Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Ет экспортына шектеу Түркістан облысында да наразылық туғызды

Ет экспортына шектеу Түркістан облысында да наразылық туғызды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазіргі таңда Қазақстанда экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80 пайызы мен қой етінің 75 пайызы — Түркістан облысының еншісінде.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2025 жылы өңірден 30 мың тонна ірі қара мал еті мен 32 мың тонна қой еті шетел нарығына бағытталған.

Алайда ет экспортына қойылған қазіргі шектеулер облыстағы мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігіне кері әсерін тигізіп отыр.

Жаңа талаптарға сәйкес, экспортпен айналысу үшін фермердің кемінде 5 мың басқа арналған бордақылау алаңы мен жеке ет өңдеу кәсіпорны болуы тиіс. Бұл талап шағын және орта шаруашылықтардың экспорт нарығына шығу мүмкіндігін күрт шектеп отыр.

— Облыста экспорттық мүмкіндіктердің шектелуі ішкі нарықта ет өнімдерінің артық қорын қалыптастырып, шаруалар үшін өткізу нарығын тарылтып отыр. Соның салдарынан мал өсірумен айналысатын кәсіпкерлердің табысы төмендеген. Осыған қатысты соңғы айларда наразылықтар жиілеп отыр, — делінген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің бізге ұсынған жауабында.

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Мәселен, Сайрам ауданында мал бордақылаумен айналысатын кәсіпкер Абдурасул Сайданов ет экспортына қойылған шектеулердің салдары фермерлер үшін ауыр тиіп жатқанын айтады. Оның пікірінше, экспортқа тыйым салу экономикалық тұрғыдан негізсіз шешім болып отыр.

— Бұл шектеулердің салдарынан өңірдегі көптеген фермердің табысы айтарлықтай төмендеп, малды сатып алу бағасы күрт құлдырады. Өнімімізді өткізуде елеулі қиындықтар туындап отыр. Егер бұл жағдай ұзаққа созылса, алдағы уақытта ет тапшылығы туындауы әбден мүмкін, — деді кәсіпкер.

Сондай-ақ ол мал бордақылауға кететін шығындардың жылдан жылға артып келе жатқанын атап өтті.

— Мәселен, бір ірі қара малды ұстау үшін күн сайын жем-шөпке шамамен 1700 теңге көлемінде қаржы жұмсаймыз. Ал өнімді өткізу мүмкіндігі шектелген жағдайда, шаруалардың шығынын жабу барған сайын қиындап барады, — деді ол.

Ведомство мәліметіне сәйкес, бүгінде Түркістан облысында қуаты 1 000 бастан асатын 97 бордақылау алаңы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, 5 000 бастан жоғары 5 нысан және 10 000 бастан асатын 2 ірі бордақылау кешені бар. Аталған кәсіпорындардың жылдық жалпы өндірістік қуаты 90 мың тонна ет өндіруге жетеді. Бұл көрсеткіш өңірдің экспорттық әлеуетінің жоғары екенін аңғартады.

Осыған байланысты облыс әкімдігі ет экспортына қойылған шектеулерді алып тастау немесе оларды кезең-кезеңімен жеңілдету жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірнеше рет ұсыныс жолдаған. Алайда түбегейлі шешім әзірге қабылданған жоқ.

Kazinform тілшісінің сауалына жауап берген Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы департаментінің директоры Бағлан Аймырзаев бұл шектеулердің Үкіметаралық кеңестің шешімімен енгізілгенін атап өтті.

Оның айтуынша, экспортты квота арқылы реттеу — уақытша шара.

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

— Қолданыстағы шешімге сәйкес, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін 13 мың тонна ет экспортына квота белгіленді. Сонымен қатар, биыл жыл басынан ірі қара етін экспорттауға қосымша алты айға шектеу енгізілді, квотаның жалпы көлемі — 20 мың тонна. Бұл шаралар ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және мал шаруашылығын дамытудың стратегиялық міндеттерінен туындап отыр, — деді департамент директоры.

Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, ет өндірушілердің талап-тілектері ескеріліп, экспорттық шектеулерді кезең-кезеңімен азайту жоспарланып отыр. Сонымен қатар бұл мәселе Үкіметаралық кеңесте қаралмақ.

Бұдан бұрын шымкенттік кәсіпкерлер ет экспорттауда қиындыққа тап болып отырғанын жазған едік.  

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін сыртқа шығаруға қатысты жаңа шектеулерді қолдану тәртібін түсіндірді. 

Мұның алдында Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров пен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан ет экспортына салынған тыйымды жоюды сұраған еді.  

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 20:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары