Тоқаев NVIDIA басшысына ерекше ұсынысы үшін желіде алғыс айтты
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі президенті Дженсен Хуангпен нәтижелі кездесу өткізіп, жасанды интеллект мәселелерін талқылағаны үшін алғыс білдірді. Бұл туралы президент өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Ақордада жасанды интеллектіні дамыту және оны Қазақстан экономикасында, әсіресе ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану мәселелерін нәтижелі талқылағанымыз үшін Дженсен Хуангке ризашылығымды білдіремін. Сіздің идеяларыңыз бен кеңестеріңіздің біз үшін практикалық маңызы өте зор", – делінген жазбада.
Еске сала кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада NVIDIA президенті Дженсен Хуангті қабылдаған болатын.
Кездесу барысында NVIDIA басшысы жаңа индустриялық революцияның бастауында президент белгілеген Қазақстанды "AI-ұлтқа" – жасанды интеллектіні дамыту мен жаппай енгізуге бағдарланған мемлекетке айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады. Сонымен қатар Дженсен Хуанг Қазақстанды жаһандық Physical AI хабына айналдыруды ұсынды.
Ол сондай-ақ соңғы бір жыл ішінде NVIDIA мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық аясында айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін айтып, отандық технологиялық компаниялармен байланыстың нығаюына ерекше тоқталды.
Айта кетейік, NVIDIA – 1993 жылы негізі қаланған, графикалық процессорлар (GPU) мен есептеуіш үдеткіштер жасау саласындағы әлемдік көшбасшы саналатын америкалық технологиялық компания.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:22
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2026 16:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















