Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Елордада ауқымды алаяқтық жасады деп айыпталған 7 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, дейді Бас прокуратура.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 4 жыл бойы азаматтарды жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспана алуға, сондай-ақ тиімді шарттармен несие және қаржыландыру рәсімдеуге көмектесеміз деген желеумен алдап келген.
"Қылмыстық әрекеттеріне заңды сипат беру мақсатында күдіктілер кеңсе үй-жайларын жалға алып, коммерциялық ұйымдар құрған, қызмет көрсету туралы шарттар жасасып, кепілдік хаттар рәсімдеген", - дейді прокуратура.
Олар азаматтардың сеніміне кіру үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда ықпалды байланыстары бар екеніне сендірген.
Қылмыстық әрекеттер салдарынан 51 азамат жардап шегіп, келтірілген жалпы материалдық залал 413 млн теңгеден асты.
Айыпталушылардың әрекеттері екі бап бойынша сараланды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:108
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 11:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















