Қарағанды облысы ТЖД бастығы тағайындалды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Манарбек Қайыргелдіұлы Шапағатов Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Манарбек Шапағатов азаматтық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы өрт-техникалық училищесін, ал 2005 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.
Қызмет жылдары мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау, өртке қарсы қызмет салаларында түрлі лауазымдарда еңбек еткен. Степногорск қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
ТЖМ мәліметінше, 2022 жылғы шілде айынан 2026 жылғы қазан айына дейін Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:25
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 23:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















