Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби пианист жайлы не білесіз?

Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби пианист жайлы не білесіз?

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақ музыка мәдениетінде аты жиі аталмайтын, бірақ ізі терең қалған тұлғалар бар. Солардың бірі – алғашқы кәсіби пианист-композиторлардың бірі, ұлттық фортепиано мектебінің негізін қалаған Нағым Меңдіғалиев. Қазақтілді ақпараттық кеңістікте ол туралы мәлімет аз болғанымен, оның музыкадағы рөлі мен шығармашылық мұрасы ұлт мәдениетінің маңызды бөлігі болып қала береді. 

Нағым Меңдіғалиев шығармашылығы – қазақтың дәстүрлі дыбыстық ойлау жүйесі мен еуропалық кәсіби музыка мектебінің тоғысуының нәтижесі. Ол ұлттық музыкалық интонацияны рояль тілінде сөйлете білген санаулы өнерпаздың бірі еді. Композитордың шығармалары қазақтың кең тынысты әуенін, дала кеңістігінің үнін, фольклорлық интонациясын классикалық формада бейнелеуге бағытталды. Зерттеуші А.Нусупова бұл туралы былай деп жазады: зерттеуші А.Нүсіпова Нағым Меңдіғалиевтің шығармашылық тұлғасын былай сипаттайды:

«Нағым Меңдіғалиев республика мәдениеті тарихына алғашқы кәсіби қазақ пианисі ретінде енді. Оның әмбебап дарындылығы табиғилығымен және музыкалық тілдің айқын этникалық компоненттерімен ерекшеленетін жаңа ұлттық пианизм түрінің қалыптасуына негіз болды. Композитор еуропалық жанрлар мен формаларды, әсіресе фортепианолық концерт жанрын меңгерген алғашқылардың бірі болды (оның бес концерті бар). Бұл жанрға жүгінуі орындаушылық тәжірибенің сұранысымен, ұлттық симфониялық оркестр мен жеке аспапшылардың концерттік репертуарын байыту қажеттілігімен байланысты еді».

Нағым Меңдіғалиевтің шығармашылық әлемі – ұлттық рух пен еуропалық музыкалық ойлаудың үйлескен тұсы. Ол кәсіби композитор және орындаушы ретінде қазақтың фольклорлық әуендерін академиялық формада өңдеп, жаңа көркемдік тіл қалыптастырды. Ашық дереккөздерге сүйенсек, Н.Меңдіғалиев (1921-2006) бүгінгі БҚО дүниеге келген, 1949 жылы Алматы консерваториясын тәмамдаған. Ал оның шығармалары — қазақ музыкасының еуропалық сахнаға шығуына жол ашқан мәдени көпір болды.

Композитор бірнеше фортепианолық концерт жазды, олардың әрқайсысы өзіндік ұлттық бояуға ие. Оның стилінде қазақ күйінің құрылымдық логикасы мен рояльдің кең мүмкіндігі ұштасқан. Осы тұрғыдан алғанда, оның ең танымал шығармаларының бірі – «Домбыра туралы аңыз» ерекше мәнге ие. Бұл шығармада рояль домбыраның үнін «қайта сөйлетеді», яғни аспаптың тембрі мен интонациясы фортепиано арқылы жаңаша естіледі.

Жазушы әрі композитор Ілия Жақанов «Жұлдыз» журналындағы бір мақаласында бұл туынды жайлы былай деп еске алады:

«Мен де пианиспін ғой, сол «Домбыра туралы аңыз» атты шығармасы қалай туды, білмеймін. Оны Нағымның өзінен сұрасаң тек жымияды да қояды. Көре алмайтын әріптестері Нағымның сол өз шығармасын өзіне қимайды. Өмірде бәрі бола береді. Нағымды толқытқан – Домбыра! Солай... Нағымның роялі – домбыра! Рояльдің домбыра боп “сөйлеуін” кім естіп, білген?» Чудо! Нағымның   «Домбыра туралы аңызы» келе-келе Святослав Рихтер, не Ван Кливерн болмысындағы небір асқақ сезімді пианистерді қазақ күйіне еріксіз елітіп, үйірілтеді, әлі.

