Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Көнсең де, көнбесең де осы сарапшы саясаттағы жаңа реализм жайлы айтып берді

Көнсең де, көнбесең де осы сарапшы саясаттағы жаңа реализм жайлы айтып берді

Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстанда Конституциялық өзгерістердің сипаты, жаңа құрылымдардың қалыптасуы, коалициялық үдерістер мен тіл төңірегіндегі пікірталастар қоғамдық санада әртүрлі реакция туғызуда. Осындай күрделі кезеңде саясаттанушы Жанат Момынқұлов елдегі саяси трансформацияның астарлы тұстарына, элиталық келісімдердің логикасына және алдағы ықтимал сценарийлерге қатысты өз бағасын білдірді. Оның пікірінше, қазіргі ахуал біржақты эмоциялық бағалаудан гөрі терең институционалдық талдауды қажет етеді.
–
 Билік қоғам алдында беделін жоғалтып жатыр деген пікірмен келісесіз бе?

– Мен биліктің қоғам алдындағы беделін толық жоғалып бара жатыр деп ойламаймын. Қазақстан – әртүрлі тіл, ұлт, дін, саяси көзқарас пен дүниетанымдағы әлеуметтік топтардың күрделі жиынтығы. Сондықтан билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынас пен пікір әртүрлі болады. Мұндай күрделі мәселелерге саясаттану немесе әлеуметтану тұрғысынан үстірт жауап беру қиын. Соңғы жылдары билік саяси технологияларды кеңінен қолданып, әртүрлі «фокусты» белсене пайдаланып жатқанымен, қоғамның саналы әрі көзі ашық бөлігінің сыни көзқарастары қалыпты жағдай. Бұл сыни пікірлерге геосаяси қысымдар, ішкі саяси ахуалдың тұрақсыздығы, инфляция, салықтың өсуі, қымбатшылық секілді нақты әлеуметтік-экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұнай дәуірінің алдағы 20-30 жылда аяқталу мүмкіндігі мен алдыңғы бір тұлғаға байланған саяси жүйенің инерциясы әсерімен, инновациялық серпіліс жасау өте қиын әрі ауыртпалықты болатыны да айқын.

– Парламенттік реформа неге біртіндеп конституциялық реформаға айналып кетті?

– Парламенттік реформа біртіндеп конституциялық реформаға ауысуы Ақорданың ішкі талқылауларында алдын-ала жоспарланған шаралар тізбегі сияқты көрінеді. Елдегі саяси науқанды рет-ретімен жүргізу қажеттілігі биліктің стратегиялық шешімі деп бағалауға болады. Халықты дүрліктірмеу мақсатында алдымен парламенттік реформаның жалпы идеясы ақпараттық алаңға шығарылып, кейін нақты саяси ниет жүзеге асырылуда. Меніңше ондағы күрделі сұрақтарды комиссия отырысы барысында жұмсартып, күрделі қоғамдық талқылау жағдайынан аман алып шықты.

– Билік бұл реформаларды халыққа түсіндіруге неге асықпады? Ақпараттық вакуум әдейі жасалған қадам дей аламыз ба?

– Ақпараттық вакуумның әдейі жасалған қадам екені туралы пікірге келер болсақ, қоғамның көбін қызықтыратын қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі мәселесіне билік белгілі бір деңгейде көңіл бөліп, осы тақырыпқа қатысты ұстанымын білдірді. Бұл жерде саяси технологияның іздері анық байқалады, өйткені тіл мәселесі нәзік әрі шиеленісті сипатқа ие. Алатау қаласының статусына қатысты құқықтық және әлеуметтік тәуекелдер де кең талқылауға себеп болды. Ол қаланы кім басқарып бақылау жүргізеді? Сонымен бірге, билік тармақтарының тежемелі жүйесі, адам құқықтары мен президенттің құқықтары сияқты тақырыптар қоғамның басқа бөлігінің назарында болды.  Әр топ өзіне қызықты тұсын талқыға салды.

– Жаңа құрылымды 145 мүшеден тұратын биліктің өз өкілдері құра салуы қаншалықты заңды әрі легитимді?

– Қазақстанда саяси элитаның жартылай жаңару үрдісі жүріп жатқанын ескерсек, қазіргі саяси жағдай билікті орталықтандыру, тұрақтандыру және күшті президент институтын парламентпен формалды теңестіру, соны Ата заңда рәсімдеу үшін қолайлы мүмкіндік туғызды. Бұл шешім ең жоғары деңгейдегі институттар мен элиталық тұлғалардың ресми келісімі ретінде қабылданады. Ұлттық құрылтай секілді «халық» сүзгісінен өтіп, қоғамдық талқылауларда қарастырылып, кейбір түзетулер енгізілгені заңдылық тұрғыдан жеткілікті болып саналады. Дегенмен қоғамның кейбір топтары оны қабылдауға дайын емес, бірақ референдум өтіп, онда көпшілік ресми дауыс берсе, бұл легитимді болып есептеледі. Сонымен қатар, шетелдік серіктестер мен елдердің ресми қолдауы да билікке сенімді арттырады.

– Енді коалиция құру мәселесі көтеріліп жатыр, бұл саяси плюрализмнің белгісі ме?

– Партиялардан құрылған саяси коалиция президенттің конституциялық реформасын бірауыздан қолдап отыр. Бұл саяси плюрализм емес, керісінше, бір орталықты билікке негізделген «гибрид, электоралды авторитарлық модельдің» көрінісі. Партиялар арасында нақты стратегиялық айырмашылықтар байқалмады, сондықтан барлығы реформаны қолдады. Бұл «көнсең де, көнбесең де осы» дегендей саяси реализмнің белгісі.

– «Қатар» деген сөздің қоғамда мемге айналуы нені көрсетеді?

– «Қатар» сөзінің қоғамда мазаққа айналуы биліктің қазақ тілі мәселесінде нақты әрі ауқымды өзгеріс енгізуге ниеті жоқ екенін көрсетті. Қазіргі экономикалық қиындықтар мен саяси ойындар, виртуалды әлемдегі ұрандар шынайы өмірден алыстап, қазақ қоғамының бір бөлігі мұны түсінді. Әсіресе аса ұлтшыл деп саналатын топтар тіл мәселесінде үндемей қалды, ал тәуелсіз және шын ұлтшыл азаматтар ғана өз пікірлерін ашық айтты. «Тең» сөзін «қатар» сөзімен алмастыру – жарты қадам алға жылжу деп есептеймін, бірақ алдағы 5-10 жылда қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде толықтай орнықпаса, қоғамда терең бөлініс туындауы мүмкін. Тілдің тағдыры технология, социология, демография және сыртқы факторлар әсерімен ұсақталып, бөлшектенуі ықтимал. Алда талай жанданыс-толқыныстар болады деп ойлаймын.

Тіл мәселесін шешу қаржылық және институционалдық қолдауға тікелей байланысты. Қазақ тілінің болашағы ұранда емес, нақты қаржылай инвестиция мен сапалы контент, цифрлық өнім, білім және медиа арқылы жүзеге асады. Егер Қазақстанның ЖІӨ-сінің 0,15%-ын қазақ тілін толыққанды мемлекеттік тіл ретінде нығайтуға бағыттасақ, бұл әділ әрі шынайы нәтиже болар еді. Ал билік оған мүдделі ме?

– Егер осы үрдіс жалғаса берсе, билік пен қоғам арасындағы сенім дағдарысы қандай салдарға әкелуі мүмкін? Бұл дағдарысты кері бұруға мүмкіндік бар ма?

– Билік пен қоғам арасындағы сенім дағдарысы тереңдесе, оның салдары өте ауыр болуы мүмкін. Дегенмен, мен биліктің алдағы уақытта өз логикасына сай әрекет ететінін болжаймын. Азаматтық қоғамдағы және қазақ қоғамындағы белсенділік пен саналы реакция билікке айқын сигнал болды. Уақыт өте келе қазақ тілді қоғамның дауысы күшейеді. Менің алаңдаушылығым – саяси әдістер арқылы қоғамның ішкі бөлінісі мен рухани бірліктің әлсіреуі. Қазақ қоғамында саяси сауатты, көшбасшылық қабілеті бар, елдің ертеңіне алаңдайтын тәуелсіз тұлғаларды маргиналдандыру  әрекетіне сақтану керек деп бәрін ескертемін. Билік пен кейбір қоғам топтары арасындағы сенім аздығы тереңдеп кетпеуге саяси элита та мүдделі.   

Қалай болғанда да, жаңа конституциялық өзгерістер мемлекеттің тиімді даму моделіне өтуге жол ашар деп үміттенемін. Сонымен бірге қазақ қоғамы өз бірлігін сақтап, шынайы саяси-экономикалық мүдделер мен құқықтары үшін көзі ашық әрі белсенді болуы қажет. Ал билік осы динамиканы назарға алып, халықтың жасампаз энергиясын біріктіріп, жақсы бағытқа жұмсауы тиіс.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 12:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары