Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жергілікті басқару туралы заң жобасы мақұлданды

Жергілікті басқару туралы заң жобасы мақұлданды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Парламент мүшелері бастамашы болған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы Президент тапсырмаларын орындау мақсатымен әзірленген. Заң жобасы өңірлерді нығайтуға және жергілікті өзін-өзі басқару мәртебесін арттыруға бағытталған. Оның нормаларын әріптестеріне Мәжіліс депутаты, заң жобасы авторларының бірі Екатерина Смышляева таныстырды.

– Мемлекет басшысы азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы маңызды екенін бірнеше рет айтқан болатын. Жоба жергілікті қауымдастықтың жиыны мен жиналысы ұғымдарын заң жүзінде бекітіп, олардың аражігін нақты ажыратып береді. Жина­лыс – өзін-өзі басқару органы, ал жиын – тұрғындардың қатысу нысаны. Аумақтық кеңестердің құрылу тәртібі мен функциялары нақтыланды. Бұл ірі ауылдар мен қала тұрғындарының басқаруға көбірек қатысуына мүмкіндік береді, – деді депутат.

Сонымен қатар заң жобасы арқылы мәслихаттардың рөлі күшейтіледі. Екатерина Смышляеваның айтуынша, мәслихат депутаттары әкімдердің халықпен кездесуінен кейін қабылданған жоспарлардың орындалуын бақылауға қатысатын болады. Сондай-ақ оларға бюджетке түзету енгізуге бастамашы болу, бюджет комиссиясының жұмысына қатысу және басқа да мүмкіндіктер беріледі. Сонымен бірге мәслихаттардың коммуналдық нысандарды басқаруға атсалысу деңгейі арта түседі.

Бұған қоса, мәслихат депутаттарының сауалдары ашық қолжетімді жерде жария­ланады. Олардың әлеуметтік кепілдіктері де күшейтіледі. Атап айтқанда, іссапар шы­ғындарын өтеу қарастырылған. Ал мәс­лихат таратылған жағдайда, тұрақты негізде жұмыс істейтін депутаттарға төлем беріледі.

Мәслихат аппаратының қызметін институционалдық тұрғыдан нығайту қарастырылады. Оның басшысын қызметке тағайындау және босату тәртібі белгіленіп, тиісті өкілеттіктер мәслихат төрағасына беріледі. Аппарат басшысына кадрлық процестерді басқару, соның ішінде аппарат қызметкерлерін тағайындау құзыреті беріледі. Бұған қосымша, мәслихат таратылған жағдайда оның мәртебесі мен қызметі туралы мәселе реттелді.

Депутат атап өткендей, заң жобасы Пре­­зиденттің ауыл әкімдерімен диалог ала­­ңында және мәслихат депутаттарының форумында берген тапсырмаларын орындау аясында бірқатар ұсыныспен толықты. Атап айтқанда, өңірлердің қаржылық дербестігін нығайтуға бағытталған нормалар енгізілді. Жергілікті бюджеттерге үш түрлі төлем мен айыппұлдан қосымша кіріс түсе­тін болады. Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қаражатты бөлуде және шешім қабылдауда көбірек еркіндік беріледі.

Тағы бір маңызды бағыт – мәслихаттар қызметінің ашықтығын арттыру және цифр­ландыру. Мысалы, отырыстарды он­лайн трансляциялауға, құжаттарды жария­лауға және хат алмасуға қойылатын талаптар енгізіледі. Заң жобасы депутаттар­дың жауапкершілігін күшейтеді, соның ішінде олар үшін әр жартыжылдықта өздерінің сайлау округтерінің тұрғындары алдында міндетті есептерді енгізу ұсынылады. Ал мәслихат төрағасын қайта сайлау мүмкіндігі тек екі мерзіммен шектеледі.

Талқылау барысында баяндамашы мен жауапты мемлекеттік органдардың өкілдеріне өңірлердің қаржылық дербестігі, атап айт­қанда, төртінші деңгейдегі бюджеттердің кіріс базасын қалай ұлғайту жоспарланғаны туралы сұрақтар қойылды. Депутаттар сон­дай-ақ институционалдық даму тақыры­бын көтеріп, мәслихат аппараттарының өкілеттіктерін кеңейтудің және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері институтын одан әрі дамытудың, оның ішін­де жергілікті жерлердегі шынайы сұ­ра­нысын бағалаудың орындылығын тал­қылады. Бұған қоса, мәслихаттар қызметінің ашықтығын арттыру шаралары, оның ішін­де цифрлық технологиялар мен жұмыс тиімділігін арттыру құралдарын енгізу туралы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар депутаттар тұрғын үй қорын басқаруды жер­гілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қосу мүм­кіндігін және басқа да мәселелерді қозғады.

Пікірталас қорытындысы бойынша, депутаттар түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдау туралы шешім қабылдады. Талқылау Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіровтің жетекшілігімен жұмыс тобының отырыс­тарында жалғасады.

Жалпы отырыста Қазақстан мен Оман үкіметтері арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салу­дан жалтаруға жол бермеу туралы келісім және оған Хаттама ратификацияланды. Оны депутаттарға Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов таныстырды.

Қосымша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Қара­қат Абден құжаттар екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және инвес­тициялар үшін қолайлы жағдай жасауға, өзара сауданы кеңейтуге бағытталғанын айтты.

Келісім сондай-ақ екі елдің құзыретті органдары арасында ақпарат алмасу арқылы салықтан жалтарудың алдын алуға бағыт­талған, бұл қаржылық ашықтықты қамта­масыз етуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, инвесторлардың құқықтарын қорғау және салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру бойынша басқа да шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, салық салу мақсаттары үшін резиденттікті айқындау, салық салына­тын кірістерді бөлу, салық салу кезінде кемсітушілікке жол бермеу, жеңілдіктерді шектеу және басқа мәселелер реттелетін болады.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Еуразия­лық экономикалық одақ пен үшінші та­раптың (тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді рати­фикациялап, оны әрі қарай қарау үшін Сенатқа жолдады.

Жұмыс тобының жетекшісі Қарақат Абденнің деректері бойынша, құжат ЕАЭО мен үшінші тараптардың кедендік шека­ралары арқылы тауарларды тасымалдауға қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ететін кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі жұмыс істеуінің негізгі принциптерін қарастырады.

– Келісім жобасының нормаларын іс жүзіне асыру бақылаушы қызметтердің іс-әрекетін азайту, сондай-ақ бизнес шы­ғындарын қысқарту арқылы тасымалдау рәсімдерін жеңілдетуге және оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте бірыңғай транзиттік декларацияны электрондық құжат түрінде қолдану, кедендік баждар мен салықтарды төлеу міндеттемелерін қамтамасыз етудің бірыңғай тетігін пайдалану көзделіп отыр. Бұған қоса, тауарлардың бүкіл қозғалыс бағыты бойынша тасымалын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану, сондай-ақ кедендік бақылау нәтижелері мен кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара тану маңызды артықшылық болмақ, – деп түсіндірді депутат. 

Жалпы отырыста Мәжілістің Экономи­калық реформа және өңірлік даму комитеті бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы жаңа заң жобасын жұмысқа алды.

Жалпы отырыста депутаттар мемлекеттік органдарға өзекті әлеуметтік және эконо­микалық тақырыптар бойынша 14 депутаттық сауал жолдады. Олардың барлығы Мәжілістің ресми сайты мен Telegram-арнасында жарияланды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 21:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары