Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

Тәуелсіздікке бастар жол

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

новости на сайте Ак Жайык

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгертті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгертті

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жұмада, 23 қазанда, Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Мөлшерлеме жылдық 16,25 пайыздан 15,75 пайызға дейін төмендетілді, дәліз +/- 1 пайыздық тармақты құрайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Базалық мөлшерлеме: Ұлттық банктің басты тетігі қалай жұмыс істейді?

Базалық мөлшерлеме – бұл Ұлттық банк белгілейтін елдегі "ақшаның негізгі құны".

Дәл осы көрсеткішке қарапайым банктердің сізге қандай пайызбен несие беретіні және салымдарды қабылдайтыны тікелей байланысты.

Мұның қалай жұмыс істейтінін қарапайым тілмен түсіндірсек:

Мөлшерлеме көтерілсе: ақша "қымбаттайды". Несие пайыздары өседі, оны алу тиімсіз болады. Есесіне депозиттер бойынша пайыздар артып, ақша жинау тартымдырақ бола түседі. Соның салдарынан адамдар аз сатып алады, бизнес кеңеюін бәсеңдетеді, сұраныс төмендейді, нәтижесінде бағаның өсуі (инфляция) тежеле бастайды. Мөлшерлеме төмендетілсе: ақша "арзандайды". Несиелер анағұрлым белсенді алынады, адамдар көбірек шығын шығарады, ал компаниялар жаңа жобаларды іске қосады. Экономика жанданады, бірақ мөлшерден асып кетсе, бағалар қайтадан жоғары өрлейді.

Маңызды жайт: бұл тетік бірден іске қосылмайды. Оның әсері біздің әмиянымызға Ұлттық банктің шешімінен кейін бір жыл немесе бір жарым жыл өткенде ғана байқалады.

Ұлттық банктің шешімдері теңге бағамына қалай әсер етеді?

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеру немесе төмендету арқылы ұлттық валютаны жинақтарды сақтау үшін тартымды немесе тартымсыз етеді.

Валюта нарығы бұған қалай жауап береді:

Мөлшерлеме көтерілсе: теңгедегі салымдар өте табысты болады. Адамдар мен бизнеске доллар алу үшін айырбастау пунктеріне жүгіргенше, ақшаны теңгедегі депозиттерде ұстап, жоғары пайыздардан табыс табу тиімдірек. Валютаға деген сұраныс азайып, теңге бағамы нығаяды немесе кем дегенде құлдырауын тоқтатады. Мөлшерлеме төмендетілсе: теңгедегі салымдардың пайызы төмендейді. Егер теңге бойынша табыстылық тым азайып кетсе, халық пен компаниялардың бір бөлігі жинақтарын долларға немесе еуроға ауыстыра бастайды. Осыдан келіп шетелдік валютаға сұраныс артып, теңгеге қысым жасалады.

Бұл ретте базалық мөлшерлеме жалғыз фактор емес. Ұлттық валюта бағамына әлемдік мұнай бағасы, инфляцияның жалпы деңгейі, импортқа маусымдық сұраныс және әлемдік экономикадағы жағдай да қатты әсер етеді.

18-ден 16,25 пайызға дейін: 2026 жылы базалық мөлшерлеме қалай өзгерді?

2025 жылғы бірқатар өсімнен кейін (жыл басындағы 15,25 пайыздан қазанға қарай 18 пайызға дейін) реттеуші ұзақ үзіліс жасады.

2026 жылғы 23 қаңтарда Ұлттық банк мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтады жылдық 18 пайыз деңгейінде, +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен сақтап қалды. 6 наурызда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол тағы да бұрынғы жылдық 18 пайыз деңгейінде, +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен өзгеріссіз қалды. 24 сәуірде Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін қабылдап, оны бұрынғы деңгейде қалдырды. 5 маусымда Ұлттық банк кейінгі екі жылда алғаш рет базалық мөлшерлемені жылдық 18-ден 17 пайызға дейін төмендеткен болатын. 24 шілде мөлшерлеме қайта төмендетілді – жылдық 17 пайыздан 16,75 пайызға дейін. 4 қыркүйекте Ұлттық банк мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыздан 16,25 пайызға дейін төмендетті. Келесі шешім қашан болады?

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылына сегіз рет қайта қарайды. Келесі шешім 4 желтоқсанда қабылданады.

Бұл жолы сарапшылар Ұлттық банктің шешімін болжағаны туралы толығырақ сілтеме бойынша оқыңыз.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 12:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see144

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

21 Қазан 2026 14:45see138

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

21 Қазан 2026 14:49see136

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see135

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see134

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see133

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see127

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

21 Қазан 2026 16:58see126

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

21 Қазан 2026 15:58see123

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

21 Қазан 2026 16:12see122

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see122

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see121

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

21 Қазан 2026 14:36see120

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see119

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see119

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see117

новости на сайте Ак Жайык

21 Қазан 2026 13:58see116

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

21 Қазан 2026 22:46see112

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see111

Қысқы дөңгелектерге көшу уақыты келді: Қазақстанда полиция тексерулер бастады

22 Қазан 2026 23:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары