Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Аурухана мен емхана басшыларының кәсіби деңгейі тексерілуде

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Азия Пара ойындары: Қазақстан 50 медаль жеңіп алып, үздік ондыққа енді

Азия Пара ойындары: Қазақстан 50 медаль жеңіп алып, үздік ондыққа енді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Құрлықтық додада қазақстандық спортшылар 12 алтын, 16 күміс және 22 қола медаль жеңіп алып, жалпы саны 50 жүлдеге қол жеткізді. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы тоғызыншы орынға тұрақтады.

Азия Пара ойындарында Қазақстан намысын спорттың 12 түрінен 150 спортшы қорғады. Ұлттық құрама пара дзюдо, пара велоспорт, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара садақ ату, пара оқ ату, пара үстел теннисі, пара таеквондо, бочча, арбадағы теннис және волейболды отырып ойнаудан сынға түсті.

Ұлттық құрама ең көп медальді пара дзюдодан жеңіп алды.

Бұл спорт түрінен қазақстандық спортшылар 5 алтын, 1 күміс және 7 қола медаль иеленіп, жалпы саны 13 жүлдеге қол жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасы пара дзюдодан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Атап айтқанда, Ибраһим Нұрмаханұлы (J2, 70 келіге дейін), Бексұлтан Құлмырза (J2, 81 келіге дейін), Жұрқамырза Шүкірбеков (J2, 95 келіден жоғары), Ақтолқын Сейілбекова (J1, 70 келіден жоғары) және Зарина Райфова (J2, 70 келіден жоғары) Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

Ал Жанбота Аманжол (J2, 95 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алды. Ғалымжан Смағұлұлы, Ермек Нұрқабаев, Бағланбек Оналбек, Ерлан Өтепов, Альфия Тілекқабыл, Даяна Федосова және Аяла Мереке қола жүлдегер атанды.

Пара жүзуден Қазақстан құрамасы 1 алтын, 5 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпы саны 10 жүлдеге қол жеткізді.

Бұл спорт түрінен Диас Кенжебек S10 класында 100 метрге арқамен жүзуден Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Сонымен қатар ол 100 метрге еркін жүзу және 200 метрге кешенді жүзу қашықтықтарында күміс, 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден қола медаль жеңіп алды.

Әли Тұрғанбеков SB4 класында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ ол Қазақстан құрамасының сапында 4×50 метрге аралас кешенді эстафетаға қатысып, тағы бір күміс медаль иеленді. Бұл сайыста ұлттық құрама намысын Әли Тұрғанбековпен бірге Наталья Звягинцева, Зүлфия Ғабидуллина, Айсұлтан Құлқаев және Сиязбек Далиев қорғады.

Қазақстан құрамасы 4×50 метрге еркін стильдегі аралас эстафетада да күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл жарыста Наталья Звягинцева, Айсұлтан Құлқаев, Сиязбек Далиев және Зүлфия Ғабидуллина өнер көрсетті.

Сонымен қатар Роман Потапов, Виктор Волков және Алина Синельникова өз қашықтықтарында қола медаль жеңіп алып, ұлттық құраманың жүлделер санын толықтырды.

Пара велоспорттан ұлттық құрама 4 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Жалпы саны 9 жүлде иеленген қазақстандық велоспортшылар құрлықтық додада жоғары нәтиже көрсетті.

Наиль Ермұхамбет ерлер арасындағы B класында тасжолдағы топтық жарыс пен жеке уақытқа жарысудан екі алтын медаль жеңіп алды.

Анастасия Калаус та әйелдер арасындағы осы екі бағдарламада чемпион атанды. Сонымен қатар ол тректегі 4000 метрге жеке қуалау жарысында күміс жүлдеге ие болды.

Кирилл Илюкевич тасжолдағы топтық жарыс пен жеке уақытқа жарысудан екі күміс, тректегі 4000 метрге жеке қудалау жарысында қола медаль жеңіп алды. Ал Жұлдыз Қайнарова тасжолдағы топтық жарыста күміс жүлдегер атанды.

Пара пауэрлифтингтен Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жалпы саны 6 жүлдеге қол жеткізді.

Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 192 келіні көтеріп, Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты және чемпион атанды.

Тұрсынай Қабыл 41 келіге дейінгі, Алина Солодухина 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.

Станислав Шакиев пен Айжан Берімқұлова жекелей сында қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар Ерболат Кәрібай, Давид Дегтярев және Станислав Шакиевтен құралған Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста қола медаль иеленді.

Пара жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Ислам Сәлімов T13 класында ұзындыққа секіруден, Дастан Мұқашбеков F36 класында ядро итеруден күміс жүлдегер атанды. Иван Залезняк F36 класында, Махамбет Серікқалиев F53 класында ядро итеруден қола медаль иеленді. Оған қоса, Айсұлу Сүлейменова әйелдер арасында 100 метрге жүгіруден T62 класында 16,18 секунд нәтиже көрсетіп, Азия рекордын жаңартты.

Пара үстел теннисінен Қазақстан спортшылары 4 қола медаль жеңіп алды. Осылайша ұлттық құрама аталған спорт түрінен де жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Пара садақ атудан Қазақстан құрамасы 1 күміс және 1 қола медаль иеленді. Ерлер арасындағы W1 класында жұптық сында Нұршат Төлеуқасым мен Темірлан Сейтқамал күміс жүлдегер атанды. Бұл — Қазақстанның Азия Пара ойындары тарихындағы пара садақ атудан алғашқы медалі.

Сонымен қатар Нұршат Төлеуқасым W1 класындағы жекелей жарыста қола медаль жеңіп алды.

Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов R1 бағдарламасында, SH1 класында 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен ату сайысында алтын медаль жеңіп алып, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ерлер құрамасы Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды. Қазақстандық волейболшылар жартылай финалда Ирак құрамасын тартысты кездесуде 3:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Ал алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде Иран құрамасына 0:3 есебімен есе жіберіп, құрлықтық доданы екінші орынмен аяқтады.

Ал пара таеквондо, бочча және арбадағы теннистен сынға түскен Қазақстан спортшылары жүлделі орындарға ие бола алмады.

"Биылғы Азия Пара ойындары Қазақстан ұлттық құрамасы үшін нәтижелі болды. 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарында спортшыларымыз 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 11-орын иеленген болатын. Ал биыл ұлттық құрама 12 алтын, 16 күміс және 22 қола медальға қол жеткізді. Осылайша, өткен ойындармен салыстырғанда алтын медаль санын төртке, жалпы жүлде санын тоғызға арттырдық. Сонымен қатар биыл Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарының тарихында алғаш рет пара үстел теннисі мен пара садақ атудан медаль жеңіп алды. Спортшыларымыз бірнеше рекорд орнатып, жоғары нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда, Еркін Ғаббасов пен Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордтарын жаңартса, Диас Кенжебек пен Айсұлу Сүлейменова өз кластарында Азия рекордтарын орнатты. Бұл жетістіктер — ең алдымен, мемлекет тарапынан пара спортты дамытуға көрсетіліп отырған қолдаудың, спортшыларымыздың табандылығы мен қажырлы еңбегінің, жаттықтырушылардың кәсіби жұмысы мен жүйелі дайындықтың нәтижесі", — деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дукетаев.

Осылайша, V Азия Пара ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы 12 алтын, 16 күміс және 22 қола медаль жеңіп алып, жалпы саны 50 жүлдемен жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:61
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2026 16:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see142

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see141

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see132

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see131

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see131

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

22 Қазан 2026 22:18see130

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

22 Қазан 2026 23:06see130

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see129

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see129

Аурухана мен емхана басшыларының кәсіби деңгейі тексерілуде

22 Қазан 2026 22:30see128

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see127

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see127

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see127

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see127

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see127

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see126

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see121

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see121

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары