Ет экспортына енгізілген шектеу қашан алынады Бектенов жауабы
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
- Сиыр етінің жаппай әкетілуін тоқтату және ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру мақсатында 2025 жылы Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен ірі қара мал етін еліміздің аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге 20 мың тонна көлемінде сандық шектеу (квоталар) енгізу мақұлданды. ВАК-тың шешіміне сәйкес, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту, ішкі нарықта ет тапшылығының алдын алу, сондай-ақ сиыр етінің бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 30 маусымға дейін ірі қара мал етін әкетуге сандық шектеу (квоталар) енгізілді, - деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Үкімет басшысы ет экспортын ұлғайту үшін квоталау тетігін түзету арқылы экспорттаушылар тізбесін кеңейту мәселесі пысықталып жатқанын айтады.
- 2027 жылдан бастап кредиттік құралдарды енгізу әсерін, мал басын көбейту мен бордақылау циклдарын, сондай-ақ ішкі нарықтың ет өнімдерімен қанығуын ескере отырып, экспортқа қатысты шектеу шараларын біртіндеп алып тастау көзделіп отыр. Бұл ретте ішкі нарықты басым тәртіппен қамтамасыз ету мақсатында ет экспорттаушылар үшін экспортталатын көлемнің кемінде 15 пайызын ішкі нарыққа жеткізу жөніндегі қарсы міндеттемелерді енгізу көзделеді. Аталған тәсіл ішкі сұранысты қамтамасыз етуге басымдық беріп, экспорттық жеткізілімдерді жүйелі түрде арттыруға мүмкіндік береді, - деді Премьер-министр.
Бұған дейін ет экспортына шектеу Түркістан облысында наразылық туғызғанын жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 16:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















