативтік қатысу, қоғамдық келісімді нығайту және жалпыұлттық диалогты дамыту. Бұл орган елдің стратегиялық даму мақсаттары төңірегінде қоғамды біріктіретін маңызды институтқа айналуға тиіс», – деді ол өз сөзінде.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров қосымша баяндама жасап, заң жобасы Қазақстан Халық Кеңесінің құқықтық мәртебесін жоғары конституциялық кон­сультативтік орган ретінде айқындайты­нын хабарлады. Оған мына өкілеттіктерді беру қарастырылған: ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, Құрылтайға заң жобаларын енгі­зу, республикалық референдум өткізу жө­нінде бастама көтеру, сондай-ақ мем­лекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты қамтамасыз ету. 

Заң жобасында қоғамның негізгі топтары – этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің теңгерімді өкілдігі көзделеді, әрқайсынан 42 адам­нан болады.

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің ұсынылып отырған өкілеттік мерзімі – төрт жыл. Оның мүшелеріне қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен мін­деттері, сондай-ақ өкілеттіктерін тоқтату тетіктері жеке регламенттелген.

Парламент палаталарының заң жо­басы бойынша бірлескен комиссиясының құрамына Мәжілістен депутаттар Ерлан Саиров, Аманжол Әлтай және Наталья Дементьева, Сенаттан депутаттар Нұр­төре Жүсіп, Нурия Ниязова және Алишер Сатвалдиев кірді. Комиссия төрағасы болып Нұртөре Жүсіп сайланды.

Бірінші оқылымда «Қазақстан Рес­пуб­ликасы астанасының мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы да мақұлданды. Құжатты депутаттарға Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Бауыржан Омарбеков таныс­тырды. Оның айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаттары – астананың мәрте­бесін айқындау, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыру.

– Мемлекет басшысы айқындаған конституциялық реформаның жалғасы ретінде елорданың құқықтық мәртебесін жаңа деңгейде бекіту ерекше маңызға ие. Елорданың қарқынды дамуы, халық санының тұрақты өсуі, оның ішінде урбанизация процестерінің күшеюі өз кезегінде құқықтық және басқарушылық тетіктерді одан әрі жетілдіруді қажет етеді, – деді Бауыржан Омарбеков.

Мәжілістегі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов қосымша баяндама жасап, заң жобасында біріншіден, жер­гілікті мемлекеттік басқарудың ерекше­ліктері, соның ішінде астананың Рес­публиканың саяси, әкімшілік, мәдени және экономикалық орталығы ретіндегі рөлін атқаруы үшін жағдай жасау қарастырылғанын айтты.

Сонымен қатар астананың мәслихаты мен әкімдігінің қала құрылысы, көші-қон, экология, көлік және жол қозғалысы бойынша өкілеттіктері бекітіледі. Сон­дай-ақ қаланы дамытуды кешенді басқару көзделген. Атап айтқанда, елорданың бі­рыңғай архитектуралық келбетін қа­лыптастыру, құрылысты реттеу, инфра­құрылымды және қала маңы аймағын дамыту, орманды саябақ аймағын сақтау және қорғау, көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыру, көлік инфрақұры­лы­мын жетілдіру және тағы басқа нормалар регламенттеледі.

Парламент палаталарының заң жоба­сы жөніндегі бірлескен комиссиясының құрамына Мәжілістен депутаттар Нұртай Сабильянов, Мархабат Жайымбетов, Болатбек Нажметдинұлы және Нұрсұлтан Байтілесов, Сенаттан депутаттар Сүйіндік Алдашев, Евгений Больгерт, Талғат Жүнісов және Сағындық Лұқпанов кірді. Комиссия төрағасы болып Нұртай Са­бильянов сайланды.

Бұдан бөлек, «Қазақстан Республика­сының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» конституциялық заң жобасы бі­р­інші оқылымнан өтті. Ұлттық эко­номика министрінің міндетін атқарушы Бауыржан Омарбеков заң жобасына әкімшілік-аумақтық бірліктерді (облыс, аудан, қала, ауыл және т.б.) айқындау, оларды құру, қайта құру және тарату тәр­тібін реттеу және мемлекеттік орган­дардың өкілеттіктерін белгілеуге қатысты нормалар енгізілгенін айтты.

Заң жобасында қала, ауыл және кент мәртебесін беру мен өзгертуге қойылатын нақты талаптар қарастырылған. Аталған норма елді мекендердің мәртебесін негізсіз өзгертуге жол бермейді және бұл рәсім белгіленген уақыт кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсет­кіштері мен тұрғындардың пікірі негізінде ғана іске асырылатын болады.

Сонымен қатар цифрландыру талап­тарын ескере отырып, әкімшілік-ау­мақ­тық бірліктер мен олардың шекараларын «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйе­сінде есепке алу және тіркеу бойынша құзыреттер бекітіледі. Елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту бас жоспарлар немесе даму схемалары негі­зінде жүзеге асырылатын болады. Бұл қала құрылысы мен аумақтық жоспар­лаудың өзара байланысын күшейтеді.

Мұқаш Ескендіров қосымша баянда­масында әкімшілік-аумақтық құрылыс нормаларын конституциялық заң дең­гейінде бекіту мемлекеттің аумақтық ұйымының тұрақтылығы мен орнықты­лығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мем­лекеттік басқару органдарының қызметі үшін орнықты құқықтық негіз қалып­тастыратынын атап өтті.

Парламент палаталарының заң жо­басы бойынша бірлескен комиссиясының құрамына Мәжілістен депутаттар Мұқаш Ескендіров, Данабек Исабек, Руслан Қо­жасбаев және Еркебұлан Мәмбетов, Сенаттан депутаттар Жанна Асанова, Әли Бектаев, Жанболат Жөргенбаев және Бауыржан Қаниев кірді. Комиссия төрағасы болып Әли Бектаев сайланды.

Сонымен қатар отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР конституциялық заңына өз­герістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» конституциялық заң жобасы бойын­ша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамын өзгерту тура­лы мәселені қарады. Өкілеттігі тоқтатылған Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаевтың орнына депутат Берік Бейсенғалиев келді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Мамыр 2026 05:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see147

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see116

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see116

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see115

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see115

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see114

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see113

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see113

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see113

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see112

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see112

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see111

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see111

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see110

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see110

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see109

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

13 Тамыз 2026 19:19see109

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14 Тамыз 2026 19:17see108

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see108

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

13 Тамыз 2026 11:25see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары