АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. АҚШ армиясының отставкадағы подполковнигі Дэниел Дэвис X әлеуметтік желісінде Украинадағы қақтығыстың аяқталуға жақын қалғанын мәлімдеді.
Бұл туралы РИА новости жазды.
"Ресей мен Украина арасындағы соғыс өзінің соңғы кезеңіне өтіп жатқанға ұқсайды", — деп жазды Дэвис.
Сарапшының пікірінше, АҚШ президентінің Украинаға жаңа президент қажеттігі туралы жуырдағы мәлімдемелері, сондай-ақ Ресеймен дизель отынын жеткізу жөніндегі келісім Ақ үй басшысының Украинаға қолдау көрсетуден бас тартуға дайын екенін көрсетеді.
"Трамп қазір бұл соғыстан қисынсыз жолмен шығуға дайын сияқты және әскерді шығару процесі берекесіз өтуі мүмкін. Дегенмен, соғысты осылай аяқтау оны жалғастырғаннан гөрі артық", — деп түйіндеді Дэвис.
Сенбі күні АҚШ президенті тілшілерге Зеленскийдің Украинадағы қақтығысты шешуге көптеген мүмкіндігі болғанын, алайда оны пайдалана алмағанын айтты. Сол себепті, оның пікірінше, Украинаға жаңа басшы қажет. Кейінірек ол Украинада сайлау өткізуге шақырды. Бұған дейін Ресеймен дизель отынын жеткізу туралы келісім жасалған болатын, ал бұл қадам Киевте сынға ұшырады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2026 09:28 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















