Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбаны болып, 2 млн теңгеден астам шығынға ұшырады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қорғалжын ауданының тұрғыны мал шаруашылығын дамытуға арналған қайтарымсыз кредит туралы хабарландыруға сеніп, алаяқтардың арбауына түскен. Алайда уәде етілген қаржылай көмектің орнына ол қомақты қарызға батқан.
"25 қыркүйекте әйел Instagram әлеуметтік желісінен мал шаруашылығын дамытуға 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз кредит беру туралы хабарландыруды көрген. Ұсынысқа қызығушылық танытып, тіркелгеннен кейін көп ұзамай өзін қаржылық кеңесші ретінде таныстырған әйелмен байланысқа шыққан", – дейді полиция.
Күдікті уәде етілген соманы алу үшін алдымен банк қосымшасы арқылы 2 млн теңгеге тауарлық кредит рәсімдеу қажет екенін айтқан. Кейін толық көлемде кредит алған соң ақшаны қайтарып беруге уәде еткен.
Алаяқтың сөзіне сенген жәбірленуші оның барлық нұсқауын орындап, рәсімделген кредит қаражатын белгісіз тұлғалардың банк деректемелеріне аударған.
Салдарынан ақмолалық әйел 2 млн теңгеден астам шығынға ұшырады. Ал оған уәде етілген қайтарымсыз кредит берілген жоқ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:106
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2026 17:59 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















