Алаяқтардың қақпанына түсіп қалдым : Дана Нұржігіт көлігі мен қаржысынан айырылғанын айтты (видео)
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Тележүргізуші Дана Нұржігіт өміріндегі қиын кезеңді еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол сталкинг құрбаны болған және сол сәтте алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Айтуынша, басына қиындық туғанда он үш жастағы ұлы анасына тірек болып, қолдау білдірген.
«Бұл өмірде тапқан олжам – ақылды бала, адал дос. Балам сол кезде 13 жаста болды. Басында “Қандай да болсын әкем болғанын тілеймін” деп айтатын. Кейін оның да көңілі қалды. Сол кезде екеуміз бір шеп болып, бірге болдық. Ол менің ең бірінші тірегім болды. «Жығылғанға – жұдырық» болып, сол кезде алаяқтардың қақпанына түсіп қалдым. Бір күнде көлігімнен де, біршама ақшамнан да айырылдым. Екеуміз қара жаяу қалдық. Құдайға жалбарынып, “Көрсетпеген тағы нең қалды?” дедім. Сонда ұлым «Мама, мен сіздің көз жасыңызды да көрдім, депрессияға түскеніңізді де көрдім. Бірақ сынғаныңызды көргім келмейді» деді. Он үштегі балаң осылай айтып тұрған кезде қалай сынасың?!» – дейді Дана Нұржігіт Айсәуле Бақытбекке берген сұхбатында.
Тележүргізуші бұрынғы күйеуі сталкинг жасағаннан кейін денсаулығы сыр бергенін айтқан еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:74
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 23:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