Бұл естелік Н.Меңдіғалиевтің ішкі шығармашылық табиғатын дөп сипаттайды. Оның музыкасы – акустикалық ұқсастық қана емес, дүниетанымдық байланыс: домбыра мен рояльдің үндестігі қазақ рухының заманауи көрінісіне айналған деп түсінеміз.

Н.Меңдіғалиевтің замандастарының айтуынша, оның фортепианоға арналған шығармаларында тек еуропалық форма емес, қазақ даласының тынысы, табиғи ырғақ пен философиялық байсалдылық сезіледі. Кейбір зерттеушілердің дерегінде атап көрсетілгендей, оның музыкалық тілі «пластикалық, образды, ұлттық интонациялық өрнектерге бай». Мұндай ерекшелік Меңдіғалиевті кеңестік кезеңдегі басқа композиторлардан даралап, қазақ симфонизмі мен аспаптық орындаушылық мәдениетінің дамуына үлкен серпін берді.

Композитор ұзақ жылдар бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында фортепиано кафедрасында сабақ берді. Ол кәсіби деңгейі жоғары педагог ретінде көптеген жас музыканттың шығармашылық қалыптасуына ықпал етті. Сол шәкірттерінің бірі, бүгінде профессор атанып, күйшілік өнерде өзіндік орын қалыптастырған Айтжан Тоқтағанның мына бір естелігін өз аузынан естіп едік:

Бізде Нағым Меңдіғалиұлы жалпы фортепиано сабағынан берді. Басқаларына қайдам, қазақ балаларына ерекше қарайтын. Барлығы бірдей дұрыс ойнамайды ғой, соның өзінде көмектесіп, емтихан уақытында жақсы баға қойып беретін. Кафедрадағы басқа мұғалімдермен де сөзге келіспей қалатын кейде осы ісі үшін. Бірақ қазақ студенттеріне деген қамқорлығы жақсы еді.

Нағым Меңдіғалиевтің шығармашылық мұрасы қазақ музыкасының кәсіби даму тарихында ерекше орын алады. Ол камералық, симфониялық және фортепианолық жанрларда еңбек етіп, ұлттық интонацияны еуропалық формаға енгізе білді. Композитордың ең танымал туындыларының қатарында «Домбыра туралы аңыз» поэмасы және фортепианоға арналған «Елімай» мен «Қараторғай» тақырыптарына жазылған вариациялар бар.

Оның шығармалары кең ауқымды жанрларды қамтиды: хор мен оркестрге арналған «Далалық комиссар» кантатасы (Қ.Бекхожиннің сөзіне, 1970), симфониялық оркестрге арналған «Дала» (1964) және «Толқын» (1971) поэмалары; фортепиано мен оркестрге арналған үш концерт (I 1959, II 1967, III 1976). Сонымен қатар  камералық аспаптарға арналған көптеген туындылар жазған: кларнет пен оркестрге арналған Сюита (1955), скрипка мен фортепианоға арналған Сюита (1965), виолончельге арналған Романс (1964), ал фортепианоға арналған Соната (1956), Он миниатюра (1959), Балалар сонатинасы (1960), Домбыра туралы аңыз (1967) және балаларға арналған 12 пьесасы (1966) – жас орындаушыларға арналған бағалы репертуар болып саналады.

Композитордың вокалдық шығармалары да мазмұнға бай: Абайдың өлеңдеріне жазылған романс циклы (1968), қазақ ақындарының сөздеріне арналған хор сюиталары мен әндер, сондай-ақ драма спектакльдерге арналған музыка. Осындай сан қырлы шығармашылық ізденіс оның тұлғасын композитор, педагог және жаңашыл ой иесі ретінде толық танытады.

Нағым Меңдіғалиев – қазақ музыкасының тарихында дәстүр мен кәсібилікті тоғыстырған буынның өкілі. Оның мұрасы – ұлттық әуеннің рояль тілінде жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа жетуінің көрінісі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 10:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары