Саяхаттағы жаңа супер аялдамадан жаңбырдан кейін су ақты Алматы әкімдігі не деп жауап берді
Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Жаңбырдан кейін "Саяхат" маңындағы жаңа аялдамалардың бірінен су аға бастады. Үш көліктік-аялдама кешені бюджетке 1 миллиард 658 миллион теңгеге түсті, ал олардың құрылыс мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілген болатын. Tengrinews.kz ақауды енді кім және кімнің есебінен жөндейтінін анықтады.
"Бар болғаны бір жаңбыр": алматылықтар нені байқады?
Алматыдағы соңғы жауын-шашыннан кейін әлеуметтік желілерде "Саяхаттағы" жаңа аялдама кешеніне қатысты шағым пайда болды. Жазба авторы су болған перрон мен шатырдан аққан судың іздерін көрсеткен.
"Бар болғаны бір жаңбыр. Міне, "Саяхаттағы" жаңа аялдама кешені. Ол жерге тіпті автобустар тоқтап жатқан жоқ, бұл жағы әлі пайдалануға берілмеген, бірақ қазірдің өзінде су ағып тұр", – деп жазды желі қолданушысы.
@mariano_ottawa есімді қолданушы жазбасының скриншоты
Жобаның тапсырыс берушісі – Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы, ал бас мердігер – "Golden City DS" ЖШС. Басқарма нысанның пайдалануға берілгенін хабарлады.
"Мердігер ұйымға су ағуын тоқтату бойынша қажетті жұмыстарды жүргізу және нысанды тиісті техникалық жағдайға келтіру осы жылдың 20 қазанына дейін дейін орындау тапсырылды", – деп хабарлады басқарма.
Сондай-ақ басқарма нысанның кепілдік мерзімі жеті жыл екенін нақтылады.
1,6 миллиард теңгенің "супер аялдамалары""Саяхат" маңындағы көліктік-аялдама кешендерінің тарихы 2025 жылдың басында басталған. Сол кезде Райымбек даңғылының бойында ауқымды металл конструкциялар пайда болды, кейінірек билік мұның қалалық және қала маңындағы автобустарға арналған ірі аялдамалар екенін түсіндірді.
Сол кезде әкімдік бұл нысандардың болашақ BRT инфрақұрылымының бір бөлігі болатынын түсіндірген.
Ақпан 2025 жыл / Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
Бастапқыда жоба төрт кешенді қамтыды: "Қонаев", "Мерей" СОО, "Пушкин" және "Саяхат" автовокзалы. Кейін "Мерей" СОО жанындағы аялдама жобадан алып тасталды.
Бұған дейін "Саяхаттағы" үш аялдаманың жалпы құны бюджетке 1 миллиард 658 миллион теңгеге түскенін анықтаған едік. Бұл бір "супераялдама" үшін 550 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды деген сөз.
Анықтама: Бұл жол нысаны қаладағы ұқсас нысандардан айтарлықтай қымбат болып шықты. Мысалы, "Сәлем" көліктік-аялдама кешендері (екі жағын қосқанда) бюджетке 607 миллион теңгеге түссе, Қалқамандағы №7 қалалық аурухана жанындағы екі аялдама 916 миллион теңгені құраған.
Әр аялдамада астына бір мезгілде алты автобусқа дейін сыятын 50 метрлік шатыр орнату жоспарланған болатын. Қаладағы соңғы жаңбырдан кейін дәл осы шатырдан су аққан.
Сондай-ақ жобада интерактивті таблолар, аумақты абаттандыру және пандустар қарастырылған.
Мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілдіҚұрылысты бастапқыда 2025 жылдың үшінші тоқсанында аяқтауға уәде берілген.
Содан кейін мерзім 2025 жылдың 31 желтоқсанына, кейін – 2026 жылдың ақпан айының соңына ауыстырылды. Наурызда жұмыстар әлі де жалғасып жатты, әкімдік жаңа дедлайнды сәуір айы деп белгіледі.
"Пушкин" аялдамасы / 2026 жылдың мамыры / Фото: Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Алайда мамырдың аяғына қарай да кешендер толық біткен жоқ. Ол кезде жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы Tengrinews.kz-ке нысанның 90 пайызға дайын екенін, ал жұмыстардың аяқталуы маусым айына шегерілгенін хабарлады.
"Пушкин" аялдамасы / 2026 жылдың мамыры / Фото: Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Кестеден қалып қоюына байланысты мердігерге әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеле бастады.
"Саяхат автовокзалы" аялдамасы / 2026 жылдың мамыры / Фото: Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Қазір нысан жұмыс істеп тұр, бірақ жаңбырдан кейін мердігерге су аққан жерлерді қайта жөндеуге тура келеді.
Алматы жаңбырдан кейінЖаңа аялдамадағы ақау – қазан айындағы жауын-шашыннан кейін анықталған жалғыз мәселе емес.
6 қазанда Tengri Auto алматылықтардың жауыннан кейінгі жол жағдайына қатысты шағымдарын жинады. Қаланың әр түрлі аудандарында тұрғындар жаңадан төселген асфальттың шөгіп кеткенін, жолдардың шайылып кеткен тұстарын және шұңқырларға батып қалған көліктерді көрсетті. Мұндай жағдайлар, атап айтқанда, Нұрлытау мен Мамыр аудандарында байқалды.
Кейбір көшелерде жаңбырдан кейін үлкен көлшіктер пайда болып, көліктер езілген жол төсеміне батып қалған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:72
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2026 12:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















