Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Аурухана мен емхана басшыларының кәсіби деңгейі тексерілуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Қазақстанда Президент тапсырмасы бойынша кешенді әскери реформа басталды

Қазақстанда Президент тапсырмасы бойынша кешенді әскери реформа басталды

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мақұлданған Әскери реформа жоспарын жүзеге асыру басталды. Өзгерістер Қарулы күштердің құрылымын, әскери басқару жүйесін, әскерлердің даярлығын, әскери қызмет өткеру тәртібін және әскери қызметшілердің құқығын қорғау мәселелерін қамтиды.

Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық тұрғыдан дамыған армия қалыптастыру міндетін қойды. Бұл ретте әскери қызметтің қауіпсіздігіне, командирлік мәдениетке және мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалануға ерекше назар аударылады.

Қарулы күштердің құрылымы мен құрамы, қорғанысты жоспарлау, жұмылдыру дайындығы және резервті қалыптастыру жүйесі сынды армияның негізгі құрамдас бөліктерін жетілдіру жоспарланып отыр.

Технологиялық қайта жарақтандыру отандық қорғаныс өнеркәсібін дамытумен, оның ішінде ұшқышсыз құралдарға қарсы іс-қимыл құралдарын өндірумен, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді енгізумен қатар жүзеге асырылмақ.

Әскерлердің дайындық сапасын арттыру және әскери оқу-жаттығуларды өткізуге жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында ұрыс қимылдарын модельдеуге мүмкіндік беретін симуляциялық бағдарламаларды енгізу көзделіп отыр. Енді әскери қызметшілердің жаңа тактиканы меңгеруін, заманауи қару-жарақ үлгілерін қолдануын ескере отырып, олардың өз бетінше де, бөлімшелер құрамында да сенімді әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Негізгі өзгерістердің бірі – мерзімді әскери қызметтің екі кезеңді моделіне көшу. Алғашқы алты айда бір шақырылымдағы сарбаздар оқу орталықтарында болып, әскери қызметке бейімделеді, бастапқы әскери білім алады және дене дайындығын шыңдайды. Оқу үдерісі аясында сарбаздар тіл үйреніп, жасанды интеллектіні пайдалану дағдыларын дамыта алады. Сонымен қатар әскери қызметшілер әскери мамандықтармен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие азаматтық жұмысшы кәсіптерін де меңгере алады.

Келесі алты айда әскери қызметшілер әскери бөлімдерде қызмет атқарып, жауынгерлік даярлығын жетілдіріп, бөлімше құрамында қойылған міндеттерді орындайды. Жаңа модельдің жекелеген элементтері «Sarbaz+» жобасы аясында сынақтан өткізілді. Екі кезеңді мерзімді әскери қызмет моделінің пилоттық жобасын 2027 жылы іске қосу жоспарланған.

Әскери қызмет өткеру жағдайларын жақсартуға және әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ әскери бөлімдердің қолбасшылығына тәуелсіз әскери кеңесшілер институтын құру көзделіп отыр. Олар әскери қызметшілерге қолдау көрсетіп, құқық бұзушылықтарды анықтауға және олардың заңды мүдделерін қорғауға көмектеседі.

Басым міндеттердің бірі – әскери қызметшілерді сапалы тамақпен және әскери киім-кешекпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар казармалар қорын, оқу нысандары мен әскери полигондарды жөндеу және қалпына келтіру де жоспарлануда.

Өзгерістер жастарды даярлау жүйесін де қамтиды. 2027 жылдан бастап «Жас қыран», «Жас ұлан» және «Жас сарбаз» кезеңдерін біріктіретін «Жас айбын» бірыңғай әскери-патриоттық даярлау жүйесін құру көзделген. Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, алғашқы көмек көрсету мен төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге үйрету мектептен басталмақ.

Жоспардың ұйымдастырушылық іс-шараларын жыл соңына дейін жүзеге асыру көзделген, ал негізгі тұжырымдамалық өзгерістер орта мерзімді перспективада іске асырылады. Қорғаныс министрлігі әскери реформаның жүзеге асырылу барысы туралы қоғамды тұрақты түрде хабардар етіп отырады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:29
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2026 21:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see145

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see143

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see134

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

22 Қазан 2026 23:06see132

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see132

Аурухана мен емхана басшыларының кәсіби деңгейі тексерілуде

22 Қазан 2026 22:30see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see122

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары