Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Мұхтар Шахановтың 33 авторлық әні жайлы не білесіз?

Мұхтар Шахановтың 33 авторлық әні жайлы не білесіз?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мұхтар Шахановтың өмірден өтуі қазақ мәдениеті үшін орны толмас қаза тапты. Бірақ ақын артында мол рухани мұра қалдырды. Оның поэзиясы мен азаматтық ұстанымы кеңінен зерттеліп келеді. Ал осы мұраның бір қыры  автордың өзі жазған әндері болса, көп жағдайда жеке қарастырылмай, жалпы шығармашылығының көлеңкесінде қалып жатады. Сондықтан біз бүгін Мұхтар Шахановтың ән мұрасына арнайы тоқталуды мақсат еттік. Әрине, көпшілікке оның басқа композиторлармен, әсіресе Шәмші Қалдаяқовпен бірлесіп жазған әндері жақсы таныс. Дегенмен, бұл жолы біз тек сөзі де, әуені де ақынның өзіне тиесілі авторлық әндеріне шолып өтуді жөн көрдік.

Мақалада қарастырылған әндер «Мұхтар Шахановтың әндері мен жұрт жатқа айтып жүрген жырлары. Өз ана тілінде сөйлемеу мен ойламаудың жазасы» (Алматы: 2016) жинағынан алынды. Жинақты құрастырушылар: Сәуле Ахметова, Шәкизада Сүлейменова, Зәмзәгүл Әубәкір. Осы материалға сүйене отырып, әндерді хронологиялық емес, тақырыптық жүйе бойынша топтастырып, мазмұндық тұрғыдан таныстыруды тиімді деп есептедік.

Әуелі жоғарыда аталған жинақтың алғы сөзінде композитор Қалдыбек Құрманәлінің Шахановтың әндері туралы аса қызықты талдауына назар аударсақ: 

Тақырыптық-мазмұндық жан-жақтылығымен қатар Шаханов әндері – өзгеше саздылығымен, өте күрделілігімен ерекшеленеді. Қазақтың дәстүрлі 7-8 немесе 11-12 буынды қара өлеңі мен дәстүрлі әнінің қалбына еш сыя бермейді. Айталық, «Махаббат елі» әнінің негізгі шумақтары 14, ал «Желтоқсан тағылымында» 15 буынға дейін жетеді. Керісінше, өзінің аға-досы Шыңғыс Айтматовқа арналған «Ерлер достығы» атты өлеңінің шумағы – бар-жоғы 6-7 буын, ал қайырмасының алғашқы қатары 13 буынмен басталып, сосын 10, 8, 6, ақырында 2 буынмен аяқталып...

... Шаханов әндерінің шарықтай басталып, лезде бәсең өшіп кететін, артынша қалт кідіріп, шалт бұрылатын, оқыс қайта өрлей жөнелетін қайырмалары 9-10 қатарға дейін жетіп жатады. Әсіресе, «Баба Түркістан», «Ерлікке шақыру», «Жұбайлар жыры» тәрізді әндердің қайырмалары, тіпті өзгеше – екі-үш қатарлық бірнеше бөліктен сатылана құралады. Қайырманың ішінен бөлек қайырмалар жасала беретін мұндай күрделі стиль өте сирек кездеседі.

Әрине, осындай қым-қиғаш ырғақты, ию-қию иірімді әуендерге дәл келетін мәтін жазу да оңай емес. Мұханың әдетте өз әндеріне өзі мәтін жазатыны, дәлірек айтқанда, автор көкейінде ән мен өлеңнің қатар туатыны бұл процесті жеңілдетіп қана қоймай, саз бен сөздің өзара үйлесімін де нығайта түседі. Жасыратыны жоқ, кейбіреулер ақындардың дайын өлеңіне мәтін мазмұнына сай келе бермейтін, кейде тіпті қарама-қайшы әуен шығарып, әбден былықтыратыны бар. Ал Шаханов әндерінде музыка қанша өлең ырғағымен өзара кірігіп, біте қайнасып жатады, – деп жазады Қалдыбек Құрманәлі.

Махаббат пен лирика. Бұл топқа махаббат, сезім және жастық кезеңге қатысты әндер біріктіріледі. «Мен саған ғашық едім», «Мен сені кінәламаймын», «Махаббат елі», «Махаббаттың жазылмаған заңы», «Құпия арман», «Тасада өскен гүл» әндерінде жеке адамның ішкі күйі, сезім драмасы, қарым-қатынас күрделілігі көрініс табады.

Сонымен қатар «Қызғалдақ дәурен» мен «Гүлдәурен» шығармаларының орны бөлек.  Мұнда махаббат тақырыбы жастық шақпен тікелей байланыста беріледі. Жастық кезеңнің өткіншілігі, сол дәуреннің эмоционалдық бояуы, өткенге деген іштей оралу сарыны негізгі мазмұнға айналады. Бұл топтағы әндерде өнер иесінің ішкі толғаныс басым.

Бұл топтамада «Жұбайлар жыры» мен «Туған күн кешінде» әндерінің орны ерекше. Олар жалпы махаббат тақырыбындағы шығармалардың ішінде бөлек көрінеді және жеке атап өтуді қажет етеді.

Азаматтық үн. Азаматтық мазмұндағы әндер Шахановтың авторлық мұрасының өзекті бөлігін құрайды. «Қазақ тілі», «Рух пен тіл», «Желтоқсан тағылымы», «Арал қасіреті», «Мәңгүрттенбеу марсельезасы», «Жаңа қазақтар» сияқты шығармаларда ұлт, тіл, тарихи жад, қоғамдық сана мәселелері көтеріледі. Осы қатарға «Жігіттер», «Ерлікке шақыру», «Ата суреті алдында», «Отан анаға тағзым» әндері де кіреді. Бұл туындыларда үндеу, тәрбиелік бағыт, ұрпақ алдындағы жауапкершілік идеясы айқын байқалады.  Бұл топтағы әндердің негізгі өзегі  қоғамдық ой мен ұлттық сана деуге болады.

Тарих пен тұлға. Бұл бағыттағы әндерде өнер иесінің жаңа қыры көрсетілетіндей әсер қалдырады.  «Ерлер достығы (Шыңғыс Айтматовқа)»  пен «Эр Манастың елинде» (ән қырғыз тілінде) шығармалары бауырластарға құрмет пен рухани жақындықты білдірсе, «Отырар қамалы» және «Отырар кітапханасы» тарихи тақырыпты көркем формада жеткізеді. 

Өмір және ой. Бұл топтағы әндерде уақыт, тағдыр, өмір мәні туралы ойлар алдыңғы қатарға шығады. «Ғұмырдария», «Тағдырдың бұралаң жолдарында», «Байлық пен бақыт», «Елді сағыну» шығармаларында адамның өмір жолы, рухани ізденісі, құндылықтар жүйесі бейнеленеді. Сонымен қатар «Алматыдан аттанарда» әні де осы қатарға жақын. Бұл әндерде нақты оқиғадан, жалпы өмірлік ой-толғамдар басым деуге болады. 

Мұхтар Шаханов әндерінің хронологиялық тізбегі:

«Қызғалдақ дәурен» — 1966 жылы шыққан.

«Пойыз кетіп барады» — 1968

«Гүлдәурен» — 1969

«Туған күн кешінде» — 1970

«Мен саған ғашық едім» — 1970

«Махаббаттың жазылмаған заңы» (Сейхундария дастанынан) — 1970

«Тасада өскен гүл» — 1970

«Жұбайлар жыры» — 1972

«Қазақ дастарқаны» — 1972

«Құпия арман» — 1974

«Ата суреті алдында» (Махаббат заңы атты спектакльден) — 1974

«Ғұмырдария» — 1976

«Махаббат елі» — 1976

«Мен сені кінәламаймын» — 1976

«Жігіттер» — 1979–1983

«Ерлікке шақыру» — 1980

«Елді сағыну» — 1981

«Алматыдан аттанарда» — 1984

«Отан анаға тағзым» — 1988

«Желтоқсан тағылымы» — 1990

«Арал қасіреті» — 1990

«Тағдырдың бұралаң жолдарында (ақынның сағынышы)» — 1992–2014

«Эр Манастың елінде»  — 1994 (Бішкек)

«Ерлер достығы (Шыңғыс Айтматовқа)» — 1996

«Жаңа қазақтар» — 2000

«Баба Түркістан» — 2000

«Отырар қамалы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы атты драмадан) — 2000

«Отырар кітапханасы» — 2003

«Байлық пен бақыт» — 2003

«Рух пен тіл» — 2005

«Мәңгүрттенбеу марсельезасы» — 2007

«Наурыз парасаты» — 2009

«Қазақ тілі» — 2010

Мұхтар Шахановтың авторлық әндері оның шығармашылығының жеке бір арнасы ретінде әлі де толық зерттеліп болған жоқ. Бұл әндерде поэзия мен әуен біртұтас формаға айналып, автордың азаматтық ұстанымы, лирикалық сезімі және философиялық ойы қатар көрініс табады. Соған қарамастан, бұл бағыт көбіне оның жалпы ақындық мұрасының аясында ғана қарастырылып, арнайы нысан ретінде жүйелі талдауды қажет етеді.

Бұл жазбамызда қарастырылған 33 ән 2016 жылы жарық көрген жинақ негізінде ұсынылды. Алайда бұл жинақ Шахановтың ән мұрасын толық қамтиды деп айтуға негіз жоқ. Соңғы он жылдықта автор тарапынан жаңа әндердің жазылуы немесе бұрынғы туындылардың қайта өңделуі мүмкін екендігін де ескеру қажет. Осы тұрғыдан алғанда, ақынның авторлық әндері әлі де қарастырылып, алдағы уақытта толықтыру мен нақтылауды қажет етеді.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп,  Аikyn.kz   сайтына    белсенді  гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 21:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары