Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

Тәуелсіздікке бастар жол

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

новости на сайте Ак Жайык

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Естеліктерді оқудың бір кереметі бар. Олар өткенге өзгеше көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Мәселен, тарихи құжаттарды зерделегенде белгілі бір тұлғаның ресми бейнесін танысақ, еркін жазылған естеліктерден сол адамның мүлде басқа қырын көреміз. Қатал көрінген адамның жұмсақ мінезді болып шығуы мүмкін. Сол сияқты өмірде бойында орасан күш-қуаты бар адам ресми құжаттарда мүлде басқаша сипатталып жатады. Бүгін оқырмандарымызды осындай бір ерекше естелікпен таныстырмақпыз.

Қазақстанның музыка тарихында Евгений Брусиловскийдің есімі алтын әріптермен жазылған. Қазақ кәсіби музыка өнерінің бастауында тұрған композитор артына мол мұра қалдырды. Оның мұрасы тек музыкалық шығармалармен шектелмейді, естеліктері де бар. Композитор өзі көрген-білгенін жазғанымен, кейбір тұлғаларды жағымсыз қырынан көрсетеді. Мұның автордың субъективті көзқарасы екенін түсінсек те, кейде ой жүгіртпей қалмаймыз. Бүгінде өнер тарихында аңызға айналған тұлғаларды неге қаралаған екен? Араларында жеке араздық болған күннің өзінде, оны неге тарихта қалатын естеліктеріне енгізді екен? Жауабын іштей сезгенімізбен, нақты айта алмаймыз. Бәлкім, оның қажеті де жоқ шығар.Бүгінгі әңгіме басқада.

Брусиловcкийдің естеліктерін оқып отырып, осы жолы «Қыз Жібек» жайлы жазғанына назар аудардық. Әр ария, әр сюжет қалай дайындалғанын жаза келе премьера қалай өткені жайлы жазады. Көңілінен шықпапты. Себептері белгілі дейді. Оған қарағанда «Айман-Шолпан» тәуір өткен екен. Көп ұзамай «Қыз Жібек» екінші рет сахналанып, оны Мұхтар Әуезов келіп тамашалапты.

«Қыз Жібектің»  екінші қойылымына театрға М. Әуезов келді. Спектакльден кейін біз серуендеуге шықтық. М. Әуезов спектакльді жалпы алғанда мақұлдай отырып, менің қазақтың ән қазынасын тым жомарттықпен шашып жүргенімді айтты. Әр әннің өз авторы бар, бірақ ол белгісіз болып қала береді. Жеке алғанда, әрқайсысы бір әңгімеге немесе повеске арқау бола алатын әндер бар. Ал менің спектаклімде олар шағын эпизод қана, музыкалық спектакльдің сәулеттік құрылымындағы кішкентай кірпіш қана болып тұр. Осы ғимараттың үстінде менің ғана аты-жөнім жазылған. Ал әділдік тұрғысынан қарағанда, онда көптеген қазақтың есімдері мен тектері жазылуы тиіс еді.

Осыдан кейін Евгений Григорьевич өз пікірін жазады. Оның айтуынша, осындай әңгіме айтылып жүргеніне көп болған. Мұхаңның айтқаны таңсық емес. Сол кезде оған «Еңлік-Кебек» туралы, негізі халық ішінде жатқан тарихтан бастау алады депті. Алайда басылымдарда «халық аңызы желісімен» деп жазылмайды депті.

«Қыз Жібек» те халық аңызы, бірақ біз «халық аңызының желісі бойынша» және т.б. деп жазбаймыз, тек автор ретінде Мүсіреповтің тегін көрсетеміз. Ол да, сіз сияқты, аңыздың емес, сахналық нұсқаның авторы. Сіз әр әннің өз авторы бар дейсіз. Әннің бізге қалай жететінін және осы жолда оның қаншама авторы пайда болатынын басқа біреу білсе, біреу білмес.

Мысалға, Гәкку әнін алады. Бәрі Ыбырай әні дейді. Бірақ оның өз орындауын дәл осындай болған ба? Бізге жеткен нұсқа өңделмеген бе? Ауызша таралған мәдениетте түп нұсқаны табу қиын. Әр орындаушы өз қабілетіне сай өңдейді. Эталонға айналған нұсқа, көп ұзамай өзгеріп кетуі мүмкін. Сол кезде әннің авторы кім болмақ? Гәккудің осы нұсқасының авторы кім? Ыбырай ма? Құлмағамбет пе? Иса ма? Дәл осылай Брусиловский Әуезовке өз жауабын айтыпты. 

Кейін әннің авторлығы туралы былай жазады.

Сіз де шығармашылық жолыңызды халық өнерінен бастадыңыз. Бұл заңды әрі дұрыс таңдау болды. Ал мен неден бастауым керек? Әрине, мен де халық өнеріне сүйенуім керек. Сонда қызық жағдай туындайды. Егер өз жанымнан музыка шығарсам, ол қазақ музыкасы болмайды, демек, Қазақстанда ешкімге қажет емес. Ал қазақтың халық әндерін пайдалансам, менің еңбегімде ешқандай шығармашылық ізденіс жоқ, бар болғаны бір әнді екіншісіне жалғап қана отырмын деген сөз.

Онымен қоймай, талай әннің авторын тасада қалдырып, олардың шығармаларын өз атыммен шығарып жүрген болып көрінемін. Сонда бұл плагиат, қарапайым тілмен айтқанда, ұрлық болғаны ма? Кімнің еңбегін ұрлаппын? Авторлардың ба? Ал ол авторлар қайда? Әннің соларға тиесілі екенін қалай дәлелдейміз?

Ән айтылмаса, ел арасында шырқалып, тірі орындауда естілмесе, оның ғұмыры да тоқтайды. 

Осылайша Евгений Григорьевич Мұхтар Омарханұлының уәжіне жауап берген екен. Ұзақ әңгіме жолды қысқартып, Әуезовтың Артиллерийская көшесіндегі үйіне де жеттік дейді. Кейін үйіне қайтып бара жатып, осы жайлы тағы ойланыпты. 

Тағы бір күні дәл осы үйге бір шарауымен барады. Есік алдында Мұхаңның жұбайы Валентина Николаевна күтіп алып, жазушының кабинетіне нұсқап “кіре беріңіз, Мұхтар Омарханұлының қасында Жансүгіров бар” дейді.

Ішке кірсем, Әуезов пен Жансүгіров креслоларына жайғасып, екеуі де үнсіз отыр екен. Мұндайда жөн-жоралғы бойынша:

– Қайырлы күн! – деп анық естіртіп амандастым.

Әуезов пен Жансүгіров маған бұрылып қарап, бірдеңе деп күбір етті. Сірә, сәлемімді алған болар. Сөйтіп, кабинетке кіріп, отыра кеттім.

Біраз уақыт үнсіздік орнады. Өзімді ыңғайсыз сезіне бастадым. Орынсыз келіп, екі жазушының терең әңгімесіне бөгет болғандаймын. Бірақ енді тұрып кетудің де реті жоқ. Оның үстіне, мен кіргенде екеуі де ойға батып, үнсіз отырған. Демек, әңгімелерін бөлген де жоқпын.

Біршама уақыт өткен соң Жансүгіров ақырын ғана қазақша үш-төрт ауыз сөз айтты. Соңғы сөзінің әуенінен сұрақ қойғанын аңғардым. Сөйтті де, қайта үнсіз қалды.

Әуезов те жауап беруге асықпады. Үш минуттай ойланып отырған соң, Мұхаң қазақша үш-төрт ауыз сөзбен нық жауап қайтарды.

Екеуінің осылайша «қызу» жүріп жатқан әңгімесін Валентина Николаевна бөліп, бәрімізді дастарқанға шақырды.

Орнымыздан ауыр қозғалып, асханаға беттедік.

Дастархан басында Мұханның әйелі Брусиловскиймен әңгімелеседі. Ауа-райы, Алматы мен Ленинградтың айырмашылығы сияқты жалпы әңгіме. Екі жазушы өздері отырып, үндемей, сүтті шай ішіп отырыпты. Уақыт сырғып өте береді.

Көп ұзымай Жансүгіров орнынан асықпай тұрып, қонақжайлық танытқан Валентина Николаевнаға алғысын білдіреді де, қайтуға қамданады. Үй иесі оны шығарып салып, қайта асханаға оралып келеді. Осыдан кейін Әуезов мінезі күрт өзгеріпті.

Енді Әуезовтің мүлде басқа қырын таныдым. Ол ашық-жарқын, әңгімеге жүйрік, тыңдаушысын бірден баурап алатын жан екен. Мұхаң төңкеріске дейінгі қазақ қоғамындағы рулық құрылыс жайында тереңнен толғап, көп мағлұмат айтты. Бұл әңгімеден мол тағылым алып, ерекше әсермен үйге қайттым.

Брусиловский Әуезовпен әр кездескен сайын тың дүниелерге қанығып, білімін толықтырып отыратынын айтады. «Оның айтары да, білгені де мол еді», – деп түйіндейді композитор.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына  белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 01:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see138

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

21 Қазан 2026 11:52see136

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

21 Қазан 2026 08:16see135

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

21 Қазан 2026 07:56see134

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

21 Қазан 2026 09:07see133

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

21 Қазан 2026 09:46see132

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

21 Қазан 2026 14:45see132

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

21 Қазан 2026 14:49see132

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see132

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see129

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see129

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see124

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

21 Қазан 2026 16:58see121

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

21 Қазан 2026 15:58see120

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see120

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

21 Қазан 2026 16:12see120

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

21 Қазан 2026 14:36see117

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see115

новости на сайте Ак Жайык

21 Қазан 2026 13:58see113

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары