Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Бұны көрген көрермен әйелдер жылап еңіреп отырды : Брусиловскийдің театрдағы алғашқы қойылым жайлы естелігі

Бұны көрген көрермен әйелдер жылап еңіреп отырды : Брусиловскийдің театрдағы алғашқы қойылым жайлы естелігі

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақ театрының құрылу тарихы – тек мәдениет шежіресі ғана емес, тұтас бір дәуірдің рухани жаңғыруын танытатын қайталанбас құбылыс. Театрдың алғашқы қадамдары жайлы ресми құжаттар жеткілікті болғанымен, оның шынайы тынысын, алғашқы сахнаның иісін, жаңа өнердің қалай туып, қалай өркендегенін ең дәл жеткізетін – сол кезеңді көзімен көрген адамдардың естелігі. Өнердің бастауында тұрған әрі алғашқы еуропалық композиторлық мектепті қалыптастынған  Евгений Брусиловскийдің жазбалары осы тұрғыдан баға жетпес дерек болып табылады.

Ол тек көрген-білгенін ғана емес, сол ортада бірге жұмыс істеген адамдардың мінезі мен қарым-қатынастарын да шынайы сипаттайды. Әсіресе Күләш Байсейітова мен Жұмат Шанин туралы айтылған жылы пікірлер жас театрдың қандай жағдайда дамып, қандай ізденістермен қалыптасқанын нақты елестетуге мүмкіндік береді. 

Брусиловский әуелгі сөзін келесідей бастайды.

1934 жылдың қаңтарында Алматыда Қазақ мемлекеттік музыкалық театры жұмысын бастады. Адам атаның қабырғасынан жаралған Хауа ана сияқты, қазақтың музыкалық театры да Қазақстандағы ең көне драма театрдың негізінде құрылды. Бұған дейін қазақ драма театры аралас театр ретінде саналған. Сол кезден бастап дарынды музыкант-әртістер драмалық театрдан бөлініп, музыкалық театрға топтасты.

«Айман–Шолпан» спектакліне музыканы М. Әуезовтің тапсырмасымен И. В. Коцык жазды. Драма театрында Орманбек Беков, Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыров, Камал Қармысов, Жүсіпбек Елебеков сияқты майталман актерлер қалды. Ал драмадан музыкалық театрға Күләш Байсейітова (Гүлбахрам Бейісова) ауысып, драмада тек М. Шамова мен Рабиға Мұхамедиярова сияқты жетекші актрисалар қалды.

Брусиловскийден оқығанымыздай, Алматыда Қазақ мемлекеттік музыкалық театры ашылып, музыкалық бағыттағы әртістер драма театрынан жеке шағын ұжым ретінде бөлінді. Сол кезеңде Күләш Байсейітова жаңа театрға ауысса, драма сахнасында Қалибек Қуанышбаев пен Серке Қожамқұлов сияқты актерлер қалды. 

Ары қарай автор сол кездің "жұлдыздары" жайлы жазады

Ал музыкалық театр болса, Күләш Байсейітова, Үрия Тұрдықұлова,  Айнаш Ержанова, Шара Жандарбекова, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, Манарбек Ержанов, Ибади Тәуекелов секілді дарынды табиғи тума өнерпаздардың есімдерімен жарқырай түсті.

Халық ағарту комиссары Темірбек Жүргенов бұл жас театрға үлкен қамқорлықпен, ерекше ықыласпен қарады. Жүргенов театрдағы барлық іске араласты: репертуар таңдаудан бастап, қойылым, музыка, суретші жұмысы, материалдық база – бәрін өзі бақылап отырды. Ал ресми көркемдік жетекші – Жұмат Шанин, бас суретші – А. И. Ненашев, музыка жетекшісі – И. В. Коцык болатын.

Осы аттары аталған өнерпаздардың біразы халық жадында сақталғанымен, кейбірі өкінішке қарай ұмытыла бастады. Театр тарихында маңызды рөл атқарған бұл тұлғалардың еңбегі бүгінде толық айтылмайды. Сондықтан олардың есімін қайта жаңғыртып, сол дәуірдің шынайы бейнесін көрсету маңызды.

Кейінгі әңгіме "Айман-Шолпан" жайлы болады.

Сонымен, 1934 жылдың қаңтарында театр М. Әуезовтің «Айман–Шолпан» музыкалық пьесасымен ашылды. Қойылым зор табысқа жетіп, әр кеш сайын залды лық толтырды. Пушкин көшесіндегі шағын театр ғимаратында бар болғаны 450 орын болатын, ол барлық көрерменді сыйдыра алмайтын. Тіпті алып денелі Қажымұқан үшін екі орынды біріктіріп, арадағы қалқаны алып тастап, қосарланған орын жасап берген.

Алғашқы қойылымдарды дирижер И. В. Коцык өзі басқарды, кейінірек бұл орынды театрдың бұрынғы трубашы Фёдор Андреевич Кузьмич иеленді. Коцык спектакль музыкасын жаңа қырынан түрлендіріп, әралуан әуендерді айқын калейдоскоп секілді безендіріп шығарды.

Осыдан кейін Брусиловский сол кезеңдегі би өнерінің жағдайына тоқталады. Оның айтуынша, ол уақытта ұлттық би әлі толық қалыптаспағандықтан, Шара Жиенқұлова бастаған өнерпаздар өзбек және татар билерін сахнаға шығарған. Биімен қатар халық әндері мен айтыс та көрерменге ұсынылып, театр репертуары түрлі жанрлармен толыққан.

Сонымен қатар Брусиловский Жұмат Шанин туралы да ерекше ықыласпен жазады. Ол оны «кішіпейіл адам» дейді. Өзінің қарапайым мінезі мен сабырлы болмысы арқылы Шанин Брусиловскийдің есінде терең әсер қалдырғаны аңғарылады.

Кейін екінші кезекте Бейімбет Майлиннің "Шұға" пьессасы сахналанса керек.

Бұл пьесада Күләштің драмалық дарыны ашылды. Ол, әрине, бұған дейін де өз талантымен көрерменді таңғалдырып жүрген, драмалық театрда да ойнап, М. Әуезовтің «Еңлік–Кебек» пьесасындағы Еңлік рөлін сомдаған. Бірақ музыкалық театрда бұл – оның алғашқы трагедиялық рөлі болатын. Соңғы актде Шұға өліп бара жатып, өмірмен қоштасу ретінде мұңды халық әні – «Бұрылтайды» айтатын. Толқыған, жүйкесі сыр берген әйелдерді көрермен залынан жылап-еңіреп шығарып жататын. Залдағы қалған көрермен де жылап отыратын.

Бісмиллә Балабеков дейтін актер болды. Ол атақты «Ағаш аяқ» әнін орындайтын, қария Балабектің ұлы. Сол шаман рөлінде ойнап, өліп бара жатқан Шұғаны сиқырлы емдеу рәсімін дәлме-дәл бейнелеп шықты. Егер «Айман–Шолпанда» музыка әр алуан, көбіне ойын-сауық сипатында болса, «Шұғада» музыка кейіпкерлердің ішкі әлемін ашатын психологиялық құралға айналды.

Жұмат Шанин бұл қойылымымен мақтануға толық құқылы еді.  Театр шығармашылық өрлеу кезеңін бастан кешіріп жатқан.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторын көрсетіп,  Аikyn.kz  сайтына  белсенді  гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 08:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары