Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

Тәуелсіздікке бастар жол

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

новости на сайте Ак Жайык

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Жұлдызай кабинетінің тәжірибесі негізінде балабақшада инклюзияны дамытудың бірыңғай стандарты әзірленді

Жұлдызай кабинетінің тәжірибесі негізінде балабақшада инклюзияны дамытудың бірыңғай стандарты әзірленді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Жұлдызай» инклюзияны қолдау кабинеттері балаларға қажетті мамандардың көмегін балабақшадан шықпай-ақ алуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл бастама балалардың дамуындағы ерекшеліктерді ерте анықтап, оларға уақытылы қолдау көрсетуге, сондай-ақ ата-аналардың мамандар көмегіне қол жеткізуін жеңілдетуге бағытталған. Атырауда өткен республикалық семинар-практикумда осындай кабинеттердің бірыңғай жұмыс стандарттары таныстырылып, оларды еліміздің мектепке дейінгі білім беру жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды. Жаңа стандарттар елімізде балаларға ерте жастан қолдау көрсету жүйесін дамытуға негіз болмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

20 қазанда Атырауда «Ерте жастағы балаларды қолдау» атты республикалық семинар-практикум өтті. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен педагогтер, әдіскерлер, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында қатысушылар жобаның нәтижелерімен танысып, әзірленген стандарттарды мектепке дейінгі білім беру жүйесіне енгізудің практикалық мәселелерін талқылады.

Іс-шараны «BI Жұлдызай» корпоративтік қоры мен Атырау облысы Білім басқармасының Әдістемелік орталығына қарасты инклюзивті және арнайы білім беру бөлімі BI Group құрылыс компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектепке дейінгі жастағы балалардың 2,5 пайыздан астамы – дамуында ерекшелігі бар балалар. Олардың басым бөлігі жалпы деңгейдегі балабақшаға барады. Сондықтан баланың дамуындағы ерекшелікті ерте анықтап, оларға уақытылы әрі қажетті көмек көрсете алатын білікті мамандарға сұраныс артып келеді.

Осы қажеттілікті өтеудің бір жолы – «Жұлдызай» инклюзияны қолдау кабинеттері. Мұндай кабинеттер екі жылдан бері үш балабақшада жұмыс істеп келеді. Онда ай сайын 60-қа жуық бала логопед, психолог, дефектолог және бейімдік дене шынықтыру мамандарының көмегін алады.

Жинақталған тәжірибе бірыңғай стандартты әзірлеуге негіз болды. «BI Жұлдызай» қорының командасы бұл құжатты бір жылдан астам уақыт бойы дайындаған. Стандартта балалардың даму ерекшеліктері мен жеке қажеттіліктерін ескере отырып, әрқайсысымен жұмыс жүргізуге арналған әдістемелік ұсыныстар мен кезең-кезеңімен орындалатын нұсқаулықтар қамтылған.

«Жұмысымыздың алғашқы нәтижелері қуантып отыр. Әсіресе, балалардың жетістіктерін көргенде ерекше марқайып қаламыз. Тіпті, алғаш тілі шыға бастаған кейбір тәрбиеленушілерімізге арнап, дәстүрлі «Тілашар» рәсімін өткіздік. Жаңа стандартты енгізу арқылы бұдан да көп балаға қолдау көрсетіп, олардың дамуына үлес қоса аламыз деп сенеміз», – дейді «Жұлдызай» оңалту орталығының директоры Айкерім Кудеринова.

Мұндай тәсілдің тиімділігін инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істейтін балабақшалардың басшылары да растап отыр.

«Инклюзияны қолдау кабинеті балалар үшін де, ата-аналар үшін де үлкен мүмкіндік. Көптеген ата-ана күндіз жұмыс істейді, сондықтан баласын логопедке, психологке немесе басқа мамандарға апаруға үнемі уақыты бола бермейді. Осындай кабинеттердің арқасында балалар қажетті көмекті балабақшада ала алады», – деді №29 «Нұрсая» бөбекжай-бақшасының директоры Салтанат Жеңісқызы.

Бұл осындай кабинеттер ашуды жоспарлап отырған балабақшалар үшін жұмысты ұйымдастырудың дайын үлгісі. Нақты айтсақ, балаларға қолдау көрсетудің ортақ тәртібі айқындалып, әр өңірдегі балабақшаларда көрсетілетін көмектің сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Инклюзивті білім беруді дамыту – ерекше қажеттіліктері бар балаларға көп жылдан бері қолдау көрсетіп келе жатқан «BI Жұлдызай» қоры қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Қордың жобалары BI Group компаниясы қызметкерлері мен акционерлерінің тұрақты жарналары есебінен жүзеге асырылады.

«Біздің компания 22 жылдан бері «Жұлдызай» қорына қолдау көрсетіп келеді. Біз үшін бұл жай ғана әлеуметтік жауапкершілік емес, компания философиясының бір бөлігі. Осындай бастамалардың арқасында балаларымыздың бақытты болашағына бірге жағдай жасап келеміз», – деді BI Group қызметкері Сержан Мағыпаров.

Балаларға ерте жастан жан-жақты қолдау көрсету олардың дамуына оң әсер етіп қана қоймай, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге де көмектеседі. Дер кезінде көрсетілген көмек баланың бойындағы қабілеттерді дамытуға, қоршаған ортаға бейімделуіне және қоғам өміріне белсене араласуына ықпал етеді. Ал бірыңғай стандарттарды мемлекеттік деңгейде енгізу еліміздің барлық өңіріндегі балаларға қажетті мамандардың көмегін қолжетімді етуге жол ашады. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:58
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 11:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see144

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

21 Қазан 2026 11:52see141

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

21 Қазан 2026 14:45see138

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

21 Қазан 2026 14:49see136

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see135

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see134

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see133

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see127

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

21 Қазан 2026 16:58see125

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

21 Қазан 2026 15:58see123

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see122

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

21 Қазан 2026 16:12see122

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

21 Қазан 2026 14:36see120

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see119

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see119

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see119

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see117

новости на сайте Ак Жайык

21 Қазан 2026 13:58see116

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

21 Қазан 2026 22:46see112

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары