Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Мәңгіліктің төрт сыры : Сұлтанбек Ғұмар қойылым жайлы айтып берді

Мәңгіліктің төрт сыры : Сұлтанбек Ғұмар қойылым жайлы айтып берді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бұл жолғы қойылым  минимализм стилінде жасалған. Сахнада ешқандай алып декорация жоқ. Оның орнына төрт жұптың тылсым биін үлбіреген төрт реңді мата жандандырды. Қызыл түстің төрт реңкі махаббаттың түрлі кезеңін айшықтап тұрғандай. Қойылымның қоюшы режиссері Сұлтанбек Ғұмар көрерменге махаббаттың жай сезім емес, екіжақты үлкен еңбек екенін жеткізгісі келген.

– Мәңгіліктің төрт сыры – махаббат жайлы қойылым. Бізге күш беретін де, өмірге құштар ететін де махаббат. Сондықтан өміріміз махаббаттан тұрады. Ал сол махаббаты сақтап қалу үлкен еңбек. Махаббат бес кезеңнен тұрады: қыз бен жігіттің бір-біріне ғашық болуы, екі жастың ынтықтығы құмарлыққа ұласып, махаббат елесіне айналуы, екеуара қақтығыс пен күрес, оның соңы бір-бірін қабылдауға әкеледі. Біз мәселелерден қашқан сайын олар қатая түседі. Ал, керісінше, біз оларды қабылдап, шешімін табуға тырыссақ, оның басқа жағымды тұстарын көре бастаймыз. Мөлдір махаббат су тәрізді, оған қол жеткізу үшін шешімдерін, формасын таба білу керек. Су стаканға құйса да формасын ұстайды, ағызып жіберсең де саңылау тауып, сыртқа шығады. Мәңгілік махаббат та сондай болуы керек.

Бесінші кезең – мәңгі махаббат. Неге мәңгіліктің төрт сыры? Осы төрт кезеңді жеңе білген, өте білген адам мәңгі махаббатқа жол ашады. Өйткені махаббатта сүйіп қана қоймай, ол жерде үлкен еңбек жатыр. Осыны дұрыс атқара білген, оны түсінген адамдар ғана отбасын сақтап, мәңгі бақытқа кенеледі , – дейді Сұлтанбек Ғұмар.

Оның айтуынша, қойылым небәрі екі аптаның көлемінде дайындалған. Оған қатысқан төрт жұптың әр дуэтінде өзіндік мінез бар. Әр образға келетін әртістерді өзі таңдаған. Оның үстіне әрқайсысының  хореографиясы да әртүрлі. Хореограф еркін бағытты ұстанғанымен әртістерден классикалық би элементтері, кей жерде шапшаң қимылды да байқауға болады.

–  Спектакльдің басқа да ұтымды тұсы өте көп. Мәселен екінші дуэтте қос ғашықтың қарым-қатынасындағы нәзік сәттер жіңішке жіп арқылы беріледі. Кейін олардың арасында түсініспеушіліктер пайда болғанда жіп арқанға айналады. Бірінші және екінші дуэттердің көздері таспа жіппен байлануы арадағы кемшіліктердің байқалмағанын білдіреді. Ал кейін олар көзіндегі байлаулы матаны шешкенде белдегі арқанды көріп, арада тайталас басталады, – деді қоюшы хореограф Сұлтанбек Ғұмар.

 Айтуынша, композитор Хамит Шанғалиев және оның пианист ассистенті Әлібек Әлпиевтің арасында ерекше шығармашылық тандем қалыптасқан.

 – Небәрі үш нотадан тұратын қысқа әуен хореографқа шабыт беріп, осы спектакльдің лейтмотивіне айналған. Бұл музыкада домбыраның үні мен қазақи нақыштағы әуендер кездеседі, бірақ оны заманауи классикалық тұрғыда өңдеп, балетке лайықтадым. Сұлтанбек бұл балетті өте әдемі қойған, оның идеясы музыкамен өте керемет үйлеседі. Жас болса да, оның ой-өрісінің кеңдігіне таңғаламын. Ол спектакльді егжей-тегжейлі ойластырған, – деді Хамит Шанғалиев.  

Сахнадағы қойылымды жарық баяндай түсті. Бос кеңістікті толтырып қана қоймай, әртістердің қимыл арқылы берген мінезін жандандырды. Тіпті, қоюшы хореограф бұл балетте жарықтың да қандай болуы керегін алдын ала ойластырған. Оның бұл идеясын жарық бойынша суретші Михаил Епанчин жүзеге асырды.

Осыдан екі жыл бұрын Сұлтанбек Ғұмар хореограф ретінде алғаш Борис Эйфманның Би академиясы ұйымдастырған «Жас хореограф» бүкілресейлік фестивальге қатысып, көрермен көзайымына айналған. Сол кезде ол  «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің музыкасына «Қилы заман» нөмірімен шыққан болатын. Сол кезде ол «М.Әуезовтің «Қилы заманы» мен Ш.Айтматов шығармасындағы мәңгүрт тақырыбын халықаралық деңгейде таныстыру көптен көкейімде жүретін. Бұдан бөлек, театрлық жарық дизайны бойынша жаңа білім мен тәжірибе ала алдық. Борис Эйфманның Би академиясында жарық бойынша суретшілерді даярлайтын арнаулы факультет бар. Бұл хореографтар үшін өте маңызды, өйткені жарықтың көмегімен-ақ барлық ойды және кейіпкердің мінезін жеткізеді» деген ойымен бөліскен болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 16:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары