Түркістан облысында 111 млн долларға ет кластері құрылады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Түркістан облысының әкімдігі мен "Nurym Group" компаниялар тобы арасында ет кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру бойынша меморандумға қол қойылды.
Ауқымды агроөнеркәсіптік жоба өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін нығайтуға және жергілікті экономикаға инвестиция тартуға бағытталған.
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіТүркістан облысында 111 млн долларға ет кластері құрылады

Түркістан облысында 111 млн долларға ет кластері құрылады
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жобаның жалпы құны 111,1 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.
"Толыққанды ет кластерін қалыптастыру ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге және экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді Ауыл шаруашлығы министрлігі.
Жобаны қаржыландыру мен іске асырудың нақты шарттары жеке келісімдер арқылы айқындалады.
Шымкентте IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (Қазақстанның жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелі) өтті. Іс-шара аясында премьер-министр Олжас Бектеновке агроөнеркәсіптік кешенді қоса алғанда, түрлі салалардағы ірі инвестициялық жобалар таныстырылды. Олардың қатарында Carlsberg Group компаниясының алкогольсіз сусындар өндіретін зауыты мен Alsera компаниясының жылыжай кешенін салу жобасы бар.
KGIR-2026 жиынына әлемнің 40-тан астам елінен 500-ден астам инвестор мен бизнес өкілі қатысты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:39
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 12:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















