Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд әуежайында болған кезекті жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Al Arabiya English басылымына сілтеме жасап.
БАҚ-тың Сауд Арабиясының Азаматтық авиация бас басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, 11 қазанда әуежайға жасалған шабуыл салдарынан Пәкістан азаматы қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алып, ауруханаға түскен.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Бейнежазбадан жолаушылардың ұшу аймағындағы кезекте тұрғанын көруге болады. Осы сәтте әуежайда жойқын жарылыс болып, адамдар жан-жаққа үрейлене қаша бастайды.
Тағы бір камера Эр-Рияд әуежайындағы күту залындағы шабуыл сәтін тіркеп алған.
Мән-жайы
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Сенбі күні Сауд Арабиясының Азаматтық авиация бас басқармасы Эр-Рияд халықаралық әуежайына жасалған зымыран шабуылынан 12 адамның қаза тапқанын және 309 адамның зардап шеккенін мәлімдеді. Хуситтерге қарсы араб коалициясының өкілі Турки әл-Малики бұл шабуылға Йемендегі аталған қозғалысты айыптап, бұл әрекеттің қатаң жауапсыз қалмайтынын жеткізді.
Қазақстан СІМ Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарға байланысты мәлімдеме жасады. Министрлік хусит көтерілісшілерінің Сауд Арабиясының азаматтық нысандарына жасаған және адам шығынына әкеп соқтырған шабуылдарын қатаң айыптады.
Йемендегі хусит көтерілісшілеріне қарсы коалиция өкілі Турки әл-Малики Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясының Эр-Рияд әуежайына жасалған шабуылды жауапсыз қалдырмайтынын мәлімдеді. Ресми мәлімет бойынша, шабуылдан 12 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:103
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2026 10:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















