Қара гүл : тағдыр сынағына мойымаған ана
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Кейде адамның бүкіл өмірін өзгерту үшін бір ғана оқиға жеткілікті. Кеше ғана бақытты отбасының мүшесі болып жүрген жан ертеңіне мүлде басқа әлемде оянуы мүмкін. Ал жылдар бойы сеніп келген адамыңның құпиясы ашылғанда, өткен өміріңе деген көзқарасың да түбегейлі өзгереді.
«Астана» телеарнасы ұсынып отырған «Қара гүл» телехикаясы дәл осындай тағдырлар тоғысын баяндайды. Танымал түрік туындысының басты кейіпкері Ебру үшін өмірдің үйреншікті арнасы отағасының Халфети қаласында із-түзсіз жоғалуынан кейін өзгереді. Отбасының қаржылық қиындықтарға тап болуы оны балаларымен бірге күйеуінің туған жеріне баруға мәжбүр етеді. Ол жақта Ебруды бірқатар сынақтар күтіп тұрған еді.
Алдымен, күйеуінің өткен өміріне қатысты өзі білмеген жайттарға тап болады. Бір кездері өмірден өтті деп ойлаған тұңғыш ұлының тірі екенін білуі оның ішкі жан дүниесін астаң-кестең етеді. Жылдар бойы жасырылып келген бұл құпия үлкен әулет мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты қиындата түседі.
Енді Ебру алдында екі үлкен міндет тұрады: шындықтың түбіне жету анықтау және балаларын аман сақтап, отбасын қайта біріктіру. Бірақ оның жолында өз мүддесін бәрінен жоғары қоятын адамдар, ескі өкпе-реніштер мен отбасының беделін сақтауға тырысқан күштер бар.
Шытырман түрік драмасы көрерменді бейжай қалдырмайды. Телехикаяны 26 қазаннан бастап күн сайын сағат 20.00-де «Астана» телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Көрілімдер:76
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 11:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы
Байланыс








Ең көп оқылғандар


















